kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "ЖИТБ-ХХI ?асыр індеті"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж??тырыл?ан иммунитет тапшылы?ы белгісі туралы ??ым.

2)Ауруды? таралу жолдары ма?л?мат.

3)Ауруды? белгілері.

4)О?ушылар?а ?лестірмелі с?ра?тар.

5)Та?ырыпты бекіту.

6)Бес жолды ?ле?.                                         

Барысы:

Топ?а с?ра?тар беріледі.

1- Топ

1.«Адамны?  иммунитет  тапшылы?ыны?  вирусы  ж??пасы»термині нені білдіреді?

2.Б?л ауру ?алай беріледі?

3.Б?л ауруды? ?ауіптілігі неде?

 

ІІ.Топ

1. «Адамны? денесіндегі ?андай с?йы?тарда ЖИТБ вирусы» кездеседі?

2.  ЖИТБ-ны маса,?ансор?ыштар ар?ылы ж??тырып алу?а

бола ма?

3. Ауруды? алдын алу не ?шін ?ажет?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "ЖИТБ-ХХI ?асыр індеті" »

ЖИТБ-ХХI ғасыр індеті

Мақсаты: жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы мағлұмат беру және оның алдын

алу шараларын ұйымдастыру,оқушыларға бұл аурудың қауіптілігін ұғындыру.

Көрнекілігі: кесте,түрлі суреттер,жұқтырылған иммунитет

тапшылығы белгісі туралы карта.

Жоспар:

1)Жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ұғым.

2)Аурудың таралу жолдары мағлұмат.

3)Аурудың белгілері.

4)Оқушыларға үлестірмелі сұрақтар.

5)Тақырыпты бекіту.

6)Бес жолды өлең.

Барысы:

Топқа сұрақтар беріледі.

1- Топ

1.«Адамның иммунитет тапшылығының вирусы жұқпасы»термині нені білдіреді?

2.Бұл ауру қалай беріледі?

3.Бұл аурудың қауіптілігі неде?


ІІ.Топ

1. «Адамның денесіндегі қандай сұйықтарда ЖИТБ вирусы» кездеседі?

2. ЖИТБ-ны маса,қансорғыштар арқылы жұқтырып алуға

бола ма?

3. Аурудың алдын алу не үшін қажет?


3-Топ

1.Оның вирусы қалай аталады?

2.Оның таралуын қалай тоқтатуға болады?

3.Жұқтырылған иммунитет тапшылығының белгісі.


4-Топ

1.Осы аурумен ауырған адамдарға сіздің көзқарасыңыз

(Аурудың ашылу тарихы).

2.Сыныптас досыңыз осы ауруға тап болса,сен бұл жағдай туралы не ойлайсың ?

3.Бұл аурудың біздің елімізге қауіптілігі бар ма?

1-оқушы:

Жұқтырылған иммунитет тапшылығының блгісі тудырған аурудың соңғы кезеңі.Вирус адам ағзасына еніп алып,қөптеген жылдар бойы байқалмай тіршілік ету мүмкін.

Бұл адамның иммунитет тапшылығының вирусы жұқпасы деп аталады.Бұл ауру кезенде вирус қанның ағзаны аурулардан қорғауға жауап беретін ерекше жасушаларын жояды.Нәтижесінде адам микроптардың жұғуына қарсы тұра алмайды да ,әр түрлі аурулардан өледі.

2-оқушы:

Ауруға шалдыққан адамның денесі түршігеді, әлсіздік пайда болады, іш өту, дене температурасы көтеріледі, қатты терлеу, лимфа түйіндері ұлғаяды, денеде бөртпе пайда болады, салмақ азаяды, жөтелу пайда болады.

3-оқушы:

Жұқпаның негізгі көзі ауру адам, жыныс қатынасы, жүкті анадан балаға, қан құю кезінде зақымдаған қаннан, нашақорлардан жұғады.

4-оқушы:

Аурудың вирусы ұзақ жылдар бойы адам ағзасында тіршілік етуі, бірақ білінбеуі мүмкін. Көп жағдайда вирус жұқтырған адам өзін сау адамдай сезінеді, оларда ауру белгілері білінбейбі. Қауіптілігі ауруын басқаларға таратады.

5-оқушы:

Адам денесіндегі 4 сұйықтарда вирус кездеседі: ұрық сұйығында, қынап, қанда, ана сүтінде.

6-оқушы:

АИТВ – адамның иммунитет тапшылығы вирусы.

7-оқушы:

Бұл ауруларға көбінесе қауіпті қатарға жататын нашақорлар мен теріс қылықты адамдар шалдығады. Сондықтан нашақорлықтан сақтану, жұқпа қан арқылы жұғатындықтан құлақ тескенде, ине салу кезінде сақ болғаны жөн, салауатты өмір салтын сақтау.

8-оқушы:

ЖИТБ вирусы өрт сияқты барлық құрлықтар мен елдерді жаулап келеді. Қысқа уақыт ішінде ол Біріккен Ұлттар Ұйымының және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бірінші мәселесі айналды. Әрбір минут сайын планетада 5 адам осы аурумен ауыратындығы анықталды. Ауру ешқандай жасқа немесе нәсілге қарамайды. Сондықтан онымен бүкіл адам күресуі қажет. Жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1980-1981 жылы Нью-Йорк университетінің госпиталіне 1 топ науқас түсті. Бұл 30 шамасындағы жігіттер болатын. Ауру өте тез өтетін, көбі бір жылда қайтыс болды. 1981 жылы Лос-Анжелесте тағы осындай ауру пайда болды. Бұл да сирек кездесетін, иммундық жүйенің төмендеп кетуімен сипатталатын. Ауырғандар көп ұзамай қайтыс болды. 1981 жылы бұндай аурулардың саны 116-ға жетті.

1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «адам иммунтапшылығының вирусы» деген ат берді.

9-оқушы:

UHAIDS мәліметі бойынша әлемде 30 млн.адам жұқтырған. Бүкіл әлемде жұқпаның таралуы өршіп барады. Бұл ғылыми ғана емес, әлеуметтік, экономикалық мәселе болып отыр. Ол әр адамның денсаулығына жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануды талап етеді. 2002 жылы желтоқсанда әлемде 42 млн. Ауруды жұқтарған, оның 3 млн. қайтыс болған, көпшілігі 16-24 арасындағы жастар, жұқтырғандардың арасында 3 млн. бала бар.



10-оқушы:

О.Б.Лепешинская: «Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің міндетті шарттарының бірі».

11-оқушы:

М.Я.Мудерев: «Денсаулықты сақтау үшін, ол онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы».

12-оқушы:

А.Н.Радищев: «Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады».

13-оқушы:

Ибн-Сина: «Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау».

14-оқушы:

Н.А.Добролюбов: «Денсаулық дегеніміз – тек дененің сыртқы бүтіндегі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн».

15-оқушы:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ғұлама данамыз да.

Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,

Оң болсын десең егер тіршілігің.

Сақта халқым, денсаулығын аналардың,

Болсын десең дені сау ұрпақтарың.

16-оқушы:

Салауаттық – адам тіршілігіндегі,күнделікті өмір тынысындағы қимыл-әрекет, тамақтану, ойлау, қызмет, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас жүйелерінің жиынтығы.

17-оқушы:

Салауатты өмір – жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт – жоғары сананың көрінісі.

18-оқушы:

1. Тәні саудың –жаны сау.

2. Өтпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын темір жоқ.

3. Емнің алды - еңбек.

4. Тазалық – денсаулық негізі.

Денсаулық – байлық негізі.

19-оқушы:

1. Дені сауға – бәрі сау.

2. Саулық қайда, сұлулық сонда.

3. Денсаулықты ойлауың,

Жақсы шипа сыйлауың.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "ЖИТБ-ХХI ?асыр індеті"

Автор: Мухаметжанова Махабат Кайрбековна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 165790


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства