Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!" салтанатты лездеме»
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
1 - Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты салтанатты лездемеге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қазақстанның Мемлекеттік Туы енгізілсін.
Гимн.
1 - Жүргізуші:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған айлық шаралар да аяқталды. Бұл уақыт арлығында мектеп – интернатымыздың оқушылары мен мұғалімдері, тәрбиешілері апталықтың қызықты өтуі үшін өз үлестерін қосып, белсене жұмыс жасады. Бүгін, міне, сол мерекеге арналған салтанатты лездемені ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Директор сөзі...
1 - Жүргізуші:
Біздің ең киелі, қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз.
1 - Жүргізуші:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...
Ақын Жұбан Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай...
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған келесі бейнебаянды тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Осы күнге құмар болған бар текті,
Оның үшін азапты да сан шекті.
Абылайлар арпалысы тек емес,
Қабанбайлар бүгін үшін қан төкті.
Мақсат жоқта өміріңде мән кәне,
Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.
Махамбеттің мерт болуы сол үшін,
Соның үшін басын тікті хан Кене.
Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,
Жаттың үні улады анық ақылды.
Егемендік аңсағаны үшін де,
Алашымның асылдары атылды.
1 - жүргізуші:
Ызғарыңда күндер өтті ызғыған,
Сан кіжіндік, бойда талай қызды қан.
Қайраттардың қиып қыршын өмірін,
Желтоқсанда әзер жеттік біз бұған…
Енді қайтсек қазақ болып қаламыз,
Болашаққа қай деңгейде барамыз?
Бодандықтан қайтсе арылар санамыз?
Соны ұқпасақ көк тиын бар бағамыз!
Ойланатын талай істер бар тағы,
Тіліміз де, діліміз де жарты әлі.
Егемендік еншімізге тиген бұл –
Мойнымызға ауыр міндет артады.
Өмір анық түбегейлі өзгерді,
Өзгергенін, міне, халқым, көз көрді.
Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?!
Ойлан, қазақ, шын сыналар кез келді!
2 - жүргізуші:
Келесі кезекте тарих пәнінің мұғалімі __________ дайындаған баяндама.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман, - деп ақын Қасым Аманжолов ағамыз жырлап кеткен екен. Ендеше келесі кезекті тәуелсіздігімізді жырлаған ақын жырларына берейік.
2 - жүргізуші: Орталарыңызда 8 класс оқушысы мәнерлеп оқу
Тәуелсіздік
Қалқаман Сарин
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
2 - жүргізуші:
Мектеп тік тұр. Қазақстанның мемлекеттік Туы шығарылсын.
2 - жүргізуші:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!, - дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты салтанатты лездеме өз мәресіне де келіп жетті.