kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Жол т?ртібін жады?да ?ста"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты: 1) о?ушылар?а  к?ше  ?атынасы  ережелерін  ?йрету.

                       2) жолда  ж?ру  ережесін  есте  са?тау  ар?ылы білгендерін 

                           пайдалана  білуді  т?ра?ты  да?ды?а  айналдыру;

                       3) о?ушыларды  жол  ережелерін  б?лжытпай  орындау?а, са?ты??а

                            т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ба?даршам, жол  белгілері, плакат?а  жазыл?ан ескерту с?здер,        

                        макеттер,  о?ушыларды?  сал?ан  суреттері.

   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Жол т?ртібін жады?да ?ста" »

Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін үйрету.

2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін

пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;

3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер,

макеттер, оқушылардың салған суреттері.

Барысы:

Залға сап түзеп әр сынып оқушылары музыка ырғағымен кіреді.Әнұран орындалады.


1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар!

Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1 – жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп –

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

2 – жүргізуші: Жалғайын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынамыз басталсын сәлемменен.

1 – жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол полициясы капитаны келіп отыр, сөз

кезегін берейік.

(Жол полициясы оқушыларға жолда жүру ережесі жайлы баяндап, әңгімелеп береді.)

2 – жүргізуші: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп

мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!

1 – жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік.

I – топ. «Бағдаршам»

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашык! Жүрме жолға таласып.

II – топ. «Жол белгілері»

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

III – топ: «Жүргізуші»

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман – есен жүрейік!

IV – топ: «Қиылыстар»

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен.

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Хор: «Бағдаршам».

I – топ: «Бағдаршам»

(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)

1 – оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдерме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

2 – оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер – механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3 – оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4 – оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5 – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливенд қаласында, сосын Нью – Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар Электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6 – оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

II топ. «Жол белгілері»

1 – оқушы: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.

2 – оқушы: Өзі қызыл, ұшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолды болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3 – оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағын.

4 – оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5 – оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

III топ. «Жүргізуші»

1 – оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.

2 – оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.

3 – оқушы: Есігінен артқы

Көлікке сен мінген.

Дәл осы бір сәттен

Құлағынды тіккін.

4 – оқушы: Кезекте сен әлгі

Артқы есіктен кірген.

Енді есіктен алғы

Түсеріңді білгін.

IV топ. «Қиылыстар»

1 – оқушы: Жолдар қиылысында

Қалтарысып қысылма.

Көлденеңнен жол болса,

Кібіртіктеп тоспа оны.

2 – оқушы: Бос болмаса алайда

Сақтық жаса абайла.

Қалмас үшін соқтығып,

Ол өткенше тос тұрып.

3 – оқушы: Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де

Үйренесің біртіңдеп.

(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысты.)

2 – жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты:
  1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты

бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  1. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  2. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

1 – жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

2 – жүргізуші: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

1 – жүргізуші: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Мұғалім: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Біздің мектепте қыркүйек айынан бастап қазан айына дейін жолда жүруге байланысты айлық өтті. Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырды. Әр оқушы «Менің үйден мектепке дейінгі жолым» деген схема сызып, күнделіктеріне бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие сағаттары өтті. Міне, алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері. Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты. (Оқушылар суреттері көрсетіледі.)

Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.

Ән: «Анадай асыл мектебім».

2 – жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз!

1 – жүргізуші: Басталар әр қадамың аттауменен,

Өмірге қол созады әрбір көше

Жол жүру ережесін сақтауменен.

2 – жүргізуші: Жолда жүру әліппесін,

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.

1 – жүргізуші: Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар!

Сақ жүріңдер көшеде!


2 – жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Осымен «Жол тәртібін жадыңда ұста» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.







































Жалпы білім беретін Ақтау орта

мектеп-балабақшасы













2 – сынып



















Мұғалімі: Каримова А.С.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Жол т?ртібін жады?да ?ста"

Автор: Алмаганбетова Гульшат Тілеккабыловна

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162429


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства