kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз мектептің жүрегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұстаз мектептің жүрегі " ұстаздар күнінен арналған салтанатты кештің сценариі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз мектептің жүрегі»




«Суықбұлақ орта мектебі» КММ













Салтанатты кештің сценарий













Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі:Карибаева Зауре Оразбаевна














2017 жыл





Жоспар

1.Ұстаздарды қарсы алу

2.Ән 4 – сынып оқушысы Серікқызы Арайлым

3.Құттықтау сөз мектеп директоры

4.7 – сынып би

5.Әдеби сазды монтаж

6.11 – сынып би

7.Ән

8. 5 – сынып би

9.Ән

10. Қазақ биі 10 – сынып

11.Хор
























«Ұстаз» әнімен Ұстаздарды қарсы алу

1 – жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым, ардақты ұстаздар!
2 – жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1– жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде үлкен мерекелі күн. Осы қазан айы ұлы мерекелерге толы. Қазанның алғашқы күні – ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
2– жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
1– жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын.!
2 – жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады. – дей отырып, ашық мерекелік кешімізді әсем бимен ашуға рұқсат етіңіздер. 4 сынып оқушысы Серікқызы Арайлым «Ұстазым» әнімен қошеметпен қарсы алыңыздар.
1 – жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! – мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры Транова Майра Мухаметханова беріледі.
2 – жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар ...! (7 – сынып би)

1 жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын ( әдеби сазды монтаж)
2 – жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып, 11 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
1-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Сіздерге мың алғыс!
2 – жүргізуші: Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да. – (Ән)
1-жүргізуші: Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім – әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
2 – жүргізуші: Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас.
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас – алдарыңызда өз өнерімен келген 5 сынып би
1 – жүргізуші: Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама – ұстаздарға арнаған Ән
2 – жүргізуші: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
1 – жүргізуші: Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
2 – жүргізуші: Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жылдардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
Би: 10- сынып оқушылары қазақ биі
Ән: Хор орындауында «_________» әнін қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші: Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін деп алғыс білдіреміз.
2 – жүргізуші: Қош, сау болыңыздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ұстаздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстаз мектептің жүрегі

Автор: Карибаева Зауре Оразбаевна

Дата: 28.11.2017

Номер свидетельства: 441100

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ұстаз-мектептің жүрегі""
    ["seo_title"] => string(23) "ustaz_mekteptin_zhuregi"
    ["file_id"] => string(6) "640614"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1700837964"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "А?ылшым,досым,?стазым"
    ["seo_title"] => string(20) "akylshymdosymustazym"
    ["file_id"] => string(6) "291828"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455190318"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ұстаз- ұлы есім!"
    ["seo_title"] => string(14) "ustaz_uly_esim"
    ["file_id"] => string(6) "484045"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541584001"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға"
    ["seo_title"] => string(24) "takyryby_ustaz_uly_tulga"
    ["file_id"] => string(6) "480382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1539277782"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ж?зі?  жылы,??ша?ы?  ке?  ?стазым!"
    ["seo_title"] => string(30) "zhuzinzhylykushagynkienustazym"
    ["file_id"] => string(6) "294459"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455644314"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства