Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Т?рлет Жа?а жыл! »
Тақырыбы: Төрлет Жаңа жыл!
Сахна безендірілген
Хоровод «Жаңа жыл, жаңа жыл»
Қол ұстасқан оқушылар залға кіреді. Шыршаны айналып ән айтады.
Монтаж:
Бекболат:
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге, Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. Армысың, аманбысың Жаңа жылым. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Қой жылы келгенде, сыйғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Баубек:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер мен көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ,бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын,ағайын!
Алмат:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей қыс әуені.
Жыл сайын тойлататын мәңгі-бақи,
Жаңа жыл құтты болсын,қазақ елі!
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.
Жаңа жыл құтты болсын,нар ағалар,
Жаңа жыл құтты болсын,бар інілер!
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер.
Жаңа жыл құтты болсын,апа-әкелер,
Жаңа жыл құтты болсын,ата-әжелер!
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Жаңа жыл тойы бұл пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға болатындай.
1.Шығыс биі. «9б класс оқушылары»
Ертегі айтушы:
Ерте, ерте, ертеде сонау бір түркі елінде Сұлтан өмір сүріпті. Сұлтанның ай дегенде аузы, күн дегенде көзі бар, үріп ауызға салғандай бір қызы болыпты. Сұлтан сол жалғыз қызына бірнеше жылдан бері күйеу жігіт іздеп, таппай қойыпты.
(Сахнада Сұлтан, 2 уәзірі, кеңесшісі, қызы отырады.)
Кеңесші:
О, сұлтандардың ішіндегі ең ұлы әміршім, Сіздің ең сұлу, көркем, ай жүзіндей қызыңыз ..... аты кім еді, қап, ұмытып қалғанымды қарашы (уәзірлерінен сыбырлап сұрайды) иә, Будур ханшайымға лайық деп тапқан күйеу жігіттердің ішіндегі келесі кандидатты шақыруға рұқсат етіңіз. Күйеу жігіттерге арналған рәсімді ашық деп жариялаймын. Суретке түсіре берулеріңізге болады.
Шетелдіктер:
Үндіс:
О‑о-о, саса форми даф, зе сзиз фантастик
Кәріс:
Бютофль, бютофль
Орыс:
А что, это и есть султан? Звезда в шоке
Сұлтан:
Ох, сен мені мына бір шегірткелерден құтқара аламысың?
Кеңесші:
Еш қиындығы жоқ.
Туристік агенттіктің директоры. (Гүлфарам Төлепкерейқызы)
Турист мырзалар, жан жақтарыңызға алаңдамай, жылдам жүрулеріңіз сұралады. Экскурсия аяқталған соң, сұлтанмен суретке түсулеріңізге болады. 5 доллар тұрып түсу, 10 доллар отырып түсу және 15 доллар сұлтанның тізесіне отырып және тұрып түсу. Ақшаларыңызды маған тапсырасыздар, жылдамдатыңыздар.
Сұлтан:
Керемет...
Ханшайым:
Ох, мына туристерден қалай шаршадым десеңізші әке.
Сұлтан:
Қызызым-ау, оның не, біздің финанс жағдайымыздың төмен екенін білесің ғой, бар үмітіміз туризмде екенін естен шығарма, әрине қалталы күйеу жігіттерден де үмітіміз бар.
Ханшайым:
Әке, мен қалталы жігітке емес, өзім ұнатқан жігітке ғана тұрмысқа шығамын.
Сұлтан:
Қызым, алдымен қалталы күйеу жігітті тауып ал, содан соң ұнатуды көре жатармыз. (Ха‑ха) Достым, келесі жігітті шақыр
Кеңесші:
Әміріңізге құлдық, ортаға 217 күйеу жігіт шақырылады.
Күй: Балғабаев Бексұлтан
Қартамбаев Бағлан
Ниязқұлов Алдаберген
(Өнер көрсетіліп болған соң, сұлтан қуанып 10 бал, кеңесші қалыс қалдым, ханшайым 0бал көтереді.)
Кеңесші:
Жалпы ұпай санын есептей келе, жігіттің басын шабуға шешім қабылданды.
Сұлтан:
Тоқтай тұр, бұл не деген шығыстың жабайылығы, адамның басын шабу оңай деп пе едіңіз, оның үстіне жендетіміз де тек несиеге жұмыс жасап отыр.
Болды мен шаршадым, шыдамым таусылды, қысқасы қызым, әлгі 7-10-17 күйеу жігіттердің біріне тұрмысқа шығасың, айттым бітті.
Ханшайым:
Ал, мен жоқ дедім, келіспеймін бітті келіспеймін. (Қыз тұрып кетіп қалады.)
Сұлтан:
Не боп кетті өзі а, не қызым тілімді алмайды, не халық айтқаныма көнбейді, бұл бір кризис болды ғой.
Уәзір:
О, менің сұлтаным, қызыңыз қарапайым киініп алып, сарайдан жасырын шығып кетіпті.
Сұлтан:
Немене, сендер қайда қарап жүрсіңдер? Енді қайттім?
Ертегі айтушы:
Міне, дәл осылай, ханшайым қарапайым киініп алып, сарайдан жасырын шығып кетеді. Белгісіз бір сиқырлы күштің әсерінен жаңа жылдық кешке тап болады. Енді ол жасырын жүріп, бұл мерекені сырттай тамашалауға және өзі де көңіл көтеруге бел буады.
3.Хоровод. «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмеген де арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
4.Ковбой биі 9б класс оқушылары Мирқанов,Қайрлаев,Әбітаев,Бимаханов,Нұртуған,Өмірбаев
Фон Жағымсыз Музыка ойналады.Аяз Атаның орнына мыстан кемпір мен орман перісі ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Фон Мыстан мен орман перісі кіріп келеді. Екеуі бір-біріне бестік беріп, аяқтарын түйістіріп, мәз мейрам болады.
Орман перісі:
Пай - пай! Біз қайда келдік өзі. Мына шыршаньң кереметін - ай! Үйге алып кетсек пе екен? (Осы кезде орман перісі төменге еңкейіп, мыстан кемпір оны тартып, шыршаның түбірімен жұлып алғылары келеді.) Орман перісі:
Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Жұлу керек. (Сол кезде шырша жанына ханшайым келеді.) Ханшайым:
Амансыздар ма, сіздерге не болған? Бұл шыршаның жазығы не?
Мыстан:
Мынау кім тағы? Ханшайым, мұнда не ғып жүр? Өңім бе, түсім бе? Әй, достым, сенің сұлу қыздан дәмең бар еді ғой, міне саған ханшайым, жүр орманға әкетейік, сиқырлап. Таста, шыршаны, не қыласың?
Фон Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға шана сүйреген Аяз Ата мен Ақшақар және жаңа жыл кіреді.
Аяз Ата: Қызым! Қарашы, біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық.
Аяз ата
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба қыздарым Қандай жарқын жүздерін, Қандай әсем жырларың
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым
Тойларыңа асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Ақша қар:
Сәлем, асыл достарым
Сендерге тілек қосамын
Шырша тойын жасайық
Тойлап көңіл ашайық!
Армысыңдар, балалар, бармысыңдар, балалар. Шыршаларың қандай әсем, өздерің қандай сұлусыңдар.
Жаңа жыл Сағынаев Жеңісбек
Қой жылы жақсылыққа бағыттаған Қоймын мен жаңа жыл табыс тапқан Жаңа жылда барлығыңыз Жаңа үміт таба біл! Жылқы жылының мерекесін Мерекеге жалғаймын Елде, жерде, табиғатта, Бейбіт жолды қолдаймын. Арым - ұят, жаным - халық Қызметім де соларға.
Аяз Ата:
Қарша қыз, Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
мен сақалды атамын, мынау әсем қарша қыз
Дөңгеленіп шыршаны, ән айтайық баршамыз.
Уа, халайық, халайық, қол ұстасып алайық
Шамшырағы жап-жарық, қандай әсем шыршамыз
Ақша қар
Ата, тоқтай тұрыңыз, сіз еш нәрсені ұмытпадыңыз ба? Әсем шыршамыз көңілсіз көрінбей ме сізге?
Аяз Ата:
Ай-ай-ай, қартайған шал деген осы, қалай ғана ұмытып кеткенмін? Бұл қиын іс емес. Бір, екі, үш, жарқырасын маң, шырша оты жан! Қане, бәріміз бірге (Шырша жанады) Аяз Ата:
Түсінбедім, а-а, жаңа ғана маған шығыстың сұлтаны қызының сарайдан қашып кеткендігін хабарлап еді, оны сендер арбап алған екенсіңдер ғой. Қане, қызды жіберіңдер.
Мыстан:
Ойбай - тағы, не дейді. Немене, менің досымның сұлу қызға қарауға хақы жоқ па екен? Аяз - Ата:
АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.
Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір мен орман перісі тұрған бойында қатып қалады.) Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпымызға келтір! Ой, не icтeceк екен. Аяз - Ата: Босатасың ба, қызды? Орман перісі: Жоқ, босатпаймыз Аяз - Ата:
А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім. Мыстан:
Жоқ, Аяз - Ата! Кетпеші, босатамын қызды, тек бізге де ел қатарлы көңіл көтеруге рұқсат етші.
Орман перісі:
Тым болмаса, мына ханшайымның қасында жүріп бір мәз боп қалайыншы.
Аяз - Ата:
Жарайды-жарайды. Мен бүгін көңілдімін, саған рұқсат беремін. Тек көр де тұр, осыдан айлаңа басатын болсаң, менен жақсылық күтпе.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Мыстан:
Рақмет, ескі танысым, сен бізді түсінбесең, бізді кім түсінсін? Әй не қып тұрсың? Кел бері, әлгі турциядан алдыртқан ойындарыңды мына балаларға көрсетсеңші.
5.Ойын.
Орман перісі:
Мен енді бүгін мына ханшайыммен бір билегім келіп тұрғаны.
Әй, енді мен өзімнің сонау Эмираттан әкелген ойындарымның біреуін өз бағасына өткізіп жіберейін.
Орман перісі:
Ау мыстан, сен Эмиратқа қашан барып едің?
Мыстан:
Үндемесеңші, кім біліп жатыр, қайдан алғанымды, айта берейік та.
Қане, маған ортаға 6 адам шықсын, олар екі топқа бөлініп, бір-бірін қармен атуы қажет. Кімге қар тиеді, сол ойыннан шығады. Кім ең көп қарды тигізеді сол жеңімпаз.
Ақша қар
Көрдіңдер ме, біздің балалар қандай өнерлі. Кәне балалар, тағы қандай өнерлерің бар, алыстан шаршап келген Аяз аталарыңның көңілін көтеріп, сыйлығына ие болайық.
6.Хоровод «Орманда шырша туыпты»
7.Би «Жастар биі» 9в класс
Ән: «Жаңа жыл» Абдолова Нұрайым
Ақша қар
Жарайсыңдар, балалар, өнерлерің өрге жүзсін. Ата, біз енді жүрейік, басқа да шыршаларға барып, балалардың өнерлерін тамашалап, сыйлықтарын үлестірейік.
Аяз - Ата:
Дұрыс айтасың , қызым. Басқа да өнерлі балаларды көп күттіргеніміз ұят болар, ендеше балаларыма батамды берейін.
Уа, өрендерім,
Мынау келген қой жылы
Елге бақыт әкелсін
Несібені мол берсін
Білім қуған жастарға
Мұратқа жетер жол берсін
Ақ пейілді жандарға
Шаттық өмір дем берсін
Осы отырған халқыма
Бар жақсылық тез келсін. Аумин!
Ақша қар
Сау болыңдар балалар.
Мыстан кемпір мен орман перісі
Келесі жаңа жылда кездескенше
(Барлығы бірге шығып кетеді)
7.Хоровод «Жаңа жыл.» Дәрібаевтар.
Жүргізуші:
Кәне, балалар, думанымызды одан әрі жалғастырайық.
Би; «Қуыршақтар» биі Әбдіразақ,Досболова,Кинисары
Ойын: Сұлтанов Нұрлыбек
Құрметті оқушылар, жаңа жылымызды одан әрі ойынмен жалғастырамыз. Ол үшін ортаға әр сыныптан 2 оқушыдан шығады. Әр жұптың біреуінің көзі байланады. Жерге төгілген мына бір ойыншықтарды көзі байлаулы оқушы жинайды, ойыншықтың қайда жатырғандығын екінші оқушы дауыстап айтып, бағыт беріп отырады. Қай жұп ең көп ойыншық жинайды, сол жеңімпаз атанады.
Ханшайым:
Ой, достар, қандай керемет! Сіздерге, мынау көз тартар әсем шыршаларыңа қарап, қызығып тұрмын. Бірақ әкемді де сағындым. Мен де енді еліме қайтайын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! (Шығып кетеді)