kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?аты"Мені? отбасым" 2 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хасанова Ардак Туральевна Атырау облысы ??рман?азы ауданы Абай атында?ы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып м??алімі болып 24 жылдан бері д?ріс беріп келемін.Сыныбымда 20 о?ушы бар.Сапа 50 пайыз. Сынып Республикалы? Балдыр?ан журналына толы?тай жазылып,?з ж?мыстарын жіберіп отырады. Мектептегі т?рлі сайыстар?а ?атысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты"Мені? отбасым" 2 сынып»

  • с

  • ТТақырыбы: «Мен және менің отбасым»

  • ММақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

  • ККүтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі. 
    Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
    Өзін және сыныптарын бағалайды. 

  • ТТүйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.

  • ККеректі жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер, смайликтер, бәйтеректің суреті және көбелек, алма стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері

  • ҚҚолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

  • ЖЖүру барысы:

  • ККіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу. 
    - Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. 
    - Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
    Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. 
    Ойсергек: «Сәлемдесу»
    Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б

  • ТТопқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
    - Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?

  • ММақал-мәтел қиындылары:
    «Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ»
    «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»
    «Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
    Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?

  • ООтбасы туралы пікірлерін ортаға салу. 
    -Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. 
    Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
    Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. 
    Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары
    Интербелсенді тақтаға келіп жазады
    - ойланады;
    - естеріне түсіреді
    -мысалдар келтіреді.

  • ННегізгі бөлім 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.
    2-топ: «Әке- алтын діңгек»
    3-топ: «Отбасы бақыты-ел бақыты»
    Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.

  • Ө «Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді)

  • ВВидеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».
    Осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды. 

  • « «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.

  • Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп

  • ҚҚорытынды «Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады. 

  • ККері байланыс парағын толтыру.

  • «Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында сурет салу

Қорытынды.
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) «Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата – аналарына тілектерін жазады.


Ұлағатты сөздер


Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
(Ғ. Мустафин)
Баланың жақсысы – қызық, жаманы –күйік
(Абай)
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес
(Ғ. Мустафин)
Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі
(А.С.Пушкин)
Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Атаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анадан артық дос бар ма,
Ашудан артық қас бар ма?






Жаднама: «Ата-анам – ардақтым!»

Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;
Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;
Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;
Күнде таңертең амандас;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!













Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі









Сынып сағаты.

Тақырыбы «Мен және менің отбасым»











Өткізген: Хасанова Ардақ Тұралықызы

2 б сынып жетекшісі

2016 жыл.ақпан.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сынып са?аты"Мені? отбасым" 2 сынып

Автор: Хасанова Ардак Туральевна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314099


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства