kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?лтаралы? келісім-бейбітшілік нысаны» 10 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Ассамблея» деген ?андай ма?ына білдіреді? (Ассамблея (фр. assemblée — жиналыс) деген ма?ынаны береді.
  2. ?ай жылы ?аза?стан Республикасыны? «?аза?стан хал?ы Ассамблеясы туралы» За?ына ?ол ?ойылды?     (2008 жыл?ы 20 ?азанда)
  3. ?ай уа?ытта Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ?лтты? м?дени орталы?тарды? жетекшілерімен кездесу ?ткізді. (1995 жылы 16 а?панда)
  4. Асамблеяны? басты ма?саты ?андай? (?аза?станда?ы барлы? этностарды? рухани т?р?ыда ?айта жан?ыруы мен дамуын ?амтамасыз ету; ?ркениеттік ж?не демократиялы? ?станымдар?а, мемлекеттік ?лтты? саясатта барлы? этностарды? м?ддесіне деген ??рметке негізделген ?лтаралы? ?атынас м?дениетін ?алыптастыру болатынды?ы ай?ындалды)
  5. Ассамблеяны? ж?мыс органы – .  (хатшылы?тар ??ру туралы н?с?ау берілген)
  6. ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын ?ай жылы ??рды  (1995 жылды? 1 наурызында)
  7. ?аза?станда ?анша ?лт ?кілдері т?рып жатыр (130-дан астам)

Т?рбиеші с?зі: Жыр алыбы Жамбыл бабаны? «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналы? с?зі бар. Шынды?ында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен ?леуметтік даму т?рма? т?уелсіздік пен т??ырлылы? туралы да с?з айту?а шама жетпес еді. Сонды?тан да, бейбітшілік пен бірлікті? ма?ызын ??ын?ан Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев 1992 жылы ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын ??ру туралы идеясын жарияласа, ??тты мекенге т?ра?тылы?ты? тамырын жай?ызатын, бірлікке сызат т?сірмеуді к?здейтін ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын 1995 жылды? 1 наурызында ??рды. 2015 жыл – ?аза?стан хал?ы Ассамблеясыны? жылы деп жарияланды. ?аза?стан хал?ы ассамблясын 1995 жылды? 1 наурызында ??рды. Б?гінде ?рбір ?лт?а салт – д?ст?рлерін жа??ырту?а, м?дениеті мен ?дебиетін дамыту?а, тіліні? жетілуіне ?ам?орлы? к?рсетілуде.Н?тижесінде ?рбір ?лт конституциялы? – ???ы?ты? за?нама негізінде ?зіне т?н этносты? ерекшелігін са?тай отырып, ?аза?станны? ?о?амды? ??рылымына ?йлесті сі?е білді. ?аза?стан к?п ?лтты мемлекет.

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана хал?ымыз айт?андай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, т?уелсіз ?аза?стан хал?ы кезекті Бірлік мерекесін тойлама?. 1 - мамыр б?рындары халы?аралы? ынтыма? к?ні ретінде мерекеленсе, ?азір елімізде ?мір с?ріп жат?ан ?лттар мен ?лыстарды? татулы?ы мен досты?ы к?ні ретінде аталады.  

Т?рбиеші с?зі:  Сіздер білесіздер, ке? байта? ?аза?станда 130-дан астам ?лт ?кілдері т?рып жатыр. ?рине, б?л ?аза? хал?ыны? ?лылы?ынан, "Ке? болса?, кем болмайсы?" дегендей ?аза? хал?ыны? пейіліні? ке?дігінен бас?а ?лт ?кілдеріні? т?рып жат?ан жайы бар. ?лы ?аза? даласында бас?а ?лт ?кілдеріні? бір ша?ыра?ты? астында татулы?та, сыйласты?та ?мір с?ріп жат?аны сіздерге м?лім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?лтаралы? келісім-бейбітшілік нысаны» 10 сынып. »

Тақырыбы: Ұлтаралық келісім-бейбітшілік нысаны

Мақсаты:

  • Ассамблея Жылының басты идеясын айқындап,түсіндіру.Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу барысында келер ұрпақтың күш – жүгерін біріктіруді қамтамасыз ету;

  • Неміс елінің салт – дәстүрі,діні,тілі,ұлттық киімдерін көрсету арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту;

  • Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету

  • Басқа ұлт өкілдерінің салт – дәстүрлерін өз ұлтымызбен салыстыра отырып, патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру-біздің басты міндетіміз деген ой түйеді.

  • Неміс халықының мәдениетін және тарихымен танысады

  • Ассамблеяның мақсаты мен маңыздылығын ұғынады

  • Рухани – адамгершілік құндылықтары туралы ой пікірлері қалыптасады.



Көрнекілігі: шарлар,презентация


Әдісі: танымдық сабақ


«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»


Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші Ассамблея жөнінде тоқталып өтіп, 7 сұрақты қою арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оятады.Уақыты: 7 мин

ІІ. «Неміс» елінің салт – дәстүрі,діні,тілі,ұлттық киімдері жөнінде таныстыру.

Орынбасар Азамат неміс елі,діні жөнінде айтып өтеді.Оспанов Бағдәулет пен Тойлыбек Ақтоты ұлттық киімдерін слайд арқылы түсіндіреді.Әділбаева Әлима сүйсініп жейтін неміс тағамдарын көрсетеді. Уақыты: 10 мин

ІІІ. Қазақстанда тұратын немістердің өз араларында тойлайтын ұлттық мейрамдары туралы айту. Айдарбек Дәурен шығармашылық жұмысын көрсетеді.Уақыты: 5 мин

ІҮ. Қызықты хабарлама сағаты ( Оспанов Бағдәулет ізденген жұмысын көрсетеді) Уақыты: 7 мин

Ү. Қорытынды.

Сұрақтармен жұмыс сабақты қорытындылау барсында тәрбиеші оқушыларға 5 сұрақ қояды.

Уақыты: 3 мин



Сұрақтар:

  1. «Ассамблея» деген қандай мағына білдіреді? (Ассамблея (фр. assemblée — жиналыс) деген мағынаны береді.

  2. Қай жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды? (2008 жылғы 20 қазанда)

  3. Қай уақытта Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. (1995 жылы 16 ақпанда)

  4. Асамблеяның басты мақсаты қандай? (Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды)

  5. Ассамблеяның жұмыс органы – ... (хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген)

  6. Қазақстан халқы Ассамблеясын қай жылы құрды (1995 жылдың 1 наурызында)

  7. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрып жатыр (130-дан астам)

Тәрбиеші сөзі: Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Қазақстан халқы ассамблясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық – құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңе білді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет..

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.

Тәрбиеші сөзі: Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар. ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгін мен осы татулықта сыйластықта бірге тұрып жатқан ұлт өкілдерінің бірі неміс халқы жөнінде Орынбасар Азамат тоқталып өтпек.


Азамат: Неміс - (нем. Deutsche, өз атауы – дойче) — Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР-да (80 млн-ға жуық, 2004), сондай ақ Америка, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоид нәсілінің атлант-балтық тобына жатады, орта еуропоид нәсілінің өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді.



Тілі – неміс, үндіевропалық тілдердің герман тобының батысгерман топшасына жатады. Діні – христиандық, басым бөлігі протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер.Неміс үйлеріне қаңқалы құрылыс техникасы (фахверк) тән. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында немістер негізінен екіқабатты үй салған, бірінші қабатында бірнеше тұрғын бөлмелер болған, ал екінші қабат жатынжай болып табылған. Үйде міндетті түрде камин және жабық пеш болған. Тұрғын үй мен барлық шаруашылық құрылыстарды бір шатыр астына біріктіру – неміс тұрақжайларына тән ерекшеліктер болып табылған.

Бағдәулет: Немістердің дәстүрлі киімі ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан бастап киімнің ортағасырлық элементтері мен қала сәні негізінде қалыптаса бастаған. ХІХ-ХХ ғасырларда «тироль ерлер костюмі» деп аталатын киім кең тараған – қайырма жағалы ақ көйлек, иықбауы бар қысқа былғары шалбар, қызыл жилет, жалпақ былғары белбеу, тізеге дейін жететін шұлық, туфли және енсіз қайырма жиегі мен қауырсыны бар қалпақ.

Ақтоты: Әйелдердің ұлттық киімінің негізгі элементтері – корсаж немесе кофта, бүрмелі юбка мен алжапқыш. Көбінесе иықжапқыш орамал салып жүрген. Әйелдердің бас киімі айрықша сантүрлілігімен ерекшеленеді – орамалдар, түрлі үлгідегі телпектер (чепцы) жән сабан қалпақтар.

Тәрбиеші сөзі: Немістер аса ұқыпты, іске тиянақты, әр сағатын, тіпті әрбір минутын пайдалы іске жарататын, бос сөзден гөрі нақтылы істі жақсы көретін халық. «Неғұрлым өнімді жұмыс істесек, соғұрлым жақсы демаламыз» деп есептейді. Күн демей, түн демей, талмай, шаршамай еңбек ету, байлықты еңбек арқылы жасау неміс халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. 

Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүр, мәдениет, ән, би, киім сонымен қатар ұлттық тағамдарында өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар. Ұлттық тағамның жасалу жолдары мен құпиясы атадан балаға беріліп отыратын мирас.  Еліміздегі неміс диаспорасының ас әзірлеу сырларымен таныса отырайық.

Әлима: Неміс диаспорасы дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі, үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесін жасаудың шеберлері. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш пісіреді. Оны «кухе» деп атайды.  

Орамалар – штрудельдердің бірнеше түрі кеңінен тараған. Қыстың қамын ерте ойлайтын немістер шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықтың әр түрін жасап дайындайды.  

Кейбір неміс тағамдары географиялық жерлердің атауларына ие болған, мысалы, Шварцвальд немесе Вестфаль ветчинасы немесе Нюрнберг пряниктер

 Немістердің сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - шницель. Шницель - неміс тілінен аударғанда “schnitzen” – кесу деген мағынаны білдіреді. Шницельді бұзау етінен де, күркетауықтан да, тауықтан да дайындауға болады, тек төс етін пайдалану қажет.  Төс еттің қабықшасын және май қабықшасын сылып алып тастау керек. Негізінде — қарапайым ет кесегі маманның белгілі бір іс-әрекеттері арқасында аспаздық шедеврге айналады. Шницельге арнайы гарнир көкөністен жасалады. Шалғамды жұқалап жартылай дөңгелектеп, қызыл пиязды ірілеп және черри қызанақтарын майдалап, түрлі түсті болгар бұрышын жұқалап кеспелеп турайды. Кесек етті сопақ пішінді болғанша ұрғылайды. Артқы санының бөлігін жалпақша етіп кесіп алып, тура осылай ұрғылау керек. Олар дәмдеуіштерді мейлінше аз қосып, еттің табиғи дәмін сақтап қалуға тырысады. Тұз бен  бұрыш қосып тағамның дәмін әрлендіре түседі. Содан соң жартылай дайындалған өнімді кептірілген нан ұнтағына аунатып қуырып, қуырылған үй картобымен, саңырауқұлақтармен, қозықұйрықпен қоса ұсынады.  

Қазақстанда тұратын немістердің асханасының басты мақтанышының бірі  - шұжық түрлері. Олар осы ет өнімінің әлемдегі ең үздік дайындаушылары болып саналады. Мұнда шұжықтардың 1500-ден астам түрі әзірленеді. Деликатестік ет өнімдерін жеке тағам ретінде де, сондай-ақ, екінші және бірінші тағамдардың қосымша ингредиенті ретінде де пайдаланыла береді. Қазақ жеріне сіңісіп кеткен немістер борщ, кеспе көже, тіпті бесбармақ та дайындайды. Наурыз мерекесінде наурыз көже ішіп, ыстық бауырсақ жеуді ұнатады. 

Тәрбиеші сөзі: Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Алайда Қазақстандағы түрлі ұлттардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде салт-дәстүрлерінің кейбіреулері біздің дәстүрге ұқсап, өзгеріске ұшыраса, кейбіреулері мүлтіксіз сақталып қалған. Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады. Елімізде тұратын неміс халқы ұлттық қолөнермен, оның ішінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. 


Дәурен: Қазақстанда тұратын немістердің өз араларында тойлайтын ұлттық мейрамдары бар.  (шығармашылық жұмыс)


  1. Мысалы, аптаның соңғы күндерінде «ата-аналар күні» деп аталатын мейрамын тойлайды. Қайтыс болған кісілердің аруақтарына бағыштап түрлі тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіріп, туыстарына таратады. 

  2. Жаз айының 24 жұлдызында Иванов күнін атап өтеді. Бұл мейрамда иониттер мен мальталық серілер лаулатып алау жағып, бір-бірінің қолдарынан ұстасып отты айнала алуан ойын-сауық құрады. Лаулап жанған отты үш рет айналып, малдарын айдап өткендер бақытқа кенеледі деген сенімді ұстанады. Оттан қалған шоқты мал қораға шашудың мақсаты малды, малшыларды жамандықтан қорғау болып табылады. Қазақстандағы немістер әлі де шіркеу әулиелеріне табынып келеді. 

 

  1. Мұсылман елдеріндегі күзде тойланатын «сабан тойына» ұқсас  немістерде әр науқан аяқтала келе мереке жасайды. Сондай-ақ, жаңа жыл шыршасын әсемдеуге еліміздегі немістердің балалары да атсалысып, ерекше мән береді. Мейрам барысында үлкен-кіші жайнаған дастарқан басына түгел жиналып, ән айтып, би билеп,  ойындар ойнайды, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл балаларды ізгілікке, шеберлікке үйретудің халықтық дәстүрі. 

 

  1. Немістерде балаға бірнеше ат қою дәстүрі бар. Мысалы, Карлхен – Карл, Рудольф – Руд, Конрад – Курт т.б.  

  2. Қазақтар сияқты немістер де үйлену тойына зор мән береді. Оларда сақталған дәстүрдің бірі біздің дәстүрге ұқсас. Ол – атастыру дәстүрі. Оны «серт беру» немесе «салтанатты сыйласу» деп те атайды. Екі жақтың туыстары құда болғандықтарын жариялап, жақын араласа бастайды. Некелесуге даярлық сол күннен басталады. Атастыру мен той арасы 6 ай немесе 1 жыл болуы мүмкін. Құдаласқан екі жақ бірлесіп жас жұбайларға жасау жинап, үй салып береді. 

 

  1. XVIII ғасырға дейін Рейланда жерінде немістер қызды жеребе ойынына салатын болған. Жеребе ұрысқа түскен қыз еріксіз ұзатылып кете барады. Неміс қыздары әке-шешесіне мұңын шағып өлең айтатын болған. Яғни, бұл қазақтардағы сыңсу өлеңіне ұқсас. 

 

 .

Қызықты хабарлама сағаты


Бағдәулет: Құрметті сыныптастар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Көзді ашып – жұмғанша көлбең ете қалған көктемнің соңғы айы мамыражай мамыр да маңғаз басып маңымызға жетіп қалды. Алғашқы күнінен бірлік пен берекеге бастайтын бұл айдың барша адамзат үшін асқақ абыройы бар. Дүниежүзілік Ынтымақ, Еңбек, Бейбітшілік күні біздің елімізде де «Қазақстан Халықтарының бірлігі» күні деп аталып өтіледі.

  • Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Маяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі.

  • 1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді. Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро, Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті.

  • Содан бері аумалы – төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

  • Украинада 1 мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуап дайындайды.

  • Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.

  • Сицилияда – жергілікті халықтың сенімі бойынша бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс.

  • Британияда 1 мамыр – демалыс күні.

  • Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан 1 мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік!, Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін.

  • КСРО–ның орнын басқан Ресейде 1 мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.

  • ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан 5 күн демалады.

  • Ал Әзербайжан, Грузия Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні, бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

  • Ал бізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың – феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Қорытынды:

Сұрақтар:

  1. 2015 жыл қандай жыл?

  2. Ресейде 1 мамыр мерекесін қай жылдан бастап көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. (1997 жылы)

  3. Шницель - неміс тілінен аударғанда “schnitzen” – не деген мағынаны білдіреді (кесу)

  4. Неміс халықында қазақ халықына ұқсас қандай салт – дәстүрлері бар

  5. Неміс халқының тағамдары жөнінде не білесің?

Тәрбиеші сөзі: «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлкетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

Сіздерді тағы да 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі меркекесімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, әрбір отбасына береке – бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«?лтаралы? келісім-бейбітшілік нысаны» 10 сынып.

Автор: Смадулла Алтыншаш ?теген?ызы

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212249


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства