kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туым т??ырлы, Елта?бам е?селі, ?н?раным айбатты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 8«А»

Та?ырыбы: Туым т??ырлы, Елта?бам е?селі, ?н?раным айбатты

Ма?саты: Елта?ба, Ту, Гимн туралы т?сініктерін ны?айту.Р?міздерді?      пайда болуы ж?не тарихта?ы ма?ызы жайлы т?сініктерді дамыту. О?ушыларды Отан с?йгіштікке, адамгершілікке, Отанына, хал?ына адал ?ызмет етуге, еліні? Туын, Елта?басын, Гимнін ?астерлеп, ??рметтеуге, хал?ыны? тегін, тарихын білуге т?рбиелеу.

Т?рі: ойтал?ы

?дісі: топты? ж?мыс, Эдвард де Боно “6 ойлау ?алпа?ы”, с?ра?-жауап

К?рнекілігі:   слайд, бейнеролик, ?алпа?тар, ж?решелер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туым т??ырлы, Елта?бам е?селі, ?н?раным айбатты »

Сыныбы: 8«А»

Тақырыбы: Туым тұғырлы, Елтаңбам еңселі, Әнұраным айбатты

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі: ойталқы

Әдісі: топтық жұмыс, Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы”, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, қалпақтар, жүрешелер

Сабақ барысы:

Сыныпты шеңберге тұрғызып, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген жүрекшелер (жүрекшелер алты түсті) арқылы топқа бөлу








Қолдарына алған жүрекшелерді рәміздерге деген ерекше сезім, махаббатпен жүрек тұсына қойып тұрып, Гимн орындау.

(Сыныпты жүрекшелерде бейнеленген рәміздердің бейнелері арқылы үш топқа бөліп отырғызу)

Кіріспе сөз

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. 

Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің жарқын бейнесі. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде төл рәміздеріміз де дүниеге келді. 1992 жылдың 4 маусымында  Елбасы Н.Назарбаевтың қол қоюымен тұңғыш рет еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимн қабылданды. Арнайы  Жарлыққа сәйкес, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтетін болдық.

Рәміздер — белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс-ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын білдіретін белгі. Әр елдің Мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени, тарихи жағдайларына байланысты қалыптасады. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі ерекше.

Рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекетті мемлекеттік саяси рәміздерсіз елестету мүмкін емес. Әрбір Қазақстан азаматы Мемлекеттік рәміздерді аялауға, жанашырлықпен қарауға, құрметтеуге, сонымен қатар жұмыс орнында дұрыс қолдану мен насихаттауға жүктелген жауапкершілікті түсінуі тиіс. Мемлекеттік Тудың түсі оңып кетпеуін, бүлінбеуін, биікте желбіреп тұруын қадағалап, бақылау жұмыстарын жүргізуі қажет.


Бейнеролик тамашалау

Бейнероликті тамашалай отырып әр топ өзіне қажетті мәлімет жинақтап отырады. Бейнероликті тамашалап болған соң әр топ

«Тұғырлы Туым»

«Еңселі Елтаңбам»

«Айбатты Әнұраным» тақырыптары бойынша бейнероликтен жинақтаған мәліметтермен бөліседі, постер қорғайды

Өзіміз туған аулымызыда рәміздері қай жерлерден көріп жүрміз?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады, жауаптан соң оқушыларды сабақтың басында үлестірілген жүрекшелердің түсі арқылы алты топқа бөліп отырғызу)

Слайд арқылы оқушыларға суреттер көрсетіледі.

Суреттерді көргенде қандай сезімде болдыңыз?

Рәміздеріміз тиісті дәрежеде, дұрыс қолданылып келе ме?

(Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы” арқылы өз ойларын білдіреді)

6 қалпақ

  • Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Рәміздердің қолданылуына байланысты нақты деректер мен фактілер келтіреді.

  • Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Рәміздердің қолданылуына байланысты өздерінің ішкі сезім, пікірлерін білдіреді

  • Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Рәміздеріміздің дұрыс қолданылмайтынын айтып, қарсы шығады. Рәміздерді қолданудағы кемшіліктерге тоқталады

  • Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Рәміздерді қолданудағы кемшіліктер болса да, жасалып жатқан жұмыстардың жақсы жақтарына тоқталады.

  • Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Рәміздерді қолдануға, насихаттауға байланысты жаңа ұсыныстар мен идеялар айтады

  • Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Барлық айтылған ойларды қорытып, өздерінің ішкі сезімдерін білдіреді.

Қорытынды

Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды биіктетіп, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.

Ұлттық рухымызды асқақтататын қазақ елінің рәміздерін әрқашан биік ұстайық!

Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды.

Кері байланыс

Туымыз әрқашан биіктен желбіресін деген мақсатпен тақтада ілулі тұрған бәйтерекке көк стикерлерге жазылған тілектері мен сабақ туралы ойларын жазып, жапсырады.


Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шакирова А.Қ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Туым т??ырлы, Елта?бам е?селі, ?н?раным айбатты

Автор: Шакирова Айымк?з ?уат?ызы

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства