kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Отан со?ысыны? с?рапыл к?ндеріне арнал?ан кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы Отан со?ысы с?рапыл к?ндеріне арнал?ан кеші

                                                                      “Ал?а ?арыс басса? бас,

                                                                    С?йем кейін шегінбе!

  ?дет жо? ондай тегінде!” 

    (лейтенант К?шеков)

?атысушылар:

Ж?ргізушілер, жас?аспірім жне ?ыз бала, к?ркемс?з о?ушы ( ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?скер киімін киген бала)

Хор немесе вокалды топ

Театралды топ

Бишілер тобы

Безендірілуі: К?ріністер барысында хор сахнаны? арт?ы жа?ында т?рады. Ж?ргізушілер алды??ы жа?та сол жа?та, к?ркемс?з о?ушы о? жа?та т?рады. Театрландырыл?ан к?ріністер ж?не билер сахнаны? ортасында к?рсетіледі.

Эпизодтарды? аттары жабы?  пердеде к?рсетіледі. Кейбір музыкалы? ?зінділер аудибаспадан ойналады. ?ндер хорды? орындалуында беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Отан со?ысыны? с?рапыл к?ндеріне арнал?ан кеш »

Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеші

“Алға қарыс бассаң бас,

Сүйем кейін шегінбе!

Әдет жоқ ондай тегінде!”

(лейтенант Көшеков)

Қатысушылар:

Жүргізушілер, жасөаспірім жне қыз бала, көркемсөз оқушы ( Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер киімін киген бала)

Хор немесе вокалды топ

Театралды топ

Бишілер тобы


Безендірілуі: Көріністер барысында хор сахнаның артқы жағында тұрады. Жүргізушілер алдыңғы жақта сол жақта, көркемсөз оқушы оң жақта тұрады. Театрландырылған көріністер және билер сахнаның ортасында көрсетіледі.

Эпизодтардың аттары жабық пердеде көрсетіледі. Кейбір музыкалық үзінділер аудибаспадан ойналады. Әндер хордың орындалуында беріледі.


АЛҒЫ СӨЗ


Перде жабулы. Сахнада жүргізушілер: жасөспірім мен қыз бала, көркемсөз оқушы


Бала: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зыимырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. .

Қыз бала: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 60 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

Бала: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз...


Көркемсөз оқушы: Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір,

Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.

Өлім мен өмір батыр алысқанда,

Бұрқылдап қызуына қайнар темір.

Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы,

Ол соқса шығарушы бұрын жоқты.

Ол дауыл, күш мұхитын тасытады,

Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.


Соғыс не? Соғыс елдің сыны,

Ел емген қазыналы жердің сыны.

Адалдың арамменен айғақшысы,

Төгілген керек үшін тердің сыны.

Соғыс сұмдық атадан бала айырылған,

Біреуін қан, біреуін ар айырған.

Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім,

Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан.

Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,

Бір өлім, мың өлімнің арашасы.

Соғыста өлім құлап, өмір жеңер

Оны сезбес пікірдің аласасы. (Қ.Әбдіқадыров «Соғыс»)


Қыз бала: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтақ және барлығын есімізге алып көрейік:

1941 жыл 22 маусым... СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

Перде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі. ( «№ 20 мектеп» деген маңдайша жазу және «Жолың болсын, жас түлек!» деген жазуы бар плакат, ағаштар, гүлдер» И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсын» әуенімен бірнеше жұп мектеп бітіушілер би билеп жүреді. Қыздар ашық түсті ұзынырақ көйлекте, кейбіреуі мектеп формасымен жүреді, балалар – ақ көйлек және сұр шалбарда. Музыка тоқтағанда билеп жүрген жұптар сахнаның ар жағына жасырынып қалады)

Көркемсөз оқушы:

(«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді...» Дауыс баяулай бастайды. Хордың орындауында «Священная война» әні орындалады.)

Көркемсөз оқушы:

(Сол жақтағы перденің ар жағынан қыздар сол киімдерімен, балалар гимнастеркалы, пилотка киген, иықтарында жол-азық салатын қаптарымен шығады. Барлығы ақырын басып сахнаның ортасына келеді. Қыздар алыстап кетіп бара жатқан жігіттерге қол бұлғап қала береді.Осы кезде Б.Окуджаваның «До свидания, мальчики» әнінің бірінші куплеті орындалады.)

Жасөспірім: Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды...

Қыз бала: Соғыс кеңес халқының Отанына, жеріне, еліне деген сеніміне, қаһармандығына, шыншылдығына және мейірбандығына, батылдығына және ержүректілігіне, төзімділігіне сын болды.

(Перде жабылады)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?лы Отан со?ысыны? с?рапыл к?ндеріне арнал?ан кеш

Автор: Кауданбаева Aйгуль Шаяхметовна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188232


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства