Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді.
1-жүргізуші (Қуралай ) Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2-жүргізуші: ( Мади) Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1-жүргізуші (Қуралай )
Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! Мектеп оқушыларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:(Қуралай ) Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің Би орындайтын 5 ,7 «А» класс оқушылары 2-жүргізуші: ( Мади) Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры
Досов Марат Жамантайұлына беріледі.
1-жүргізуші:(Қуралай ) Бақытым-Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. Алдарыңызда бастауыш класс окушыларының қазақтың ұлттық аспапы
«Домбыра » биін қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші:( Мади) Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Би « Атамекен » орындайтын 9 «А» класс оқушылары Жазира
1-жүргізуші: (Қуралай )
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
«Мектеп алды даярлық тобы, оқушыларының Көк тудың желбірегені әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: ( Мади)
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып 1-жүргізуші: (Қуралай )
Қасиетті Қазақстан мекенім
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің
Елім, Жерім Отаным- бақ даулетім
Болашағым , өнер білім өркенім дей келе- 3 «А» класс оқушысы
Омарова Альбинаны Біз бақытты балдырған әнімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: ( Мади)
Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім, Болашағым, өнер-білім, өркенім. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. Ән: «Қазақстаным» орындайтын: мектеп оқушылары . (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
1-жүргізуші: (Қуралай ) Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Екі жүргізуші бірге қосылып Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар