Просмотр содержимого документа
«?лы Же?істі? 70 жылды?ына "Ерлікке та?зым" атты т?рбие са?аты»
Тақырыбы: Ерлікке тағзым
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары, жерлес жауынгерлеріміз жайлы мағлұмат беру. Майданға қосқан қазақстандықтардың үлесі, соғыс кезіндегі халық басындағы ауыртпалық жайлы әңгімелеу. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. Оқушыларға аға-апаларымыздың, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін оқушы бойына дарыту, ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу.
Сабақтың түрі: тарихи танымдық, әдеби сазды, тағылымдық ерлік сабағы.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ, «Ерлікке тағзым» сабағы ерекше жағдайда өтілмек. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына қарсы өтілмек, кешегі толарсақтан саз кешіп, белуардан қан кешкен қар жастанып, мұз төсенген солдаттар, 18, 19, 20 жастағы өрімдей жас жігіттер, Ұлы Жеңіске өзіндік үлес қосқан бүгінде 80 мен 90 асқарына көтерілген, атамыз Садыбаев Әбілғазы Демеуқұлұлы осы бүгінгі ерлік сабағының қадірменді қонағы.
Бұл ерлік сабағы, бүгінгі мереке соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға қан майданда әкелер мен ұлдарынан, бауырларынан айрылған әрбір отбасыға қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға бізге бақытты бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
Жеңіс – бақ!
Жеңіс – мерей!
Жеңіс – көктем!
Елдерді алаламай тегіс өпкен,
Өмірін Жеңіс үшін төледі ерлер.
Жас ұрпақ толқын-толқын келе берер,
Сақтайтын аталардың бақ мұрасын,
Сапта тұр, немерелер, шөберелер.
Марш ойналады
Жүргізуші: Сынып түзеліңдер, түзу тұрыңдар!
Құрметті ардагер бабамыз Әбілғазы Деменқұлұлы, тылда жеңісті еңбекпен шыңдаған әжелер!
Қонақтар!
«Ерлікке тағзым» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ерлік сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.
- Басталсын.
«Ерлікке тағзым»
Мұғалім: Кешегі зұламат қырғын соғыстың аяқталғанына да 70 жыл толып отыр. Шыңдығына келгенде, екінші дүниежүзілік соғыс аталған бұл сұрапыл қырғынды, бірінші деуге боларлықтай. Себебі, 1914-1918 жылдар аралығында өткен бірінші дүниежүзілік соғыс негізінен алғанда, тек Еуропа аумағын қамтығаны белгілі, ал екінші дүниежүзілік соғысқа келер болсақ 50 миллион адам өмірін опат қылған қанды қырғында 27 миллион бұрыңғы кеңестік отандастарымыз, оның ішінде қаншама мың -мыңдаған өз қандастармыздың да өмірі қыршынынан қиылды. Содан бері 70 жыл өтсе де жүректерде сыздаған бітеу жара жазылар емес. Көңілді жабырқатқан ауыр қайғы-қасірет тіршілік атаулыны терең толғандыруда. Сондықтан болар, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды, ұмытылмақ емес. Кейбір деректерге сүйенсек, соғыс қимылдары өз жерімізде өтпесе де қазақ халқының 12 % құрбан болыпты. Жуковтың айтуынша тек қана соғыстың үш айында Қызыл армия 1 млн 200 мың адамынан айрылған. Кеңес Одағы Жеңістің 50 жылдығына дейін КСРО-дан 20 миллион қаза болды деп келсе, кейін бұл 27 млн делінді. Ал қазір 35-40 деп айтылып жүр.
Қазақстан жерінде жиырма шақты дивизия мен бригадалар жасақталып, майданға аттанды. Олар ұрысты Мәскеу түбінен бастап Украина, Белоруссия, Кавказ, Қырым, Балтық жағалауларын жаудан азат етті.
Бұған қоса Польша, Чехословакия, Румыния, Югославия, Венгрия, Болгария, Австрия, Германия жерлерін фашистік құлдықтан азат етті. Ата бабаларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай ұрпақтарына тән ерліктің үлгісін көрсетті.
Қазақтар туралы өзге ұлт өкілдерінің пікіріне тоқталайық. Атақты жазушы И.Эренбургтің 1941 жылы Мәскеуді қорғаған аты әлемге әйгілі сегізінші гвардиялық дивизияның жауынгерлері туралы «Қазақтар» деген кең көлемді мақаласында, «Қазақтар желден жүйрік мініп дағдыланған халық, олар қажет болса еңбектей де алады, биік тауға өрмелеп шыға да біледі. Саз батпақта малтып та жата береді. Оларды ешкімде, ештеңе де тоқтата алмайды деп жазды.» . ағылшын тарихшысы А.Верт «Қызыл Армияның табанды жауынгерлерінің бірі қазақтар еді. Соғыста қазақтар өздерін ең жақсы жағынан көрсетіп отырды. Сталинградта үздік жауынгерлер тек қана қазақтар болды». Көзі тірісінде Кеңестер Одағының батыр атағын алалмаған Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алса, Жеңістің 50 жылдығында Қасым Қайсенов «Халық қаһарманы» атағын алды. Бұрында Жеңістің 50 жылдығында да Рақымжан Қошқарбаев ерлігінің жұлдызы жанса деген ел үміті ақталып, әділдік салтанат құрып Рақымжан Қошқарбаевқа да «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қазақтың ұшқыз қызы, батыр қызы Хиуаз Доспанова да «Халық қаһарманы» атағына ие болды.
Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
Иә, соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Неге біз 70 жыл бойы сол сұрапыл соғысты ұмыта алмаймыз?
Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Сарғайған фотосуреттерден бізге өрімдей жас, балаларынан кіші, немерелерімен құрдас, өмірін соғыс қиған аталарымыз қарайды.
І –ші бөлім: «Бейбіт өмір»
1. Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
2. Радио дауысы. (Соғыстың басталуы туралы)
3. «Священная война» әні. Үнтаспа
4. Ән «Майданға».
5. «Майданға шығарып салу» көрініс.
Айзат:
Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебіреніп толғанатын кез келді.
Қан төгісті көрмесек те кешегі,
Айтамыз біз естігенді, сезгенді.
Соғыс берді аналарға жесірлік,
Дей аламыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41-де көрмеді жұрт не сұмдық?
Перизат:
Батыр халық бақ қондырған құс қолға,
Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға,
Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер,
Болған солай бізде әділ күш барда.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін,
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Айзат:
Иә, миллиондаған өмірін жалмаған әрі мерейі үстем еткен соғыс халық санасынан ұмытылған жоқ.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің оңдаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады. Тіпті, хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде оралмады. Тіпті, хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.
Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 70 жыл толғалы отыр. Сондықтан осы жеңістің 70 жылдығын ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата-әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Перизат:
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған әр адам жеңіс сағатын соқтыруға қазақстандықтардың қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді.
Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 жеке полк батальондары соғысқа қатысты. Кеңес Одағы бойынша соғыста 27 млн, адам опат болса, оның 13 % қазақ. Қазақстаннан 1196164 адам әскер қатарына алынды. Қазақстаннан 503 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 97-і қазақ. аталар Ерлігі – ұрпаққа үлгі.
Айзат:
Қазақстаннан Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдғұлов, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сынды батыр ұл-қыздарымыздың Отаны үшін жан аямай күрескенін жақсы білесіңдер.
Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһармандар
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер:
Садыбаев Әбілғазы 23. Теміркулов Нұрқасым
Абиров Сиязбек 24. Тұрбеков Абдрахман
Аязбаев Қабдрахым 25. Федотенков Виталий
Байділданов Сейтжан 26. Чуванов Алхан
Бектеміров Сейткерім 27. Әбілбеков Бекмұқа
Битебаев Бадыр 28. Бестереков Дегембай
Борашев Айнабек 29. Тұрашев Айнабек
Дихабаев Сыпатай
Есімбеков Сейітбек
Жантасов Шәкір
Искаков Есжан
Кушакенов Өлмес
Кадыров Мырзабек
Кадиров Қожабек
Керімкулов Нұрғали
Құрманаев Инияш
Мақанов Дүйсембай
Нұрсұлтанов Мұқан
Омаров Ахмет
Сүйлеменов Сағал
Сағымбеков Сейткамал
Сирақбай ата (Жармұханбет)
Еңбекпен жеңісті шыңдағандар:
Байқадамов Игібай 18. Тойшыбекова Тәтті
Белгібаев Әсембай 19. Урустембекова Бауырсақ
Бектемірова Мәсура 20. Омарова Айтбала
Бектілеуов Сазанбай 21. Шыныбекова Зайда
Бектілеуова Зейнеп 22. Усенов Әбіл
Батырханова Бисара 23. Нұрманов Өмірәлі
Дауренбекова Нұржамиля 24. Нұрсұлтанова Мафруза
Даулетов Халықберген 25. Мырзатаев Нұрахмет
Иманбеков Мұқашар 26. Есимбекова Қантай
Керімқызы Гүлбаршын 27. Арынбекова Кант
Қазақбеков Шойтемір 28. Сулейменова Атуар
Қасымбеков Қалел 29. Қасенова Кашипа
Қасымбекова Нұрғайша 30. Мырзатаев Мұхамедхан
Масабаев Ақгү 31. Кадырова Катипа
Мәулен апа 32. Нұрсұтанова Бабын
Нұрасылова Ташимбала
Тынбаева Зухра
р/с
Аты -жөні
Өмірдерек
Атағы
1.
Садыбаев Әбілғазы
18 жаста соғысқа аттанып Курск иініндегі шайқасқа қатысып, Днепрден өтіп, Киевті азат еткен. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Берлиннен жеңіспен оралды
«За отвагу» 3 рет, «За Победу над над фашистской Германией», «Орден Отечественной войны» І степени
2.
Керимкулов Нұрғали
Өз ауылымыздың төл перзенті. Шаңқұдық қыстауында дүниеге келген. 1941 жылы 19 жастағы балаң жігіт соғысқа алынды. Майдан соқпақтары Туркмения арқылы Иран, Баку, «Кавказ бойы», Сталинград, Украина, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Белгородтағы одақтастар, «Ағылшын солдаттарымен» қосылып жеңісті тойлаған. Жеңіс күнін Москваның Подольский ауданында қарсалып екі жылды артқа тастап 1947 жылы елге аман-есен оралды.
«За Победу над Германией в ВОВ 1941-1945г.» медалімен, «Орден Отечественной войны» І степени
3.
Диханбаев Сыпатай
Армия қатарына 1940 ж. алынған. Ланинградты қорғауға қатысты, Балтық бойы жағалауы Эльбаға дейінгі аралықта соғысқа қатысты. 1946 жылы елге оралған.
«Отан соғысы» ордені, көптеген мақтау қағаздарының иегері, «Ерлік үшін» медалінің иегері.
4.
Аязбаев Қабдрахым
Сұрапыл соғысқа қатысып жараланып елге оралып бейбіт еңбекте көптеген игілікті істер тындырды. Бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған.
«За Победу над Германией в ВОВ 1941-1945г.» медалімен, «За Доблестный труд», «Орден Отечественной войны» І степени
5.
Темиркулов Нұрқасым
17-18 жасында соғысқа алынды. Майданның алғы шебінде Сталинградтағы еңбек майданында болып, айбынды Қызыл Армияны қару жарақпен үздіксіз қамтамасыз етіп, өмір мен өлім белдескен, талай сын сағатта мүдермей соғысты аяқтап елге аман есен оралды
«За Победу над Германией в ВОВ 1941-1945г.» медалімен, «Орден Отечественной войны» І степени
6.
Тұрбеков Әбдрахман
18 жасында соғысқа алынды. Майданның алғы шебінде Калугадағы еңбек майданында болып, айбынды Қызыл Армияны қару жарақпен үздіксіз қамтамасыз етіп, өмір мен өлім белдескен, талай сын сағатта мүдермей соғысты аяқтап елге аман- есен оралды
«За Победу над Германией в ВОВ 1941-1945г.» медалімен, «Орден Отечественной войны» І степени
Оқушы:
Айнала найза тілді лаулады от,
Айнала тінтіп бізді шарлады оқ.
Туған ел, қанды майдан тар кезеңде,
Өзіңмен бір болғанның арманы жоқ.
Оқушы:
Жеңімпаз Отанымның солдаттары,
Әлемге бейбітшілік орнатқалы.
От кешіп, омырауын отқа төсеп,
Қамды асу, талай тайғақ жолды аттады.
Оқушы:
Оларды ардақтайды сүйіп елі,
Даңқынан жау қалтырап күйініп еді.
Сапта тұр қар солдаттар әлі күнге,
Күзетіп осы бейбіт дүниені.
Айзат:
Ақсақалдар, әйелдер мен балалар тылдағы ауыртпалықтың бәрін иығымен көтерді. Олар, ерлердің орнын басып күн ұзақ еңбек етті. Олар, жас қыздар, келіншектер, 11 жастан еңбекке араласқан ауыл балалары, Әбділдаев Төлеген, Нұрбаев Макер, Нурасылов Тұрсын, Қадырқұлов Қағазбек, Абиров Ақылбай, Бектеміров Әбітай, Магамадов Шаһрудин, Мырзабеков Ораз.
Перизат:
Халықтың дұшпанға деген ыза кегімен Жеңіске деген құштарлығы осыдан -ақ айқын аңғарылатын еді. Сол бір сұрапыл жылдар кім-кімге де оңай тиген жоқ. Сын сағатта тылдағы бүкіл ауырпалықты қайыспай көтерген аталар мен аналар, Байқадамов Игібай, Белгібай Әсембай, Бектемірова Мәсура, Бектлеуов Сазанбай, Бектлеуова Зейнеп, Батырханова Бисара, Дауренбеков Нуржамила, Даулетов Халқберген, Иманбеков Мұқашар, Керімқызы Гүлбаршын, Қазақбеков Шойтемір, Аккозинова Қантай апай, Арынбеков Қант, Қасымбеков Қалел, Қасымбекова Нұрғайша, Масабаев Ақгү, Мәулен апа, Нұрасылова Ташимбала, Тынбаева Зухра, Тойшыбекова Тәтті, Урустембекова Бауырсақ, Омарова Айтбала, Шыныбекова Зайда, Усенов Әбіл, Нұрамнво Өмірәлі, Нұрсұлтанова Мафруза, мырзатаев Нұрахмет, Қадрова Катипа, Сүлейменова Атуар, Қасенова Кашипа, Мырзатаев Мұхамедхан.
Оқушы: Еңбекпен ерлік шеруі
Қазақстан майданға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнай өнімдерін де өндірді. Сол ауыр жылдары тылдағы еңбек адамдары 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқы берген. Сондай-ақ республикамыз 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
«Батыр Бауыржан» атты көріністен үзінді.
Ән: «Катюша»
Оқушы: Қыран ана
Қыбыр-қыбыр көз байлап қарамықтар,
Қалмағандай жерде орын адам ықтар.
Тас төбеден түнеріп үрей салған,
Ай бетіне үймелеп қара бұлттар.
Жер құйқасы дірілдеп дабырадан,
Қорада қой дүрліге маңыраған.
Ат кісінеп, ит үріп,
Сиыр мөңіреп, бота боздап,
Аурана сарынаған.
Оқушы:
Осылайша жаманат түйіледі,
Азынаған ажалдың күйі ме еді.
Соғыс-апат,
Фашизм қанды шеңгел,
Айналдырмақ тозаққа дүниені.
Сонда-дағы көкейге нәр тілек кеп,
Арқа тосты:
Нар жүгін артып өт деп.
Тұрды –ау әзер жығылмай осы түні
Еңсе біткен теңселіп, тәлтіректеп.
Оқушы:
Мұндай шақта ер ме екен аласарған,
Баласы арман, қазаққа даласы арман.
Сезіледі қайсарлық, намыс, жігер,
Құрығына сүйенген қара шалдан.
Он тоғыз, жиырмадағы жас жігіттен,
Қажыр-қайрат бұрқады тасты үгіткен.
Байқалды анық жүзінен бабалардың
Жауды күткен сәттері,
Қасты күткен.
Оқушы:
Жүргендей солар қару үлестіріп,
Дұшпанмен жекпе-жекте тірестіріп.
Күмбірлеп Құрманғазы күйі шалқып,
Тұрғандай Махамбеттің үні естіліп.
Қоздырып жұрт ызасы сан аруақты,
Кек отын кеуделерге санап жақты.
Жауыз жендет- Адольф Гитлерге
Ел қарғысы оқ болып борап жатты.
Оқушы:
Аттанды азаматтар ел қамы үшін,
Қорғауға туған жердің ар-намысын.
Кемпір-шал, балғын жастың иығына
Түсті енді қиындықтың салмағы шын.
Жалғызы Салық шалдың Қосым кетті,
Жайнақтың үш баласы тосын кетті.
Сағидың үлкен ұлы военкомға:
- Қалмаймын аналардан, досым- депті.
Оқушы:
Кетті олар абзал ерлер санатында,
Көктеніп ата жауға оқ атуға.
Алайда қиын шақта болады екен.
Майданнан бой тасалап қалатын де.
Бар ауыл таңдай қағып таңданады,
Жіркуеніп, ауызға алса Шоңғараны.
Бір түнде «жаралы» боп шыға келген,
Жаза алмай жұрт жатқанда сан жараны.
«Мәншүктің жұлдызды сәті» көрініс
Ән: «В землянке»
Оқушы:
Шоңғара жауға бармай жараланды,
Масқар-ай,
Басты аяққа адам арды.
Мылтықпен өз саусағын өзі атып,
Қабаттап жаманатты жамап алды.
Қылмысы ашылған соң қашып кетті,
Қылығы бір басынан асып кетті.
Қыс-жазы өз үйінен өзі безіп,
Тарыдай абыройын шашып-төкті.
Кеткен соң жырақ тартып жолы көптен,
Колхоздың малын ұрлап өмір еткен.
Жүрді ол кемді күнге жан сауғалап,
Атанып ұры-қашқын төңірекке.
Оқушы:
Үлкен ұлы Абзалдың Ғарышбегі,
Бұл күндері ауылдан алыста еді.
Оның-дағы қанында бұрқап жатты.
Ұлы Отанның қайнаған намыс –кегі.
Соңғы жылы
Басталған сынақтары,
Шығу еді ұшқыш боп мұраттары.
Болат топшы, қыран көз сұңқарлардың
Осы күні аңыз боп жүр аттары.
Оқушы:
Отан, ел түлетерде сынайы ұлын,
Ұнатса ұсынады шырай-гүлін.
Әскери ұшқыштардың мектебінен
Хат келген тап осыдан бір ай бұрын.
Жүр еді хабар болмай қапалана,
Жасырынып жақсы лебіз жата ала ма.
«Ер жүрек Ғарышбектей ұл өсірген,»-
Депті онда:
-Мың сан алғыс ата-анаға!
Биік тұғыр бақ құсын қондыра алар,
Ата-ананың құмары енді қанар.
Өзі жазған қолымен сығынышын
Ғарышбектен кешікпей келді хабар:
«Ұшқыш болдым», әкетай, бұл күнде мен,
Көктің жүзін шарлаймыз күн-түн демей.
Алдымызда-бір мақсат, бір-ақ бұйрық –
Фашистері аяусыз құрту деген.
«Әлия туралы» көрініс
Ән: «Әлия»
Оқушы:
Ерлік те көп,
Аңыз етіп айтарлық.
Жойдық біздер,
Жаудың бетін қайтардық.
Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,
Жатыр елім жүзінен нұр байқалып.
Гүл дәуренде
Күн кешейік үрейсіз.
Төбемізден төнбесінші дүлей күш.
Бар мәселе
Бейбіт жолмен шешіліп,
Ұранымыз:
Тыныштықты тілейміз!
Оқушы:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,
Құтықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Оқушы:
1941-1945 жылдардағы соғыстың жеңіспен аяқталуы дүниежүзілік тарихи маңызы зор оқиға. Қан төгіспен өткен бұл сұрапыл соғыста әрбір азамат Отан үшін, ел үшін бар ар-намысымен шайқасып, ерлік пен батылдықтың, қайтпас қайсарлықтың нағыз үлігісін көрсетті. Соғыстың әрбір күні, әрбір сағаты мәңгі ұмытылмас тарих, естен кетпес шежіре ретінде жадымызда жатталып қалды. Бұл күндерді ешкім, еш уақытта ұмытпақ емес.