kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ялы телефонны? пайдасы жетерлік (зияны да жетерлік)».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:   

«?ялы телефонны? пайдасы жетерлік (зияны да жетерлік)».   Дебат.                   

Т?рбие са?атыны? ма?саты:        1.   Интеллектуалды? шыншылды? принципіне берік болу;                                    
                                                             2.   ?р т?рлі к?з?арастар?а т?сіністік таныту ар?ылы адамдар арасында?ы   сыйласты?ты арттыру;                                                                                                        
                                                             3.   А?паратты тияна?ты етіп ?сына отырып, ?з ?станымдарын на?ты д?лелдер ар?ылы д?лелдеу;.                                                                  
                                                             4.   Та?ырып?а байланысты ?рт?рлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалы? м?ліметтерді саралау ар?ылы о?ушыларды? танымды? - эвристикалы? ?абілеттерін арттыру.
Саба?ты? ?ту ?дісі:                       Дебат ойыны.  Пікір таластыру.                                                                                                           

П?н аралы? байланыс:   ?аза? тілі мен ?дебиеті,  тарих ?зін-?зі тану мен ?леуметтану, экономика.          

Ж?ргізуші:     Армысыздар ??рметті ?стаздар, о?ушылар ж?не б?гінгі
                                                                   дебат?а ?атынасушылар.                                                                                                                            

«?ялы телефонны? пайдасы жетерлік (зияны да жетерлікатты дебат ойынымыз?а ?ош  келді?іздер!                                                                       
          Орта?а дебат?а ?атысушыларды ша?ырайы?.                                                                 

  1. «Жа?таушы» топ ойыншылары: 

         1 – спикер:             Сержан.                                                                                                     

         2 – спикер:              Заманбек.    

          3 – спикер:             Ма?сат.            

 2.  «Даттаушы» топ ойыншылары: 

         1 – спикер:             Данаг?л.         

         2 – спикер:             Диана.         

         3 – спикер:             Диас.   

С?йлеушілерді? с?йлеу уа?ыты:    1 спикерлер – 6 мин,  2,3 спикерлер – 5 мин.       

Ойынымызды бастаймыз:     «Жа?таушы» топты? 1 спикері Сержанны? пікірі:              


                        Армысыздар ??рметті к?рермен ?ауым,?стаздар!

Мен  Т?леуов Сержан ?з тобымны? №1 спикері.                                      
      Бізді? та?ырыбымыз “?ялы телефонны? пайдасы жетерлік»  деген пікірді ?олдаймын. Жыл санап,жетістіктерін молайтып, Азияны? барысына айналуды к?здеп отыр?ан ?аза?стан хал?ы да ?зге елдер сия?ты ?ылым мен техниканы? дамуына о? к?з?арас танытуда. Шет мемлекеттерде білім алып, білімдік сайыстарда алды??ы орындар алып ж?рген ?аза?стан жастары мен хал?ы ?шін ?ялы телефон пайдалы д?ние.

       ?ялы телефонны? ма?ыздылы?ы мен ?ажеттілігі де осында.

      1-ші д?лелдемем.     ?ялы телефон байланыс к?зі. Керекті хабарды уа?ытында алу, ?р істе жетістікке жетуді? кепілі.Уа?ыт ?немдеуді? басты жетістігі. Ма?ызды жиналыс, м?дени кеш, іскерлік отырыстарды? кешігусіз,тияна?ты ?туіне ?ялы телефонны? пайдасы зор. Немесе бір жа?дай?а ?шырап кешіккен адам, сол жа?дайды ескерту ?шін ?ялы телефон к?мегіне ж?гінеді. Бір с?збен айт?анда уа?ыт, д?лдік деген ??ымдар?а ?ялы телефонны? да ?атысы мол.

      С?зімді ?орыта келе, пайдасыз деп айта салу о?ай, біра? орнымен ?олданылса,?р затты? да керек т?сы бар. ?ялы телефонны? зиянынан г?рі пайдасы басым деген ?а?иданы жа?тайтынымды білдіремін.      Ты?да?андары?ыз?а рахмет!

       «Даттаушы» топты? 1 спикері Данаг?лді? ойы:                                                    
   
Мен  ?изат Данаг?л ?з тобымны? №1 спикері бізді? та?ырыбымыз «?ялы телефонны? зияны да жетерлік» деген та?ырыпты ?олдаймын. ХХІ ?асыр ?ылым мен техниканы? ?ар?ынды дамып, адамзат баласыны? техника саласында?ы ?лкен жетістіктерге жетуімен ерекшелуде. Осы жетістіктерді? ішінде б?гінде жасты? да, к?ріні? де ?олында ж?рген аядай ?ана ?ялы телефонды айту?а болады. Еш?андай ?осу ??ралы жо?, сымсыз техниканы? барлы? жер шарында?ы кез - келген н?ктемен байланысып, хабар беруді? ?зі осы телефонны? тым зиясыз емес екенін д?лелдейтіндей. Олай болса, мені? бірінші д?лелдемем.

1. ?ялы телефон денсаулы??а зиян. М?ны жер ж?зіндегі д?рігерлер ?ауымыны? дабыл ?а?ып отыр?анын білеміз. ?ялы телефон ?сіресе дамып келе жатыр?ан жас?спірімдер денсаулы?ына аса ?ауіпті. Ол ми ісіктеріні? пайда болуына, ??ла? жар?а?тарыны? ?згеріске ?шырауына ?келіп со?тырады. Сонымен ?атар ер адамдар мен ?йел адамдарды? т?рлі аурулар?а ?шырауына ы?пал етеді. ( «Мектеп д?рігері», «Денсаулы?» журналдары сандарынан).

Ты?да?андары?ыз?а рахмет!

Ойынды ?орытындылау:   ?орытынды с?з сарапшылар тобына беріледі.  (сарапшылар ?орытындылайды,   «?здік топ»,  «?здік спикер» номинациялары беріледі.)

        Ж?ргізуші:  Барша?ыз?а рахмет.    ?р ?айсы?ыз ?ялы телефонны? пайдасы мен   
                              зиянын айыра біліп, ?здеріні?із д?рыс шешім жасайды деп т?сінеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ялы телефонны? пайдасы жетерлік (зияны да жетерлік)».»

М.Маметова атындағы 27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұялы телефонның пайдасы жетерлік
(зияны да жетерлік)».
Дебат.

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Интеллектуалдық шыншылдық принципіне берік болу;
2. Әр түрлі көзқарастарға түсіністік таныту арқылы адамдар арасындағы сыйластықты арттыру;
3. Ақпаратты тиянақты етіп ұсына отырып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдер арқылы дәлелдеу;.
4. Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың өту әдісі: Дебат ойыны. Пікір таластыру.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих өзін-өзі тану мен әлеуметтану, экономика.

Дебатымызды сарапшылары: 1..................................................................................................... ......................................................................................................................................................... .........................................................................................................................................................Сабақтың барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі
дебатқа қатынасушылар.

«Ұялы телефонның пайдасы жетерлік (зияны да жетерлікатты дебат ойынымызға қош келдіңіздер!
Барлығымызға белгілі пікірсайыс қарама-қайшы көзқарастың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Мұнда тақырыбы бар 3 адамнан 2 топ қатысады. Әуелі қатысушыларға жеребе бойынша немесе келісім бойынша ұстанымдар белгіленеді: растау немесе теріске шығару. Бір топ берілген тақырыпты қорғап, дәлелдеуі тиіс, яғни оны жақтаушы топ деп атайды. Ал, екінші топ жақтаушыларға қарсы шығып, олардың пікіріне кереғар тұжырым айтуы тиіс. Сонан соң пікірсайыс белгіленген регламент бойынша өтеді. Ең негізгісі – әр топ өздері тақырыпқа сай критерийін құрып, оны қорғайды. Тек сөзбен емес, түрлі дәлел-фактілер келтіре отырып, оларды қай әдебиет, қай ақпараттық құралдан алғаны айтылуы тиіс. Әр топтың спикерлері бейтарап төрешіні өздерінің көзқарасының мейлінше дұрыс екендігін сөндіруге тырысады. Бұл жерде олар тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерін таластырып, өз ұстанымдарын қарсыластар көзқарасымен салыстырады. Раунд барысында сөз сөйлеген спикерлерге қарама-қарсы сұрақ-жауап өткізіледі. Қарама-қарсы сұрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық енгізу, олардың пікірлеріндегі олқылықты анықтау мақсатында қойылады. Пікірсайыс кезеңі ойынды талдау және төрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты анықтаумен аяқталады.



Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық.

  1. «Жақтаушы» топ ойыншылары:

1 – спикер: Сержан.

2 – спикер: Заманбек.

3 – спикер: Мақсат.

2. «Даттаушы» топ ойыншылары:

1 – спикер: Данагүл.

2 – спикер: Диана.

3 – спикер: Диас.

Сөйлеушілердің сөйлеу уақыты: 1 спикерлер – 6 мин, 2,3 спикерлер – 5 мин.

Ойынымызды бастаймыз: «Жақтаушы» топтың 1 спикері Сержанның пікірі:


Армысыздар құрметті көрермен қауым,ұстаздар!

Мен Төлеуов Сержан өз тобымның №1 спикері.
Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік» деген пікірді қолдаймын. Жыл санап,жетістіктерін молайтып, Азияның барысына айналуды көздеп отырған Қазақстан халқы да өзге елдер сияқты ғылым мен техниканың дамуына оң көзқарас танытуда. Шет мемлекеттерде білім алып, білімдік сайыстарда алдыңғы орындар алып жүрген Қазақстан жастары мен халқы үшін ұялы телефон пайдалы дүние.

Ұялы телефонның маңыздылығы мен қажеттілігі де осында.

1-ші дәлелдемем. Ұялы телефон байланыс көзі. Керекті хабарды уақытында алу, әр істе жетістікке жетудің кепілі.Уақыт үнемдеудің басты жетістігі. Маңызды жиналыс, мәдени кеш, іскерлік отырыстардың кешігусіз,тиянақты өтуіне ұялы телефонның пайдасы зор. Немесе бір жағдайға ұшырап кешіккен адам, сол жағдайды ескерту үшін ұялы телефон көмегіне жүгінеді. Бір сөзбен айтқанда уақыт, дәлдік деген ұғымдарға ұялы телефонның да қатысы мол.

2-ші дәлелдемем. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатырған әр түрлі табиғи, өмірге қауіпті апаттарда ұялы телефонмен көмек сұраған адамдардың саны миллиондаған болса, өмірлеріне араша түскен де осы ұялы телефон болған. Сонымен қатар біреуден жәбір көрген адамның айқайын естігендер де ұялы телефон арқылы көмек шақырады. Олай болса, адам өміріне араша түсу үшін де осы телефонның пайдасы зор.

3-ші дәлелдемем. Қазір біз білетіндей елімізде қылмыс пен жемқорлық өршіп тұр. Бұл құрықтауға күш бермей тұрған өміріміздің көлеңкелі тұсы. Нарық заманында ақша табудың көзін әркім әрқалай түсінуде. Бұл елбасымыздың да күресу бағытындағы ұстанған саясатынан көрінеді. Ал осы қылмыс пен жемқорлықты анықтауда ұялы телефонның пайдасы көп. Әр түрлі түсірілген видео, фото, қоңырау шалуды тыңдау арқылы заң органы қызметкерлері көптеген қылмыстың бетін ашуда. Техника жетістігінің арқасында көптеген қылмыскер өз жазасын тартуда.

Сөзімді қорыта келе, пайдасыз деп айта салу оңай, бірақ орнымен қолданылса,әр заттың да керек тұсы бар. Ұялы телефонның зиянынан гөрі пайдасы басым деген қағиданы жақтайтынымды білдіремін. Тыңдағандарыңызға рахмет!

«Даттаушы» топтың 1 спикері Данагүлдің ойы:
Мен Ғизат Данагүл өз тобымның №1 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарқынды дамып, адамзат баласының техника саласындағы үлкен жетістіктерге жетуімен ерекшелуде. Осы жетістіктердің ішінде бүгінде жастың да, кәрінің де қолында жүрген аядай ғана ұялы телефонды айтуға болады. Ешқандай қосу құралы жоқ, сымсыз техниканың барлық жер шарындағы кез - келген нүктемен байланысып, хабар берудің өзі осы телефонның тым зиясыз емес екенін дәлелдейтіндей. Олай болса, менің бірінші дәлелдемем.

1. Ұялы телефон денсаулыққа зиян. Мұны жер жүзіндегі дәрігерлер қауымының дабыл қағып отырғанын білеміз. Ұялы телефон әсіресе дамып келе жатырған жасөспірімдер денсаулығына аса қауіпті. Ол ми ісіктерінің пайда болуына, құлақ жарғақтарының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың түрлі ауруларға ұшырауына ықпал етеді. ( «Мектеп дәрігері», «Денсаулық» журналдары сандарынан).

2. Ұялы телефон жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты көбейтіп қылмысқа итермелейді. Яғни «Заң» газетінің беттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 60 пайызына осы телефон себеп болуда. Телефонды тартып алу, ұрлап алу, сатып жіберу сияқты істер қылмыстық кодекспен жазаланады. Мектеп инспекторларының жылдық есептерінде әр мектептегі құқық бұзушылықтың ұқсас екенін және оның ұялы телефонмен байланысты екені айтылған. (Мәліметтер «Заң» газеттері беттерінен келтірілді).

3. Қазіргі таңдағы оқушылардың білім сапасының нашарлауы, яғни сабақ уақытындағы телефон ойынына қызығуы, сабақты тыңдамауы, көңіл бөлмеуі ұялы телефонның зияндылығын дәлелдейді. Оқушыға сабақ уақытында телефон ұстауына тыйым салғанымен оны барлық бала бірдей қабылдамайды. Осының өзі оның білімге деген құштарлығын жояды деп есептеймін. «Әр нәрсенің екі жағы бар» деген қағидаға сүйенсек, жоғарыдағы дәлелдемелер ұялы телефонның қаншалықты зиян екенін көрсетеді.

Тыңдағандарыңызға рахмет!



Менің сұрағым .............. ..... мырзаға. Сіз кештете үйге қайтып келе жатырдыңыз. Айналада адамдар аз болды, сізге біреу қоңырау шалды. Сөйлеспекші болған кезде, сізді біреу ту сыртыңыздан соғып, телефонныңызды алып кетті, есіңізді ауруханада жыйдыңыз. Мыйыңызға зақым келген. Осы жерде телефонның тікелей зияндығын мойындайсыз ба? «Жақтаушы» топтың 2 спикері Заманбектің пікірі:
Армысыздар құрметті көрермен қауым,ұстаздар!
Мен Рахмашев Заманбек өз тобымның №2 спикері. Біздің тақырыбымыз: “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қолдаймын. “Адам-өзіне қажетті нәрсені тек өзі біледі” деген екен бір ғұлама. Әр заман өзгерсе де,адам өзгермейді. Тек адам өз заманына бейімделеді, лайықталады. Біздің заманымызда біздер үшін әр түрлі өзгерістерге толы болуда. Солардың басым бөлігі техника жетістіктері болып табылады. Бүгінгі сөз болып отырған ұялы телефон да техникалық құрал. Ол тек хабар беру құралы емес. Оның өз функциясын атқарар әр түрлі ерекшеліктері бар. Бұл әр мамандыққа байланысты өте қажетті дүниелер.

1-ші дәлелдемем: Ұялы телефонның қазіргі уақытта пайдалылығы,яғни қажеттілігі. Оның калькулятор,интернет,камера,видео сияқты функциялары қай мамандықта да пайдалы. Керекті хабарды, ауа-райын, валюта курсын, жаңалықтарды да осы телефонның көмегімен білуге болады. Ол үшін компьютерді бірге алып жүру қажеттігін азайтады. Олай болса, әр түрлі саладағы қызмет адамдарына ұялы телефон пайдалы.

2-ші дәлелдемем: Адам күні адаммен дегендей біздің арамыздағы әр түрлі қарым-қатынаста ұялы телефонның маңызы зор. Қуаныш пен қайғыда қалаған адамның көңілін табу да адамгершілік. Олай болса,ұялы телефон қарым-қатынасты реттейді. Қазіргі алтыннан уақыт қымбат заманда жаныңа жақын адамыңның көңілін тауып,жай-күйін сұраудың зияны жоқ шығар деп ойлаймын.

3-ші дәлелдем: Ұялы телефон арқылы қазіргі заманда жұмыссыздықты азайтуға болады, сол жерде ол өз үлесін қосуда. Телефонды сату, қызмет көрсету аясында еліміздің мыңдаған адамдары қызмет етіп, жалақы алуда. Яғни, заманына сай жұмысы болса, неге оның пайдасын көрмеске. Жалпы сауда экономиканы дамытып, қажетті жұмыс көзін ашатын бірден-бір жол. Сондықтан зиян деп жер шарындағы миллиондаған халық тұтынып отырған тауардан бас тартуымыз дұрыс та, мүмкін де емес дер едім. Ұялы телефонды қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі, зиянынан пайдасы көп деп есептеймін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!







«Даттаушы топтың 2 спикері Диананың ойы:
Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Досымова Диана

Өз тобымның №2 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телфонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. Өзіне ненің қажет, ненің қажет емес кенін жете түсіне бермейтін жас өспірімдерге ұялы телефон аса қажетті дүниеге айналды. Телефонды ойлап тапқан өнер тапқыштар осы телефонның бизнеспен айналысатын, уақыты тығыз, уақыты ақшамен есептелінетін жандарға арналғанын айтқан. Сонымен бірге зиянды тұстарында ескеріп, қауіпсіздік шараларын да бірге жеткізген. Алай да осы ережелерді ешкімде сақтамайды. Осы ережелерге байланысты менің бірінші дәлелдемем.

1) Ұялы телефонды жатын бөлмелерге түнгі уақытта қоюға болмайды. Заряд көзіне қосып қоюға да тыйым салынған. Яғни ток көзіне қосылған телефон да, қосылмаған телефон да жаңбырлы, найзағайлы күндері, не магнит күндері жарылғыш бомбамен тең. Ал қазір жастығымыздың астында жатырған әр телефонның соңы не боларын кім білсін. Өздерін бизнесмен деп есептейтін әр адамның осы телефонға тым әуестігі түсініксіз жағдай. Яғни өміріне аса қауіпті екенін де түсінбегені ме? (Интернет сайтынан
алынды.)

2) Қазіргі нарық қысқан заманда ұялы телефон ақша жоғалтудың басты себебі; әр ай сайын бірнеше мың бірлікті салатын әр адам ұялы телефон компанияларының қалтасын қалыңдатып отыр. Кейде тым қажетсіз уақытта да қыруар бірлік кетіретін телефон жалақысы аз, көпбалалы отбасы бюджетіне көп салмақ салуда. Бір жанұяда бірнеше теефон болса, ай сайын 5 – 6 мың теңге орта есеппен желге ұшады. Немесе ұялы телефондармен ойнатылатын жалған ұтыс ойындарынан да көптеген адамдар алданып, бірнеше жүздеген мың теңгелерінен айырылғаны да белгілі жағдай.

3) Ұялы телефон адамдар арасында мәдениетсіздіктің белен алуына себеп болуда. Көпшілік орындарында, мәдени театр, кино залдарында телефонды айырмау, онымен сойлесу, күлу сияқты қылықтар адамдардың мәдениетін төмендетеді. Жаны күйзеліп, ауырып отырған адамға телефон қоңырауы адамға басқаша әсер етеді. Оны қазіргі таңда ешкім елемейді. Олай болса моральдық тұрғыдан адамды аздыру ұялы телефон еншісінде екенін көреміз. Жоғарыдағы дәлелдемелерді келтіре отырып, ұялы телефон өте пайдалы деген пікірге келіспеймін «Жаңаның бәрі жақсы емес» дей келе, ұялы телефонға тым әуестік жақсы нәрсе емес деп ойлаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет! «Жақтаушы» топтың 3 спикері Максаттың пікірі:
Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Қасымов Максат өз тобымның №3 спикері. Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қорытамын. Жоғарыда жақтастарым дәлелдеп өткендей аядай ғана ұялы телефонның адам баласына пайдасы жетерлік. Жалпы адамзат үшін ең басты нәрсе – өмірі мен денсаулығы болса,оны сақтауда,ұзартуда яғни дер кезінде алғашқы жәрдем шақыру да осы телефонның еншісінде екен. Сонымен қатар хабар алу, мәлімет алу, бизнесті өркендету сияқты маңызды нәрселерде де ұялы телефон тиімдірек.

Ғылым мен техника қарыштап алға дамыған заманымызда әр техника өмір талабына сәйкес ойластырылып, пайда болады. Яғни ол белгілі қажеттіліктен туындайды. Ал оның зиянды жағы, пайдалы жағынан кейін айтылады. Барлық техникалық зиянын ғалымдар болжай алғанымен, нақты дәлел келтіре алмайды. Сондықтан пайдалы техниканы атом бомбасына теңеу дұрыс пікір деп ойламаймын. Ғасыр қасіретіндей болған Семей полионы, Азғыр, Нарын аймағындағы халықты сол кездегі саясат өкілдері айтпай сан жылдар улап келген жоқ па?

Ал ұялы телефонның зияны әлі дәлелденбеген бір жақты пікір. Яғни оның зияндылығына болжам ғана бар дер едім.

Техниканың қай түріне де нұсқау жасалады. Оны қолдану уақыт, ескерілетін жайларды техника кітапшаларына жазылады. Сондықтан ұялы телефонды қолдану бағытын,өз ережелерін сақтаса орасан зор зиян келтірмес еді.

Әр адам ұялы телефонның өзіне, баласына қаншалықты қажет екенін таразыға салып барып сатып алу керек деп ойлаймын. Өз денсаулығына алаңдаған, бизнеспен айналыспайтын, жақындарынан жақын тұратын адам ұялы телефонды қолданбай-ақ қоюға болады. Қазақ халқы еліктегіш деп жатамыз ғой, біреуде бар деп, біреуден озам деп, ұялы телефонды сатып алып, жатса,тұрса жаныңда ұстау дұрыс емес. Осы орайда ұлы ақынымыз Абайдың “Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден” деген өлең жолдары еріксіз еске оралады. “Өз орнымен,өз уақытымен” деген пікірдегі дана халқымыз әр нәрсенің де уақытымен болғанын көздесе. Уақыт,дәлдік деген ұғымдарды реттейтін пайдалы техника құралы ұялы телефонды өз орнымен қолдануға үйренсек қана, оның зияндылығы сөз болмас еді деп пікірімді аяқтаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет.
«Даттаушы» топтың 3 спикері Бекарыстың ойы:
Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Сабиров Бекарыс.

Өз тобымның №3 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телфонның зияны да жетерлік» деген пікірді қорытамын.

Жоғарыда менің тобымның спикерлері дәлелдеп өткендей, заманның басты проблемаларының бірі ұялы телефон. Қылмыс пен құқықбұзушылықты өршітіп, денсаулыққа зиян келтіретін, қосымша қаржы талап ететін ұялы телефонды ешкім зиянсыз деп кесіп айта алмайды.

Жас пен кәріге ойыншық болған осы техника жетістігі, қажетті де, қажетсіз де жағдайда қолданылады. Тек жасөспірімдер арасындағы қылмысқа ғана емес, жалпы адам өлімі, зорлық, ұрлық сияқты қылмыстарға осы телефонның себеп болатыны айғақ. Сонымен қатар, жалған қоңырау шалу сияқты құқық бұзушылықта осы телефонның еншісінде.

Ұялы телефон қазіргі қиын экономикалық дағдарыс уақытында көп балалы жанұя ата –анасымен, ауқатты жанұя ата – анасының арасындағы ара жікті ашатын зиянды құрал болды. Ауқатты отбасы баласының құны 40-50 мың тұратын телефонын көрген көпбалалы, не жұмыссыз отбасы баласы өзін бейшара санап, өмірден түңілуге дейін жағдай туғызады. Бұл дегеніміз жалпы ұрпақ тәрбиесіне келетін орасан зор зиян.

Сонымен қатар соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы төбелесті телефонға түсіріп, бір – біріне көрсету де үлкен тәрбиесіздік. Балалар арасындағы адамгершілік, достық, аяушылық қасиеттердің жойылуына ықпал ететін осы ұялы телефон. Қазіргі кездегі осындай техникаларға қызыққан балалар әлжуаз, ашуланшақ, білім мен спортқа қызығушылығы аз дүние қоңыз болып өседі. Бұл жерде әңгіме жасөспірімдер жөнінде. Себебі, «бала адамның бауыр еті»- деген халқымыздың қағидасына сүйенген ата – ана, баласы үшін соңғы тиынын санап, қымбат ұялы телефон алып береді. Ол керек емес, зиян дейтін бала жоқ. Сонда кішкене ғана осы зат жалпы адамзатқа, тәрбиеге, денсаулыққа зиян екені белгілі болды емес пе?

Ендігі жерде осыған тоқтау болар тек әр адамның сана түйсігі деп ойлаймын. Болашақ ұрпаққа ,яғни, сіз бен біздей жасөспірімдерге ұялы телефонды орынды қолдануды үйреніп, жақсы мен жаман жағын таразылай білейік дегім келеді.

Қорыта келе, ұялы телефонның зияны жетерлік деген пікірді қолдаймын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сұрақ: Ғалымдар дәлелдегендей ұялы телефон бар бөлмеге қызыл тарақандар, тышқандар жақындамайды. Себебі олар өзіне келетін зиянды сезеді екен. Ал адамдар соны біле тұра, неге ойланбайды? Ойынды қорытындылау: Қорытынды сөз сарапшылар тобына беріледі. (сарапшылар қорытындылайды, «Үздік топ», «Үздік спикер» номинациялары беріледі.)

Жүргізуші: Баршаңызға рахмет. Әр қайсыңыз ұялы телефонның пайдасы мен
зиянын айыра біліп, өздерініңіз дұрыс шешім жасайды деп түсінеміз.



 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«?ялы телефонны? пайдасы жетерлік (зияны да жетерлік)».

Автор: Утешев Серик Утешевич

Дата: 21.11.2015

Номер свидетельства: 256415


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства