kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара та?ырыбы:"Елін с?йген Елбасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара та?ырыбы:"Елін с?йген Елбасы" »

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектеп мұғалімі:

Аетова Гүлжахан Еділбайқызы

Тақырыбы; «Елін сүйген Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу

Мектеп сап түзе! ҚР мемлекеттік туы кіргізілсін.

Оркестр орындауында: «Той бастар»Д.Нұрпейісова , «Ерке сылқым» Жайымов
1 – жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар , оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұспа- тұс келді.

3- жүргізуші;Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

4 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.


5 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады.

2-жүргізуші:Иә, сөзіңнің жаны бар, Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар ,мектептер,балабақшалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі

.
3– жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.

4 – жүргізуші Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.



5 – жүргізуші: Елбасы қазақ елінің әсемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып , қиын да күрделі , ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. Бұл қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы ,елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.(Бейнетаспа)

Жиын алғы сөзі

Жиын алғы сөзі №5 орма мектеп директоры Әлия Пауединқызына беріледі.

Ән «»(Бейнеролик)

1 – жүргізуші: Елім деп халық қамын ойлаган азал тұлғаға сөз маржанынан жыр токсек те

2-жүргізуші: Кара сөздің құдіретінен ой толғасақ та

3- жүргізуші: Өлеңменен әндетсек те

4-жүргізуші:бәрі бәрі қазақ халқының мерейін үстем еткен

5-жүргізуші: Елбасы құрметіне, Көшбасшы салтанатына арналмақ.

Монтаж(Бейнетаспа)

Ән «Қазақстаным» орындайтын Сәлмен Салтанат, Ерасыл қарсы алыңыздар

1 – жүргізуші: Жолбарыстай азуды айға біледік,
Күллі әлем таныған біз ел едік.
Өзге ұлтқа үлгі болған елімнің
Болашағы жарқынына сенелік

2-жүргізуші: Қазақ жері қазаны толық дара,
Суы мол, тауы биік, кең байтақ ел,
Байтақ елдің өнуі, өркендеуі,
Президенттің көшбасшылық дарынынан.
Әдемі қалалар бар өлкемізде,
Өскемен, Тараз, Алматы, Семейлерім.
Бәйтерегі биіктеп Астанамда,
Таң қалды әлем жұрт, көрші аумақта.
Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дан

3-жүргізуші: Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!


4- жүргізуші: Қазақ жері қазаны толық дара,
Суы мол, тауы биік, кең байтақ ел,
Байтақ елдің өнуі, өркендеуі,
Президенттің көшбасшылық дарынынан.
Әдемі қалалар бар өлкемізде,
Өскемен, Тараз, Алматы, Семейлерім.
Бәйтерегі биіктеп Астанамда,
Таң қалды әлем жұрт, көрші аумақта.
Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дана.
Халқымыздың жағдайын жақсартатын,
Елбасымыз әрдайым асқақтасын.
Тәуелсіз елімізбен мақтанайық,
Әлемге «Алаш» атымен танылайық.
Жиырма екі жылдық толағай табысымен,
Амандығын тілеймін Елбасының!


5-жүргізуші: Тәуелсіздік оңаймен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе!



1-жүргізуші: Хор «Қазақ елі »

2-жүргізуші:Бүгінгі жиынды осымен тәмамдаймыз сау-саламатта болыңыздар!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс шара та?ырыбы:"Елін с?йген Елбасы"

Автор: Аетова Г?лжа?ан Еділбай?ызы

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167314


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства