kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру. Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету.        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні»

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№5 Шонжы орта мектебі»КММ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні





8 «ә» сынып жетекшісі: Молотова Г.К.



Тақырыбы: 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні


Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.Азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру. Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.Елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу Алғашқы көмек қалай көрсетуді үйрету.        

    Ұйымдастыру: Сәлемдесу.

Барысы: І. Психологиялық дайындық. «Ризамын»

бөліну: «Ауа» «Күн» «Жер» «Су» «Зат»
    Сабақтың мақсатын айту: Балалар бүгін біз «Азаматтық қорғаныс» деген қандай ұғым беретіні туралы оқып білеміз. Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.Қалың қазақ жұрты бүгін қос бірдей мерекені қарсы алып отыр. Бірі - жер-дүниені дүр сілкіндіріп, қуаныш сыйлай келген "жаңа күн", яғни көктемнің алғашқы айының алғашқы күні болса, екіншісі - дүниежүзілік азаматтық қорғау/қорғаныс күні.

АҚ-тың негізгі міндеттері:

1). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.

2). Бастырмалатқан соққылардың нәтижелігін бәсеңдету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.

3). Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.

4). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою

І. Ой қозғау Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды атап өтіңдер:
Жер сілкінісі
Су тасқыны
Сел
Өрт
Дауыл
Лай көшкіні
Көк тайғақ
Қар көшкіні
Найзағай
Құрғақшылық
Цунами

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.
Метеорологиялық – боран, бұрқасын, смог, дауыл.
Гидрогеологиялық – су тасқыны, цунами, тайфун.
Табиғи өрттер – ормандық және далалық
Биологиялық – эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.
Ғарыштық – астероиттар, каметалар, сәулелену.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар
Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар
Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар
Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро)
Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар
Коммуналды және электр жүйесіндегі апаттар

Жер сілкінісі – жер асты соққылары (дүмпулері) және жердің үстіңгі қабатының теңселуі, оның ішіндегі энергия процестерінің қозуынан пайда болады.

Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.

Сел (гидрологида «саиль» сөзінен - «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50 - 60% ағын көлемі) ағыны.
Сұрақтар

  1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

Жауап: АҚ- елдің қалың, шаруашылық обьектілері мен аумағын ядролы химиялық бактериялық қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар.

  1. Қазіргі замандағы жаппай жою құралдарын ата?

Жауап: Жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) құралдар жатады.

  1. Химиялық қару дегеніміз не?

Жауап: Химиялық қарудың негізін улағыш заттар құрайды.

АҚ жүйесіне – шаруашылық объектілер, зауыттар, мекемелер, оқу орындары кіреді. Шаруашылық объектілерінің АҚ басшысы кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының директоры болып табылады, ол өзінің бұйрығымен АҚ штабын тағайындайды. АҚ штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады, ол штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты

    Дүниежүзілік азаматтық қорғау/қорғаныс күні 1991 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді және жыл сайын 1 наурызда аталып өтеді. Бұл дата 39 жыл бұрын, халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы құрылған күні күнтізбеге енгізілген. Оған 50-ге тарта ел кіреді. Қазақстан 1996 жылы ұйымға мүше болды. 

   Дүниежүзілік азаматтық қорғау күнін мерекелеу екі басты мақсатты көздейді:
- азаматтық қорғау маңызына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару және зілзалалар немесе апаттар болған жағдайда халықтың өзін-өзі қорғауға дайындығын арттыру;
- азаматтық қорғау саласының ұлттық қызметтерінің ерен еңбегін бағалау;

Елімізде бұл күнді алғаш рет 1998 жылы атап өтті, ХАҚҰ-ға кіргеннен кейін, дәстүрлі мерекеге айнала шықты. Бұл күндері еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Азаматтық қорғаныс қызметтерінің рөлі мен міндеттері туралы кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуден басқа, оқу орындарының оқушыларымен оқу-жаттығулар, «Ашық есіктер күні», конкурстар, интерактивті сабақтар, жабдықтар, жарақтар мен авариялық-құтқару техникаларының көрмелері өткізіледі.

    Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Ендеше, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке құтты болсын! Елім дейтін айбынды азаматтарымыз қашанда аман болсын!

Төтенше жағдай және қауіпсіздік ережелері

  Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді: Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт). Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар).

Жер сілкінісі кезінде : Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз; Газ, су және жарықты сөндіріңіз;

·Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):

Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;

Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден

Жер сілкінісен кейін:

   Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз; ·Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз; ·Радиоқабылдағышты қосыңыз; ·Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз; ·Ашық отты пайдаланбаңыз; ·Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

Өрт:    Отпен жұмыс істегенде абай болуға; ·Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына; ·Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге; ·Автокөліктен шыққан жалынға; ·Күн күркірегендегі найзағайларға; ·Майланған материалдың үйкелісіне; ·Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

   Қоқыс пен оттықты тастамаңыз; ·Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз; ·Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз; ·Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз ·Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін; ·Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз. ·Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

АБАЙЛАҢЫЗ:      СУ

   Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, ішімдікке шалдыққандар  мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.

Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:

  белгі қойылған жерден аспаңдар! ·рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар; ·балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;

доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;

·суда бұзықтық жасамаңдар; ·өтірік дабыл көтермеңдер;

                   ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

·ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз; ·паналайтын орныңызды үлкейтіңіз; ·ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса   балауыз жағыңыз.

           Үсіген адамды жылыту жолдары:  ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй    немесе кофе  беріп тамақтандыру қажет..

Қорытындылау:
Қандай ақпараттар алдық?
-Балалар сендер азаматтық қорғаныстың не екенін өздерің түсіндіре отырып көрсетіп бердіңдер. Абайсызда осындай жағдайларға кезігіп жатсаңдар осы тәжірбиемізді өмірде қолданамыз.





























1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс. Мен және төтенше жағдайлар

Мақсаты: Оқушыларға 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні екенін айта отырып, қауіпсіздік шаралармен, сақтану жолдарымен таныстыру, білдіру. Түрі: топтық жұмыс

Типі: Ақпараттық нұсқаулық

Барысы: І. Психлогиялық дайындық. «Ризамын»

бөліну: «Ауа» «Күн» «Жер» «Су» «Зат»


1. Ақпараттық шолу. Халықаралық Азаматтық Қорғаныс символы. Азаматтық Қорғаныс — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдынала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжейтегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженертехникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математикатехника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтықөндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

2. «Ой толғам » Әр топ өздеріне берілеген сөздер бойынша өз ойларын жеткізуі тиіс. Сөздер: От, су, газ, көше, ток.

3. Видеоролик: «Апатты жағдайлар» Апатты жағдайлардан қалай сақтану шарасын және алғашқы жәрдем туралы демонстрациялау.

. Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде» Әр топ сурет салу арқылы қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді. «Кір жаю» жібіне іліп, қорғау.

. Ойжарыс. Жеке жұмыс. Әр оқушы өз ойын өмірмен байланыстыра немесе қауіпті жағдайлар туралы ойларын ортаға салады

6. Қорытындылау.

байланыс. «Бағдаршам сигналдары » тәрбие сағатынан алған білімдерінің дәрежесін, көңіл күйлерін көрсетеді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тақырыбы: 1 -наурыз Азаматтық қорғаныс күні

Автор: Молотова Гулбадям Курбанжановна

Дата: 14.03.2023

Номер свидетельства: 627522

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(37) "mag_zhan_zhu_mabaiev_suiiemin_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "409261"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492186849"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1370 руб.
1960 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1450 руб.
2070 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства