kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?лы Же?іс ?а?армандарына мы? та?зым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?лы Же?іс ?а?армандарына мы? та?зым.

Ма?саты: 1941 –1945 жыл?ы со?ыс туралы ма?л?мат беру, со?ыс батырларыны? ерлік істеріне тере?ірек ??іле т?су, ерлік к?рсеткен ата –бабаларымыз ды? ерлік істерін ?астерлеп, ?неге т?ту; осы со?ыста?ы ?аза? еліні? майданда ж?не тылда к?рсеткен ерен е?бегін паш ету; с?рапыл со?ыс ??рбандарын еске алуды кейінгі ?рпа? бойына сі?іру, жауапкершілік сезімдерін ?ялату; Отанын, елін, ту?ан жерін с?юге, ?ор?ау?а, ерлікке баулу, патриотты? т?рбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?лы Же?іс ?а?армандарына мы? та?зым"»

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс қаһармандарына мың тағзым

Мақсаты: 1941 –1945 жылғы соғыс туралы мағлұмат беру, соғыс батырларының

ерлік істеріне тереңірек үңіле түсу, ерлік көрсеткен ата –бабаларымыз

  • дың ерлік істерін қастерлеп, өнеге тұту; осы соғыстағы қазақ елінің

майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету; сұрапыл соғыс

құрбандарын еске алуды кейінгі ұрпақ бойына сіңіру, жауапкершілік

сезімдерін ұялату; Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға, ерлікке

баулу, патриоттық тәрбие беру.


Көрнекілігі: тақырыпқа сәйкес слайдтар, қазақстандық даңқты батырлардың

суреті, нақыл сөздер, «Мәңгі от» макеті



БАРЫСЫ:

1 – жүргізуші: Жыл сайын 9 – мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады.

Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл

шоғын қойып батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.


2 – жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


1 – жүргізуші: Бүгінгі өткізілгелі отырған «Ұлы Жеңіс қаһармандарына мың

тағзым» атты кешіміз осы мерекеге арналады.


(құттықтау сөз)


Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді.

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,

`Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Өткізді олар сызды окопта күндерін,

Елестетем қанды кешіп жүргенін.

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін.

Талай жанды қиды ажал балтасы,

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.


ӘН: «День Победы»


1 – жүргізуші: Бүгін - тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш

еткен Жеңіс мерекесі.

Есімде бес әріп сөз – Жеңіс деген,

У бар ма сол сөз үшін мен ішпеген.

Қан бар ма сол сөз үшін егеспеген,

Жас бар ма сол сөз үшін төгіспеген, - деп ақын ағамыз

Ғафу Қайырбеков жырлағандай, бұл жеңістің құны соғыс дала-

сында қыршындай кеткен азаматтарымыздың өмірі, ата - ағалары

- мыздың осы күнді жақындату үшін төккен қаны, жары мен

балаларынан айырылған аналардың көз жасы.


2 – жүргізуші: Ел басына қиын – қыстау күн туған сол отты жылдарға көз

жіберсек, халқымыздың мәңгі ұмытылмас оқиғаларға толы қаһар

- мандығы көз алдымызға елестейді. 1418 күнге созылған соғыс-

та мұз жастанып қар төсенсе де батырлық көрсетуден таймаған

ержүрек жауынгерлер қаншама? Олардың ерлігіне бас иеміз!

1 – жүргізуші: Соғыста Отан деп от кешкендердің, елім деп еңіреген ерлердің,

өзіңді тосамын деп өмірден өткендердің, ерлігі мен майдан

даласында қаза болғандардың, сол апаттан зардап шеккен жан -

дардың, мәңгіге оралмаған, бірақ жүрегімізде шамшырақтай жар-

қыраған батырлардың рухына тағзым етеміз!


2 – жүргізуші: Бұл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам майданға аттан -

ды, олардың 400 мыңы әйелдер еді. Ал еңбек армиясына 700

мың адам жіберілді. Бұрын – соңды болып көрмеген бұл сұрапыл

соғысқа Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты

әскери дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 – ге жуық полк

пен батальон құрылып майданға аттанды.


Көрініс: «Соғыстың басталуы»


Ән: «Майданға»

1 – жүргізуші: Жау жолын жауынгерлер жатты бағып,

Жөтелген зеңбіректер гүрсіл қағып.

Күркіреп самолеттің көкірегі,

Жөңкіген жалын шашып жерде танк.

Секілді өлім, өмір арпалысқан,

Қапырық қара топан аспанға ұшқан.

Алғандай ажал демін алас ұрып,

Аптығып келе жатыр қаптап дұшпан.


Көрініс: Солдат: Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, түн қату,

Өлтіру, өлу, атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны –

Жаудан елін сақтаса.

Жау шапқанда еліне

Қояндай бұғып қашпаса.

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным сен үшін,

Туысқан ұлы ел үшін,

Мына бір қалған бел үшін.

Менің жаным Отандық,

Отан деп өлем өлсемде.

О, сүйікті Отаным,

Балам деп көм көмсеңде!

Ант еттім де қорғадым мен,

Жасқанбай – ақ жауымнан.

Сақтап қалдым елімді мен,

Өртті жойқын дауылдан!


Ана: Өсіріп пе ем мен сені

Майданда үнсіз жатсын деп.

Қарай алмай жауына

Жерге бетін бассын деп.


Өсірдім ғой мен сені

Ел қорғайтын ер ме деп?!

Отан үшін, жер үшін

Майданда от боп жансын деп.

Бесіктегі сәбидің

Ұйқысы тыныш қансын деп.

Мүшел жаста, құлыным,

Үзілді – ау сенің тұғырың.

Оқуға зерек көпшіл ең,

Қиылды – ау сенің ғұмырың.

Қыршыннан кеткен, қарағым,

Жарқ етті – ау сенің жанарың.

Кейінгі мынау ұрпаққа

Айтатын бар ма талабың.

Өмірден мынау өтсең де,

Жер қойнына кетсең де,

Кеудеңмен жауып жау оғын

Пулемет қарша сепкенде.

Ерлігіңді әрдайым

Ұмытпайды еш пенде.


2 – жүргізуші: Ерлікпен қаза тапты арпалыста,

Қыршынның болды өмірі сонша қысқа.

Батырдың сол жасаған ерліктері

Болады мәңгі бақи бізге нұсқа.



1 – жүргізуші: Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалы -

ғына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді. Әрине, жауын-

герлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен

соғыста әзіл – қалжың, ән мен күй ұмытылмады. Ендеше сол

соғыс жылдарындағы әндерге кезек берейік

Соғыс жылдарындағы әндерден попурри


2 – жүргізуші: Апалардың мың ғасырлық батылдығын

Қайсарлығын, қайратын, батылдығын.

Есіңе алып, еркін ел, ертеңі үшін

Ескерткіш қып орнатып жатыр бүгін.


1 – жүргізуші: Бейнеңізге бас иіп тәу еткенде

Ерік, жігер дариды жүректерде.

Мәншүк пен Әлияның қасиеті ғой,

Қазақты бауыр қылып бір еткен де.

Көрініс: «Мәншүктің жұлдызды сәті»


Көрініс: «Әлияның ерлігі»


Мәншүк пен Әлияның монологы.


Мәншүк: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан Ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.


Әлия: Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.


Мәншүк: Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.

Біздің туған күнімізді құттықтап,

Бізге ешкім жыр ұсынған жоқ еді.


Әлия: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Қайта туды Отан бізді, ел егіз.


Мәншүк пен Әлия:

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Ән: «Катюша»


1 – жүргізуші: Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, - деп жырлаған қазақтың қас

батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момыш-ұлы Жеңіс

күнін жақындатқандардың бірі.


2 – жүргізуші: Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты,

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы.

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға, жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.


Көрініс: «Батыр Бауыржан»


Есімде ерлер есімі (әдеби монтаж)


1 – жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалысса,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.


2 – жүргізуші: Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс жасады бала өркен.


1 – жүргізуші: Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір – шал, әйел – бала ауылдағы,

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.


(Тылдағы ерлік туралы баяндау)


2 – жүргізуші: Жұлдызым, қарашығым, айналайын,

Білесің айтпасаң да ана жайын.

Жауды жеңіп, тезірек кел, қарашығым,

Төсіме қысып сені аймалайын.


Ән: «Ана туралы баллада»


1 – жүргізуші: 1941 – 1945 жылғы соғыстағы Қазақстан халқының ерлігін мақ –

танышпен айтуға болады. Қазақстаннан қатысқан жауынгерлер

мен офицерлердің 500 – і, оның 100 қазақ ұлтының өкілі

«Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Оның ішінде біздің

облысымыздың батырлары да бар.


2 – жүргізуші: Батыр ұл есімдері сақталады

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи сақталады.


(Біздің өңірімізден «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған

батырлар туралы мәлімет беру)


1 – жүргізуші: Шүйінші, халқым, шүйінші!

Шүйіншіге сүйінші!

Шаттан, ата – анамыз,

Шаттан, аға – бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той – мереке.


2 – жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.


Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»


1 – жүргізуші: 70 жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.

      1. жыл жауымыздың ажал оғы

Біздің ел үстіменен ұшпағалы.


2 – жүргізуші: 70 жыл бейбіт күннің таңы атқалы,

70 жыл жыл шуақты таратты әнін.

70 жыл зеңбіректен оқ жаудыртпай,

70 жыл бұлбұл құсты сайратқалы.


1 – жүргізуші: Ерлігіңе теңеу жетпес елін жаудан қорғаған,

Ұрпағына аманат қып елін, жерін жолдаған.

Дақ түсірмей қорғайықшы кейінгі біз жас ұрпақ,

Әрдайымда тыныш болсын, тыныш болсын, кең далам!


2 – жүргізуші: Әрдайым желбіресін көкте туым,

Күнім де төге берсін бізге нұрын.

Ұшырған жендеттердің көкке күлін

Сіздерге бас иеміз біздер бүгін.


1 – жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне.

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп зұлымдықтың қара түні.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


2 – жүргізуші: Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілін жақсы үмітпен.

Жүрек біткен қуансын жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай

Қандай жүрек қалады қанат қақпай.


Ән: «Бақытты балалық»


Бейбіт көктем таңы атқалы

Хормен: 70 жыл

Шуақты күн таратты әнін

Хормен: 70 жыл

Есімде сонан бері

Хормен: 70 жыл

Ашылды Жеңіс күннің парақтары

Хормен: 70 жыл


Хор: «Жойылсын соғыс»


1 – жүргізуші: Ешқашан соғыс болмасын. Аспанымызды соғыс бұлты торлама -

сын. Аналар жесір, балалар жетім қалмасын. Бар әлемде бейбіт-

шілік орнасын.


2 – жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?лы Же?іс ?а?армандарына мы? та?зым"

Автор: Капакова Алтынкуль Кипатшаевна

Дата: 29.06.2016

Номер свидетельства: 336541


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства