kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "?аза?стан жолы 2050: Бір ма?сат, Бір М?дде, Бір болаша?."

Нажмите, чтобы узнать подробности

ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?аза?стан жолы 2050: Бір ма?сат, Бір М?дде, Бір болаша?." »

«Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір Мүдде, Бір болашақ». 
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақтадан - Қазақ елі суреттерін тақырыпқа сай көрсету. 
І. Қызығушылықты ояту 
«Миға шабуыл» - 
- - «Қазақстан-2030» туралы не айтуға болады? 
- «Қазақстан – 2050» стратегиясының мәні неде? 
Сынып ұжымын 3 топқа бөлу (13/3) 
ІІ. Мағынаны ажырату 
Мұғалімнің сөзі: «Қазақстан-2050» стратегиясының мәні: бір халық – бір ел – бір тағдыр» болды. Бұл 2012 жылы желтоқсан айындағы Президенттің жолдауының мазмұнына қатысты айтылды. Мұндағы: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел» - бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр» - бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. 
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». 

Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
«Менің отаным - Қазақстан» атты видеоролик көрсетіледі.
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің?
Мұғалім сөзі: Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шет қақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек.

ІІІ. Ой толғау 
« Эссе жазу» - «Мектеп түлегі ретінде Қазақстан дамуына қандай үлес қоса аламын?» - оқушылардың болашаққа арналған жоспарлары туралы хабар алу, жолдау туралы нақты ойларын аңғару мақсатында. 
Қорытынды (сынып жетекші тарапынан оқушыларғы жолдау мазмұнынан ақпарат беріледі) : 
Қаңтар айының 17 жұлдызы күні ҚР Президентінің кезекті жолдауы болды. 
Осымен екінші рет Жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде өтті. Бұл жолы Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Елбасы халыққа кезекті жолдауын алдағы 35 жылда елдің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп Үкіметтің атқаруы тиіс істерін нақтылап берді. Сонымен қатар елімізде жалақы, шәкіртақы өсіп, атом электр станциясы мен жаңадан мұнай өндіру зауыты ашылмақ. 
-2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз. 
Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр. 
-2015 жылдың 1-шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақысы көбейтілсін. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 28 , білім беру 29, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендия 25 пайызға өсірілсін. 
Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. «қара алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен берді. 
- Болашақ атом электр станциясында. Тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. 
-Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. 10 стратегиялық бағыт белгіленген. 
1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады. Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады. 
2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген сұранысы арта береді. 
3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады. 
4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болады. 
5. Тиімді жер нарығы жасалады. Ауыл шаруашылық жерлерін тек инвестиция тартудың және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланудың негізінде жалға беру Қазақстан ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті етеді. 
6. Табиғи азық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды жасақтау басталады. 
7. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылады. 
8. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады. Жұмыскердің денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзі бірдей жауапкершілікте болады және ол медициналық қызмет жүйесінің ең басты талабы ретінде бекітіледі. 
9. Елде қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады. 
10. Қазақстанда мәдениетті саясаттың тұжырымдамасы жасақталады. 


Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: "?аза?стан жолы 2050: Бір ма?сат, Бір М?дде, Бір болаша?."

Автор: Жанелова Алтынай Елемескызы

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154592


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства