«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» патриоттық әндер байқауының сценарийі
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Жүргізуші:
Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түсетіні. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер бола алуы.
Бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атауымен өткелі тұрған патриоттық ән байқауы мектебіміздің дәстүріне айналған патриоттық әндердің шеруі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» патриоттық әндер байқауының сценарийі»
№5 мектеп-лицей КММ
9 МАМЫР
«Ұрпаққа ұран болғанҰлы Жеңіс»
патриоттық әндер байқауы
Уақыты:05.05.2022
Жауапты: 7 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Г.Қ.Қадырбек
2021-2022 жыл
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Жүргізуші:
Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түсетіні. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер бола алуы.
Бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атауымен өткелі тұрған патриоттық ән байқауы мектебіміздің дәстүріне айналған патриоттық әндердің шеруі.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі әнді жеке, жұптық, трио және квартет болып, орындауға мүмкіндік беріледі.
Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар зұлмат жылдар жайында немесе жауынгерлер ерлігі суреттелген өлең үзінділерін жатқа оқиды.
Ия, екінші дүниежүзілік соғыс уақытында халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор болды. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу. Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды дегендей, қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады. Олай болса, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай өткелі отырған әскери - патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік
Фаткуллин Дияр Вазихович – Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі.
Нурмашева Жадыра Калабаевана – мектеп директорының тәрбие ісі жөініндегі орынбасары.
Қоңырбаева Лариса Тойбазарқызы – мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.
Жолмағанбетова Жанар Әділгерейқызы – музыка пәні мұғалімі.
Жүргізуші:
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
Үміткерлерімізді марапаттау үшін сөз қазылар алқасының төрайымы Нурмашева Жадыра Калабаевнаға беріледі.