Медина: New Year,Everything-Everything is renewed,
He opened the curtain to surprise the beauty too.
"I don't know," I said..
I'm in the same position, in a puddle of sadness.
Жылан: Жарайсыңдар, балалар, енді менде сіздермен қоштасу биін билеп кетейін!
Би: “One dance” 8a
Жыланмен қоштасу!!!
Фон . III КӨРІНІС. «ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛЕДІ» Едіге(3 минут)
(Жаңа жыл сахнаға шығады)
Жаңа жыл:
Сәлем, балалар!
Мен осы жылы қуаныш пен бірлікті әкелемін.
Бірақ сендер не істеп жатырсыңдар?
Телефонға кіріп, бір-біріңді ұмытып кетіпсіңдер…
TikTok (ұялып):
Біз тек көңіл көтергіміз келді…
Instagram:
Әдемі сәттер қалсын дедік…
WhatsApp:
Хабарласу үшін…
Facebook:
Естеліктерді сақтау үшін…
IV КӨРІНІС. «ТҮЙІН» (2 минут)
Хоровод: «Замела метелица город мой!» әні
Жаңа жыл:
Бәрің де керексіңдер.
Бірақ шектен аспаңдар.
📌 Телефон – құрал,
❤️ Ал өмір – тірі қарым-қатынас!
Уақыт сақшысы:
Бұлай таласып тұрғанымыз болмас.
Жаңа жылдың шырайын кіргізетін, бәріміз қуана күтетін, оң шешімін беретін – Аяз ата мен Ақшақар ғой. Олар келгенде, мереке де, көңіл де жарқырай түседі.
1-жүрг:-Қане,бәріміз бірге шақырайық. Аяз ата ,Ақшақар!!!3-рет
Фон: Выход
Аяз ата: Уа,жұртым жиналған
Көңілдерің дүр маржан.
Айналайын қыздардан
Айналайын ұлдардан.
Аяз ата ,Ақшақар
Жетті жолдан қиналған.
Ештеңе емес барлығы.
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой
Өтіп кеткен жылдардан!
Амансыңдар ма, достарым! Биыл сендер сондай зерек, сондай алғыр болыпсыңдар! Мен жолға шыққанда телефондарыңнан мыңдаған жарқыраған смайлик, жүрекше, “күтеміз!” деген хаттар келді. Мен оны көріп қатты қуандым! – Бірақ бір нәрсені білесіңдер ме? Ең әдемі хабарлама – телефоннан емес, баланың жүрегінен шыққан жылы сөз. Бүгін осы залда сондай жүректер көп екен!
Ақшақар: Балалар, сендер – жаңа жылдың нағыз жарығысыңдар! Тиктокта би билесеңдер – күлкі сыйлайсыңдар, Инстаграмға сурет салсаңдар – әлемді әсемдейсіңдер, Ал мына залда — бізге мерекенің ең үлкен қуанышын сыйлайсыңдар! Уақыт сақшысы сағатты алға жылжытса, сендер уақытты әсемдетіп, мән беріп тұрсыңдар. Өйткені Жаңа жылды ақ қар емес, жарқыраған шам емес, балалардың күлкісі әкеледі!
Уақыт сақшысы: Аяз Ата, Ақшақар, қош келдіңіздер! Бізге сіздердің көмектерің қажет! Мына Цифрлы әлемдер арасында дау туындады!
Аяз Ата: Ол қандай дау?
Уақыт сақшысы: Қазіргі цифрлы әлемде не маңызды? Адами құндылықтар ма немесе заман ағымына қарай.........
Бәлкім, нағыз құндылық — бәрінің тепе-теңдігін табу шығар.
Аяз Ата (салмақты, даналықпен):
Уа, Уақыт сақшысы, бұл дау — жаңа заманның айнасы. Цифрлы әлем — құрал ғана, ал адамдық құндылықтар — оның жүрегі. Егер жүрек болмаса, ең озық технология да суық темірге айналады. Заманауи даму мен адами құндылықтар бір-біріне қарсы емес. Ақыл мен мейірім, жылдамдық пен жауапкершілік, білім мен тәрбие —осылардың тепе-теңдігін табу нағыз маңыздысы.Сонда ғана цифрлы әлем адамға қызмет етеді, ал адам өз болмысын жоғалтпайды. Міне, нағыз құндылық — осы!
Ән: Квартет
Жастар биі: 7а
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да ,қуанышты кезең болсын!
-Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы,айнала неткен керемет! Мына әсем шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәріңізде әп-әдемі боп жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыпсыздар. Бірақ .шыршамыз көңілсіз. Қане, мен сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық!
Бәрі: Қуант,бізді,таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет айту
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап қол соғады»)
Шырша жағу
15. Хоровод Шырша жыры
Аяз ата:- Бәрекелді!!Жаңа жылдық мерекеге қаншама балалар келген?! Кім тақпақ,өлең айтып ,би билесе бәріне сыйлығым бар. Қане,қайдасыңдар?
Монтаж
Айша- Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда,
Аспаннан ақша қар боп тарады нұр.
Тілегім бе? Тілегім – жүрегімнің,
Орындалса болғаны қалауы бір.
Гулбану - За окошком снег идёт
Скоро будет Новый Год!
Дед Мороз в карете яркой
К нам примчит с мешком подарков.
С Новым Годом, с новым счастьем!
обойдут пусть все несчастья
И в любое время года
Всем желаю быть здоровым
И конечно же весёлым
Абуарлан- A happy New Year!
The day is so clear,
The snow is so white,
The sky is so bright,
We shout with all our might:
A happy New Year!
Ақбота - Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып,
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып.
Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Мансур - Новый год легко шагает
Огоньками всюду светит
И улыбку надевает
Всем детишкам на планете
Воздух пахнет мандарином
Волшебством и пряной елкой
Ждём чудес мы очень сильно
С нетерпеньем и восторгом
Саламат- Bring on the new year
Celebrations in the streets.
Bring on the new year
Make sure there’s lots of treats.
Алижан - Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы Жаңа жылды
Олда көптен бірі болып
Қайда қызық болса думан
Аяз ата сонда болды
Күндіз үйде ойнап бізбен
Балалармен бірге болды
Зерде - Welcome teacher, welcome children!
Welcome our parents.
New year day, happy day!
We are all glad and very gay.
We all dance and sing and say
Welcome! Welcome! New year day!
Флешмоб: Санта клаус 8а мен 7а
Аяз ата:-Жарайсыңдар ,балаларым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенімде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды ,білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал,қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын.Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін! Биік шыңдардан көрініңдер! Ендеше балалар мен шаршадым басқада жаңа жыл кешіне барамыз. Сонымен Жаңа Жыл ,келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол,дария,нұр бол,Жаңа Жыл!!
Уақыт сақшысы - Аяз ата, Ақшақар сіздерге біздің алғысымыз шексіз. Көмек бергендеріңіз үшін рахмет. Алда келе жатқан жылқы жылы барлығыңызға тек мол бақыт әкелсін
Ақшақар: Жаңа жылда барлығыңызға жақсылық тілеймін!
Жылқы: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жылда кездескенше Сау болыңдар.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар !!!
17.Фон: «Аяз Ата, Ақшақар, Жаңа жыл» кетуі
Хоровод- Жаңа жыл –Дәрібаевтар!
1-жүрг: -Міне, қымбатты балалар, бірлесіп,достасып өткізген мереке қашан да қуанышты өтеді. Достық,бірлік бәрін де жеңеді.
Құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар! Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!