kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жыл мерекелік кешіне Ғаламшар қонақтарының келуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

uyuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuuu

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл мерекелік кешіне Ғаламшар қонақтарының келуі»



5 орта мектеп











Жаңа жыл мерекелік кешіне

Ғаламшар қонақтарының келуі





Өткізген: 6 «в» Сальменова Г.Т.

5 «в» Князова Б.Б

5 «г» Қоңырбаева Л.Т.















2016-2017 оқу жылы



1-Жүргізуші:

 Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Келеміз ақ арманды арқаланып,

Сені күттік жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық!

2-жүргізуші:

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

 1-Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Биылғы жаңа 2017жылды қарсы алу мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.Бүгінгі мерекелік кешті көркін қыздырып, сәнін кіргізетін қатысушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық!

1-Жүргізуші:

5 «в» сыныбының өнерлі де, өнегелі оқушыларын қошеметпен қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Бүгінгі кешке ерекше дайындықпен келіп отырған келесі талантты да, өнерпаз сынып 5 «Г» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:

Мерекелік кешіміздің төрінен орын алатын сыныптардың үздігінің үздігі 6 «В» сыныбының өнерлі шәкірттерін қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Баршамыз бірге «Жаңа жыл» әнін бірге шырқалық!

Хор «Жаңа жыл»

1-жүргізуші:

Бекзат,міне тағы бір жыл тарих қойнауына жылжып барады. Кеше ғана Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен халқымыз Мешін жылы талай жетістіктер мен қатар биік белестерді бағындырды. Осынау 2016 жыл біз үшін, біздің сыныбымыз үшін де жаман жыл болмады емес пе? Қалай ойлайсың?

2-жүргізуші:

Ескі жылың есіркеп көкейімде 
Қимас шақтың бірі боп кала берсін! 

Ия, Мерей ендеше уақытты көп созбай Мешінмен қоштасатын уақыт та келіп жетті. Ендеше ортаға мешінді ортаға алайық! Ортамызға қош келдің, Мешін!

1-жүргізуші:

Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар.
2-жүргізуші:
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйіміз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Деген ниетпен ортаға 6-сынып оқушысы Оңайбекова Айзаттың орындауындағы әсем әнге берелік!

Ән «Жаңа жыл»

1-жүргізуші: Ойын «Мешін ізі»

(ойын шарты әр сыныптан бір ата ана қажет, сіздерге мешін табаны берілген, музыка біткенше, қиып үлгеру керек. Кім көп қиса, сол жеңіске жетеді.)

2-жүргізуші:

Ал енді айналып келгенше, Мешін сізге ақ жол!

Мешін:

Ал, енді құрметті бүгінгі кештің көңілді қатысушылары менің жылым сіздер үшін жаман болмаған секілді, алдағы уақытта жақсылықтарыңыз еселей түссін деген ниетпен уақыттыр жылжып, сағаттар сырғып, минуттар алға басуда. Рұқсат болса менің сіздермен қоштасайын. Қош сау болыңыздар!

Балалар хормен: Қош сау бол, МЕШІН!


1-жүргізуші:

Ал, достар, біз мешінмен қоштасып көңіл – күйіміз түспесін! Бұл әрине данышпан халқымыздың қалыптасқан жыл санауы бойынша мешіннің тарих бетіне еніп бара жатқаны баршамызға аян.

2-жүргізуші:

Әрине біз келесі жаңа жыл иесін қарсы алуға арнап, өз өнерімізді ортаға салуға жиналдық емес пе! Олай болса, көңілімізді көтеріп келесі өнерпаздардың биін тамашалайық!

Би. «Хип Хоп»

Монтаж

1-жүргізуші:

1.Армысың, аманбысың Жаңа жылым

Жаңа жылым, о менің жаңа жырым

Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт, ырысым

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Кел Жаңа жыл,төрле, төрле жеріме,

Құт, береке боп келгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

2 Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ізгілік,бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып береке бер халқымызға,

Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышты келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

3Мерекеміз жаңа жыл,

Тойында қызық думан бар!

Жаңа жыл-бұл жаңа өмір,

Сайранда туыс-туғандар!

Бақытты болып жыл сайын,

Осылай басты қосайық.

Ашық боп аспан әрдайым,

Тыныштық тойын жасайық!

4. Кел, Жаңа жыл, келші, көрші елімді,

Дархандықпен ұсынамын төрімді.

Дөңгеленген жұмыр жердің бетінде,

Менің елім тыныштыққа сенімді.

Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бақыт құсы самғасын.

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін,

Қуанышпен арайлансын ақ таңың.

2-жүргізуші:

Қане балалар, қыстың осынау көркін келтіретін қардың бар дүниені өзгертіп жіберетіні мәлім ғой. Қыстың сәнін кіргізер-қар! Ендеше бәріміз бірге дөңгеленіп, «Аппақ, аппақ жапалақтап» әнін шырқалық!

ХОР «Аппақ, аппақ жапалақтап»

(Қарақшылар)

1-жүргізуші:

Ал, қанекей, достар барлығымыз бірге «Аяз ата, ақшақар» деп дауыстап көрелік! Шамды өшіріп бірге шақырайық! Мүмкін бізді естіп тезірек келетін болар.

Жарық өшіп, дыбыс ойналып, ортаға өзге ғаламшарлықтар шыға келеді.айналып жүреді.

Ерхан: Жер!Жер! мен орнымдамын, орнымдамын! Байланыстамын!

Досмұхаммед: Түсіндім! Түсіндім! Мен де осындамын!

Азамат Қай жерден іздейміз!

Нұрдәулет: Мүмкін қаза берерміз! Уақыт тапшы! Уақыт тапшы!

Мирас Ал мен барлық жерді қазып та үлгердім! Бұл әрекеттен ештене өнетін емес! Емес!

Гүлия апай:Демек бұларды қинауымыз керек шығар!

Ерхан: Ендеше бұларды қорқыту қажет шығар. Қане! Қане!

Досмұхаммед:Мүмкін бұлар қараңғыдан қорқатын болар, қараңғылық орнатармыз!

Азамат:Қайтсек екен, ойлан, басым! Ойлан! Сен бізден ақылдысың!

Нұрдәулет:тыныш, тыныш біреу келе жатыр, қашалық!

(балалар артына тығылып қалады)



2-Жүргізуші:

Достар, бізге мереке қарсаңында біреулер тосынсый дайындағысы келетін секілді. Қане жарықты қосалықшы!

1-жүргізуші:

Иә балалар біреулер біздің көңілімізге қаяу түсіргісі келетін секілді.Бұлар кім болды екен? Нендей жағдай болса да біз өз мерекелік көңіл күйімізді түсірмеуге тиіспіз ғой! Ендеше бәріміз бірге «Орманда шырша туыпты» әнін айталық!


Ерхан: Жер! Жер! Мен орнымдамын! Байласқа шық!

Досмұхаммед:Түсіндім Түсіндім! Мен осындамын?


1-Жүргізуші:Бұлар кімдер өзі?

2-Жүргізуші: Түсінсем бұйырмасын!


Ерхан: біз ғаламшар қарақшылары деген боламыз!

Домсұхаммед: Бізге белгілі болды сіздерде көп олжа байлық бар!

Азамат: Жер шарындағы ең басты байлық!

Нұрдәулет: егер сендер сол байлықты оңайлықпен берсеңдер, біз сендерді ренжітпейміз!

1-Жүргізуші: Балалар бұлар нені меңзеп тұр?

2-жүргізуші: Бұлар қандай байлықты айтып тұр?

№5: Ия біз сендердің асыға күтіп отырған аяз аталарыңды тұтқынға алып отырған жайымыз бар!

1-Жүргізуші:

Сендер тіпті оларды кепілге алып үлгердіңдер ме? Балалар жағдайымыз түсінікті болған сияқты.

2-жүргізуші: Енді қайтпек керек!

1-жүргізуші: Мен бір амалын тапқан сияқтымын!

2-жүргізуші: Біз бұлардың өзін сынға алайық! Ол үшін бізбен бірге келесі шарттарды орындасын!

Ойын «Жұмыртқаны тасу»

(шарты: Бір топ қарақшылар және олармен оқушыларымыз белгіленген жерден жұмыртқаларды тасу керек.)Кімнің жұмыртқасы көп солжеңіске жетеді.

1--жүргізуші: (Ой Достар, мына қарақшылар ештеңеге икемі жоқ екен, тек бізді қорқытқаны болмаса, бұларға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.)


Ойын «Қар жинау»

(Ойын шарты: Әр сыныптан бір ата-аналар мен бір оқушылар екі топқа бөлінеді.бізге бір ата-ана, бір оқушы керек.)

(шарты: Әр столдан бір ойыншы шығады, көзі байланып, аяғына байпақтар кигізіледі. Қолдарына шелек беріліп, жерде жатқан қарларды музыка аяқталғанша жинаулары тиіс.)


№1: Достық? Бұл не тағы?

№2: Мұны не істеуге болады? Оны қозғауға бола ма алде сатып алуға бола ма?

1-жүргізуші:

Жоқ, достық-бұл деген сатып алуға да, сатып жіберуге де болмайды. Бұл дегеніңіз ауызбіршілік, татулық, сыйластық!

№3: сонда сіздер барлықтарыңыз доссыздар ма? Бұл сендердің ортақ байлықтарыңыз дегенге сая ма?

№4: Ендеше біз сендермен достассақ бола ма? Сонда мұндай байлық бізде де боалр еді.

2-жүргізуші:

Балалар келісеміз бе?Ендеше біздің достығымыздың не нәрсеге қажет екенін бұлар әлі де көзі жетпей тұрған секілді ендеше ән айтайық.

ХОР «Орманда шырша туыпты»

2-жүргізуші:

Ал балалар сөз кезегін бар өнімін еңбекпен тапқан 2017 жылиесі-Тауықты шақырайық.

Тауық:

Армысыңдар,құрметті халайық!

Жақсылыққа бағытталған,

Тауықпын мен жаңа жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Мешін жылының мерекесін,

Берекеге жалғаймын,

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Мешінтапсырған аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.

Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық, достық, бірлік болсын! Еліміз тыныштықта, халқымыз берекелі өмір сүрсін! Нанымыз көп, уайым-қайғымыз жоқ болсын!

БИ «Балапандар»


2-жүргізуші:

Тауық жылымыздың құрметіне арналған Келесі кезекті әсем биді назарларыңызға ұсынамыз!

Ән «Кел жаңа жыл». Орындайтын Жалғасбаев Санжар

1-жүргізуші:

Ал достар біздің асыға күткен Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келіп жеткен екен. Қане бірге Қарсы алайық.

1,2-жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар, қош келдіңіз!

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Аяулы аналарға,

Ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға

Бәріңе, бәріңе де сәлем бердім.

Асау желмен жарысып,

Келіп жеттім алыстан

Амансыңдар ма балалар?

1-жүргізуші:
- Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Шырайлы Шалқар өңіріне келдіңіздер!
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Бұл өңірдің балалары әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

Ақшақар: Аяз ата қарашы балалардың киімдері қандай әдемі! Шырша да әдемі безендіріліген

Аяз ата: Айналайын балаларым! Ендеше тұрмайық. Мына шыршаларың көңілсіз тұр ғой. Сәнін кіргізейік! Шырша шамын жағайық.

1-Жүргізуші:

Бәріміз бірге

Қане шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат,-деп айтайық

1-жүргізуші: Ендігі кезекті Шыршамыздың құрметіне «Жаңа жыл келді еліме»

Би «Таус биі»

Ендеше «Аяз аталар» биіне кезек берейік.

2-жүргізуші:
Құрметті Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтайтын білімді оқушыларымыздың жыр шумақтарына құлақ түрсеңіздер дейміз!

Монтаж

Аяз ата:

Айта берсек, таусылмас,

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел одан да, халайық,

Ойын ойнайық жаңа бір.

  1. Жүргізуші:

Тауық жылы тоқшылық жылы болғай деп келесі ойынымздың атауы «Кім жылдам?»

(Шарты: қатысушылар екі топқа бөлініп, бірінші болып, алдарында жүгеріні жылдам тауысу.)



Аяз ата:

Сіздермен бірге жақсы көңіл көтеріп, сергіп қалдым.Енді менің де уақытым таяп қалды.Сіздер сияқты қауыммен кездесуім керек.Рұқсат болса, мен кетейін! Сау болыңдар! Ары қарай жаңа жылды жақсылап тойлатып,жақсы көңіл күймен тойлаңыздар!

2-жүргізуші:

Ал аяз ата, Ақшақар әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болса, сіздерді бөгемейік.Қош сау болыңыздыр!

Хор «Шырша жыры»

1-жүргізуші: «Үнді биі» тамашалайық!

2-жүргізуші: Ән «6 в» Жаңа жыл

1-жүргізуші:

Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,

ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын!

Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін!

Флеш моб

2-жүргізуші:

Жаңа жылдарың құтты болсын, кешіміз әрі қарай биге ұласады.









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Жаңа жыл мерекелік кешіне Ғаламшар қонақтарының келуі

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377574


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства