kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты т?рбиелейтін де ата-ана

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?лтты  т?рбиелейтін де ата-ана

Ма?саты:Ата-ана мен бала арасында?ы сенімді сыйласты?ты,бір-біріне деген сезімді ны?айту,бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы ту?ан ?ясы,?з отбасында?ы ата-ана т?рбиесі,?негесі ж?не  баланы? бас ?стазы ата-ана екенін т?сіндіру

?дісі:пікірлесу,с?ра?-жауап,тренингтер,ситуациялы? с?ра?тар

Т?рі: пікірталас

Барысы: ??рметті ата-аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ?стаздар ?ауымы ?шін жас ?рпа? т?рбиелеп,оны ?о?ам м?ддесіне жарату кезек к?ттірмейтін м?селе.Осы м?селеге ата-аналар мен ?стаздар боп атсалысса?,алар асуымызды? биік болары с?зсіз.?азіргі ?о?амда ата-ана баласынан не к?теді ? Баласын ?алай т?рбиелейді?Ата-ананы? ба?ыты неде?

Баласы ата-анасын ?алай ба?ытты етпек?

Міне осы т?р?ыда с?з ?оз?алатын «?лтты  т?рбиелейтін де ата-ана»атты д??гелек ?стелімізді  бастау?а р??сат еті?іздер!

Мен б?гінгі пікірталасымызды М?зафар ?лімбаевты? мына ?ле?імен баста?анды ж?н к?ріп отырмын.

?ипа?тайды  ?ит етсе ана?,?ке?,

?айтсем ?ана осыны адам етем,

Бас?аларды? осындай балалары,

Тап осындай жа??ала? шала ма екен

Сонды?тан да  бала т?рбиесі – б?кілхалы?ты? іс.

    ?мірімізді? жал?асын мейірлене  ?ызы?тайы?,  биіктерге талпынтайы?,  орынсыз  еркелетпей,  ?мірден ?з орнын  табу?а а?ылшы болайы?. 

Міне осылайша ?з баласыны? болаша?ына ала?дап, «?айтсем де баламды адам етем» деген ата-ананы? арманы  баласымен бірге жасайды екен.

- ?з балаларымызды ?аншалы?ты білетіндігімізді бай?ау ?шін «Кім жылдам» ойынын ойналы?:

Ата-аналар д??гелене т?рады 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты т?рбиелейтін де ата-ана»

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Ақшығанақ ауылы

Қ.Топаев атындағы орта мектебі

Жұмабаева Гүлжан Қуанышбайқызы

Тарих пәні мұғалімі

5 сынып жетекшісі

Тақырыбы: Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана

Мақсаты:Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты,бір-біріне деген сезімді нығайту,бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы,өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі,өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру

Әдісі:пікірлесу,сұрақ-жауап,тренингтер,ситуациялық сұрақтар

Түрі: пікірталас

Барысы: Құрметті ата-аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп,оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ,алар асуымыздың биік болары сөзсіз.Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді ? Баласын қалай тәрбиелейді?Ата-ананың бақыты неде?

Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек?

Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.

Қипақтайды қит етсе анаң,әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем,

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен

Сондықтан да бала тәрбиесі – бүкілхалықтық іс.

Өміріміздің жалғасын мейірлене қызықтайық, биіктерге талпынтайық, орынсыз еркелетпей, өмірден өз орнын табуға ақылшы болайық.

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап , «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.

- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:

Ата-аналар дөңгелене тұрады

Мұғалім сұрақ қойып допты береді ата-ана жылдам жауап беріп келесі ата-анаға береді

1.Балаңыздың сыныбында қанша бала бар?

2.Осы сыныптан кімдерді үлгі тұтасың?

3.Балаңыз сізбен қандай тақырыпта пікірталас жүргізіп отырады?

4.Балаңызға өзіңіздің қазақ ұлтынан екеніңізді қалай мақтан ете аласыз?

5.Сіз тұратын ауылда ұлттық нақышты насихаттайтын орындар бар ма?

6.Балаңыз теледидардан қандай хабарлар көреді?

7.Балаңыз өзінің бос уақытында немен айналысады?

8.Балаңыздың өмірлік ұстанымы қандай?

9.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

«Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.

1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

4.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?

5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

6. «Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?

-Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету

1-жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу

2-жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау

3-жағдаят Балаларға қымбат зат алып беру

Ата-аналардың пікірі тыңдалады

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.

Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз

1-қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын»

4-қателік Балаларды тым еркелету

5-қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету

7-қателік Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Ата-ананың ақылы –қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

Ойын «Жазалау » деп аталады

Ортаға 3 ата-ананы шақырамыз

1.Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты

2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты

3.Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңіз

Ата-аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек

-Ата-анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру)

Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің

-Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады

-Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады

-Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады

-Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы,ұстамды келеді

-Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады

-Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау-дамайдың ортасында жүреді

Жағдаятқа ену

Ортаға оқушыларды шақырамыз

Оқушылар ата-аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады

1-оқушы Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы,үйге берілген тапсырманы жаттамап едім,апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы

2-оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым

3-оқушы Анашым,мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым

4-оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып ,мақтау қағазын алдым

Ата-аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын,реніштерін іс-қимылын салып) көрсетеді

Ата-аналардың қолына ата-анаға қатысты жақсы жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратылады

Құрметті ата-аналар ! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы,еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.Сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!

-Ата-аналардың пікірлері тыңдалады

Бүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз?

-Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан

Жақсы-жаман болса бала солардан,-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы,ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы,ата-аналар сіздерге байланысты.

Әрбір отбасына күннің шуағын төгетін күндері көп болсын дей отырып, болашақ ұрпағымыз ұлтын сүйіп өссін десек ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіре отырып, ұлты, елі, жері, Отанын, өз өскен ортасын қадірлеп, қастерлей білетін ұрпақ тәрбиелеу біздің басты борышымыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты т?рбиелейтін де ата-ана

Автор: Бекназаров Саткали

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306837


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства