kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Таби?ат тал бесігім" атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Имангалиева Айсауле Оразбаевна   2014 году Закончила Педагогический колледж г.Астаны по специальности Учитель казахского языка и литературы. На уроках использую следующие технологии: критическое мышление, Кейс технологии, технологию "Step be Step ".В данный момент учусь на 4 курсе в Кокшетауском государственном университете имени Шокана Уалиханова.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Таби?ат тал бесігім" атты т?рбие са?аты»

Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тал бесігім!

Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ребус, геометриялық фигуралар, Қазақстан табиғаты жайлы видео, суреттер, хат, гүл, ағаштың макеті.

Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ жауап, топпен жұмыс, ішінара іздену, көрнекілік,

Технологиясы: СТО,АКТ

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Ой қозғау. Табиғат жайлы сұрақтар қойылады. Тақтадан өлең оқылады.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.



Мағынаны тану. Ребус
«Тіршілік нәрі -табиғат».

, ,,,, ,,,,,,, ,,, ,,, ,

,,,, ,, ,,, ,,,, , ,

, ,,,,, , , ,, ,,,,,

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы:

« Табиғатым- тал бесігім». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр.

Сыныпты топқа бөлу.

Геометриялық фигуралар бойынша. Әр бала конверт ішінен бір фигура алады.

Төртбұрыш бірінші топ.

Үшбұрыш екінші топ

Дөңгелек үшінші топ

1 топ- «Жер»

2 топ – «Су»

3 топ- «Өсімдік»

Топ басшыларын тағайындау. Төсбелгілерін тарату.

Топ ережесін жазу. Әр топқа плакат беріледі. Сол плакаттарға топ ережесін жазып оқиды.

Сыныпқа хат келеді.

Балалар, бүгін бізге сыныпқа хат келді. Ол хаттың ішінде не жазылғанын білу үшін біз бірнеше тапсырма орындаймыз.

І кезең. Мақалды жалғастыр. Әр топқа үш мақал оқылады.

«Жер» тобы

1.Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.


2.Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

3.Бір тал кессең,

Он тал ек


«Су» тобы


1.Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.


2.Жаздың бір күні,

Қыстың мың күні


3.Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.


«Өсімдік» тобы


1.Туған жер
— тұғырың,
Туған ел — Қыдырың.


2.Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.


3.Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды.

ІІ кезең. «Қиялға қанат» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа плакат таратылады. Топ мүшелері өз топтарының атауларына байланысты сурет салып, оны қорғайды. Балаларға бірнеше сұрақтар қойылады.

* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.
Оқушылар тақтаға шығып өздерінің салған суреттерін қорғайды.

Қазақстан табиғаты жайында видео көрсетіледі.

Видео бойынша оқушылармен пікірлесу.

ІІІ кезең. Жұмбақ шешу.

Әр топқа бес жұмбақтан жасырылады.

«Жер» тобы

1.Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

2.Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

3.Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

4.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)


5.Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

«Су» тобы


1.Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)


2.Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


3.Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)

4.Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)


5.Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)


«Өсімдік» тобы

1.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)



2.Төбесінде даланың

Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. (Күн)


3.Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)

4.Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)


5.Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


Оқушылар біз берілген тапсырмаларды орындадық Енді хатты алып оқуымызға болады.

О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен-көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.

-Қалай ойлайсыңдар, кімнің сөзі бұл? Кім бізге аманат калдыруы мүмкін?ТАБИҒАТ


Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? деген сұраққа оқушылар жауап береді.


Сабақты қорыту.

Біз бүгін Табиғат ана жайында көп нәрсе айттық,енді осы қоршаған ортаға үлес қосу мақсатында біз гүл отырғызамыз. Гүлді егу үшін не керек? (оқушы жауабы)

Бүгінгі сендердің топтарыңның атауларымен байланысты қазір әрбір топ шығып қажетті шараларды жасайды. «Жер» тобы гүлдің ыдысына топырақ салады. «Өсімдік» тобы топыраққа гүлді егеді. Ал «Су» тобы гүлге су құяды. Бірақ, әр топ шыққан кезде табиғат жайлы өлең оқу керек.

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың



Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетімін

Биікке самғап жетемін.



Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дана қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны


Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Марапаттау.

Рефлексия. Тақтада ілініп тұрған ағашқа оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы жазады. Бірнеше оқушы оқиды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Таби?ат тал бесігім" атты т?рбие са?аты

Автор: Имангалиева Айсауле Оразбаевна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294072


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства