Тарих кеші ?немі жа?аланып отырады. Десе де ?мытылмайтын, ескірмейтін тарихи о?и?алар бар. Соны? бірі ?лемді д?р сілкіндірген екінші д?ниеж?зілік со?ысты? ?асіреті мен ?лы Же?істі? ?асиетін, батыр а?аларымызбен апаларымызды? ерлігін ешкім де еш?ашанда ?мытпа? емес. 2015 жылды? мамыр айыны? 8 к?ні А?су негізгі мектебі о?ушылары ашы? т?рбие са?атын ?ткізді. Ашы? т?рбие са?атында ?лы Отан со?ысы миллионда?ан адамны? ?мірін алып кеткен, талай бозда?ты ?ыршыннан ?иып, ананы жесір, с?биді жетім еткен ?анды шай?астар?а толы 1418 к?н мен т?н еш?ашанда ?мытылма? емес. Ол м??гі есімізде са?талды. Соларды? есімін жас ?рпа? есінде м??гі ?алдыру –баршамызды? азаматты? борышымыз. Еліне, ту?ан жеріне оралмай, жат жерді? топыра?ы б?йыр?ан ерлерді біз ?р?ашан ??рметпен еске аламыз деп бір минут ?нсіздікпен еске алды. Ашы? т?рбие са?атында «21 июнь 1941 жыл», «Анасыны? баласынан хат алуы», «Же?іс» к?ріністері мен видеофильм к?рсетілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«т?рбие са?аты "Же?істі? ?рпа?тарымыз"»
Ақсу негізгі мектебі
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
2015 жыл
«Біз Жеңістің ұрпақтарымыз»
Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу. Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық ақпарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б. Барысы: 1-жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем шуақ-9май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, Кездейсоқ па көктемге сай келуі. 2-жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы 9 май күні, Алмастырған қуанышқа қайғыны. 1жүргізуші:
Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті. 70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл - шуақты күн таратты әнін. 70 рет - көктемде сонан бері, Ашылды Жеңіс күннің парақтары. 2-жүргізуші:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басын иіп бір минут Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(бір минут үнсіздік жарияланады.)
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Көрініс: «21 июнь 1941 жыл» 21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.» 1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?» 2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?» Азамат: Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар? Бәрі: Отан үшін аттанайық! 1 жүргізуші: Уа, халқым! Күн туды сенің басыңа, Жау кірді сенің жеріңе, Сұм фашистен қорғауға, Аттан, халқым майданға! 1 жүргізуші: Солдаттың көкірегі толы арманы, Оқ жаңбыр астында да жоғалмады, Отан мен анасы үшін «Алға» деді Амал не,
Көпшілігі оралмады. «Алар жау сыбағасын оңбай бізден», Шығамыз Соңғы күшпен, Соңғы айбынмен, Қорғаймыз байтақ елді, Өйткені оны Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген. 2 жүргізуші: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды.
Ән: Ж. Сейілов «Ана туралы баллада»
1 жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын, Отан үшін жан пида болды үлкен сын. Ер азамат жауменен арпалысса, Әйелдер терін төкті майдан үшін Аналар қоштасқанда асылымен, Арулар қош айтысты ғашығымен Балалықтың базарын ерте жауып, Талай жұмыс істеді бала өркен. Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды, Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды, Кемпір шал, әйел бала ауылдағы, Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды..
Ән: В.Тайманов «Қазақ қызы.» 1-Жүргізуші:
Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.
«Әлияның хаты», Айдананың орындауында
Ән: С.Бәйтереков «Әлия» Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні! Көрініс: Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады. «Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?» Өлең: «Сүйінші, халқым сүйінші»
Сүйінші, халқым, сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата – анамыз Шаттан, ата – бабамыз. Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен. Жеңдік жауды күресте, Жасалсын той – мереке. Басына бұлт шақырған, Бұлттан бомба атылған.
Оқтары қан қақырған, Халыққа қол батырған. Кеудесінен жай түсіп, Гүр естіп, күлі көкке ұшып, Кәрі Берлин құлады
Би: «Қазақша би»
1-оқушы:
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып, Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып, Жауды жойып батырлар елге оралды, Ата-анамен қауышты құшақ жайып. Мамыр келді ағаштар бүрін жарып, Бейбіт өмір оралды күні жарық. «Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың Ұшымен көздің жасын сығып алып. Аспанда күн жарқырап күліп тұрды, Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды. Соғыстан соңғы сәби күлкісімен Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
2-оқушы:
Қанды майдан, қызыл өрт борандаған... Талай боздақ сол өрттен оралмаған Мен бүгінде бақытты болып жүрсем Бұл – солардың қызығы көре алмаған. Уақыт - тұлпар күндерді ала қашып, Жеңістен соң жетпіс жыл ара қашық Қашқан сайын уақыт олар жақын, Ұлы істерге бізбен жүр араласып 3-оқушы:
Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер, азайып барасыңдар Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар Жасқанбаған жауынан жарақты ер Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Ән:Қ. Құрманәлиев «Қариялар азайып бара жатыр»
4-оқушы
Жасасын Жеңіс , еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғатты.
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын.
Осы тілекпен, баршы халайық, түрегел.
Ән: Ш. Қалдаяқов«Бейбіт күн тілегі»
2 жүргізуші: Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Мұнда қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды. Он жылға тарта созылған Ауған соғысына 22 мың Қазақстандық қатысқан. Соның ішінде біздің жерлестеріміз Есімсеитов Ғабит, Сакенов Төлебай, Смаилов Бейбіт, Мусин Жарқын, Шамбиев Серік, Бегімбетов Қибат ағаларымыз қатысты. Бүгінгі күні арамызда Смаилов Бейбіт, Мусин Жарқын, Шамбилев Серік ағалар жоқ. Сол кісілердің рухына арнап бүгін ауылымызда ескерткіш қойылды. Ауған соғысына қатысқан барлық азаматтың ерлігіне тағзым етеміз.