kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздікті? а? жолы" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздікті? 24 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты. ?ткізілу формасы ауызша журнал. І беті "Т?уелсіздік бізге о?ай келмеді." тарих?а шолу, ІІ беті "Желтоксанда ?зілген жау?азындар," ІІІ беті "Т?уелсіздігімізге 24 жыл" , ІV беті "Жаса, ?аза?станым!"шы?армашылы? с?т.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздікті? а? жолы" т?рбие са?аты»


Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ақ жолы»

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.
Өткізу формасы: ауызша журнал
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.

Жоспары

І беті «Тәуелсіздік бізге келмеді...» тарихқа шолу.

ІІ беті «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» құрбандар туралы мәлімет.

ІІІ беті «Тәуелсіздігімізге 24 жыл» мерекелік ән-шашу.

ІV беті «Жаса, Қазақстаным!» шығармашылық сәт.
І Ұйымдастыру бөлімі:

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 24 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 29 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оған дәлел үшін бір сәт тарихқа үңілейік.

І беті

Жүргізуші:

Атыңнан айналайын қазақ деген

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем

Сақтасаң сақтығыңда сағың сынбай

Көрсең де көресіні азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда тірлік бар деген бабам

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз!


Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті. 1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты. Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда. 1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз. 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді. 1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді. 

Сол кездерден бері ата- бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап келді

«Үш би » көрініс, «Қазақ елшілері» көрініс, «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетіледі.

ІІ беті
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Бибіханым: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Мөлдір: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Нұрқұйса: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Үміт: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Көрініс қойылады.

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Нұрдәулет- Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Нұрқұйса- Савицкиді өлтірген сен бе?
Ұлан : Жоқ, мен емес.
Нұрдәулет : - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Ұлан : - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Ернұр : Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Алмат : Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.
ІІІ беті
Назерке: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Мейірім: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!

Әмина: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Мирамбек: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Мерует: Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Исламбек: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
ІV беті

Оқушылар тақырыпқа сәйкес шағын эссе жазып, үй тапсырмасы ретінде дайындап келген тәуелсіздік , туған жер туралы суреттерін, макеттерін қорғайды.





№5 орта мектеп










«Тәуелсіздіктің ақ жолы»

(ауызша журнал)




Өткізген: Жангельдина Мерует Хасенқызы

Класс: 5 «Г»





Шалқар қаласы

2013-2014 оқу жылы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Т?уелсіздікті? а? жолы" т?рбие са?аты

Автор: Жангельдина Мерует Хасеновна

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273367


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства