kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты: "Көкшені жырлап өткен ақын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәкен Сейфуллинге арналған сынып сағаты. Ұстаздар қауымына көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты: "Көкшені жырлап өткен ақын"»

Тақырыбы: «Көкшені жырлап өткен ақын» (мәнерлеп оқу сайысы)

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Сәкен жайлы тың деректермен таныстыру.

Дамытушылығы: өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Сыры ашылмаған дәйектемелер арқылы дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілігі: сұлулыққа сүйсінуге, талғампаздыққа, отансүйгіштікке, елін жерін, тілін құрметтей білуге, еңбекқорлыққа баулу, патриоттық сезімді бойларына сіңіру

Көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта

2.Бейне материалдар

Барысы:

Құрметті ұстаздар және бүгінгі сайысқа қатысушы сайыскерлер! Бүгін С.Сейфуллин атындағы мектепте , ұлы ақынға арнап, «Көкшені жырлап өткен ақын» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізгелі отырмыз.

7 сынып оқушыларының арасынан : Әнел, Адина ,Даяна,Ажар, Ержан, Еспол, Арсен қатысады.

Кіріспе

С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.

Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып, бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткізу С,Сейфуллиннің ес біле көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы еді.


Бейне материалдар көрсетіледі.

1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы

2.Сәкен жайлы естелік.

3.Сәкеннің мұражайы


Жүргізуші:

Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,

Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.

Мына дала болса егер мына бел,

Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.


Ежелден - ақ екі көздің бірі қас,

Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.

Ақаңның да Құлагері бар десек,

Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.


Теңеуін халық төксе де,

Байламын айтқан бекемдеп.

Сұлуы жердің Көкшетау,

Сұлуы ердің Сәкен деп.

Сайыскерлерге алдағы уақытта да тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз

«Халық жауы»

Қара күй жағылған.

Қарғыс таңба

Жазықсыз таңылған.

«Халық жауы»

Үй- орманың оталу.

Өз еліңде

Өзің дұшпан аталу.

Саналылар

Сұмырайға саналу.

Айыпсыз-ақ

Абақтыға қамалу.


Қапияда

Қауып алар қармақтар,

Ойды орап,

Қырды жапқан Карлагтар

Қайда барсаң

Қан сасыған іргелер

Тірі өлікке толған іші түрмелер


-Парызың көп Тірілер,

Өмір-күрес,жанталас.

Заман туса бірігер

Басыңды қос,алты Алаш.

Қазағымның әр үйін

Қуат беріп қолдаған.

Әли десең-Әлиің,

Хан десеңіз-Хан болам.

Ұлдар туар Ержүрек,


Атар әлі таң-нұрың.

Бөлінсеңдер бөрі жеп,

Тәлтек болар тағдырың.

Аспан әлем-нұрланса,

Жау шықпайды тасадан.

Алаш туы бір болса,

Бауыр-бүтін,

Бас-аман.

Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз:

Нарина:

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.

Болыпты баяғыда Жеке батыр,

Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.

Бір күні қарауылда қалғып кетіп,

Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,

Көргенде шаршаған жан алар тыныс.

Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,

Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс

Басына атсаң – дағы оғы жетпес,

Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.

Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,

Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.

Батырлар айнала тұр тас қасында,

Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.

Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы

Абылай бәсекенің бас қасында.

Даяна:Байғұс ана хат жазыпты

Депті «балам сағындым»,

Ұмыттың ғой бізді тіпті,

Бір келмедің неғылдым?

Оқу іздеп кеткеніңнен,

Ауылға бір қайтпадың.

Біз не көрдік жеткеніңнен,

Елге кеп уәз айтпдың.

Балам едің емшек берген

Түн ұйқымды төрт бөліп,

Анаң едім жапа көрген,

Сені өсіру дерт болып.

Жас күніңде көп ойлаушы ем,

Сені әлдилеп тербетіп.

«Арманым жоқ» деп ойлаушы ем,

Қалқам өсер ер жетіп.

Болмай шықты ойлағаным,

Сен жігіт боп жеткен соң,

Қалжырадым, ойла жаным,

Сен алысқа кеткен соң.

Талай жылап жүруші едім,

Сенің бала кезіңде.

Неге екенін білуші едің

Қалқатайым, өзің де,

Алданышым қалқам еді,

Сонда менің қуатым.

Сен тұңғышым – марқам едің,

Бар қайғымды жуатын.

Көрмеп едім жар қызығын,

Бір сен едің тілегім.

Бір сен едің бар қызығым,

Шыбын жаным, жүрегім!

Қарай-қарай көрінгенге,

Екі көзім төрт болды.

Еш қайғым жоқ сенен

өзгеАш өзегім өрт болды.

Ойла, енді кім мені күтті,

Қартайдым, кем саулығым.

Үсті-басым тозып бітті,

Тозды баста жаулығым.

Кетсең «балам» өз алдыңа,

Мен не болам, біл өзің.

Елестейді көз алдыма,

Бала күнгі мінезің.

Бала едің сен жыламайтын

Еркелікті білмеуші ең.

Жоқты бар деп сұрамайтын

Және орынсыз күлмеуші ең.

Отырғанда от басында,

Ертек айт деп қоймаушы ең.

Тұрымтайдай бо қасымда,

Тыңдауға бір тоймаушы ең.

Ертек айтсам нанушы едің,

Құмарланып, құлыным.

Көзіңде от жанушы еді

Салбырап қос тұлымың.

Қызық еді ойындарың

Бәйге тігіп жарысқан,

Ұзын шыбық сойылдарың

Жаумен ел боп алысқан.

Өңкей бала екіұдай боп,

Намыс үшін дуласқан.

Кек алуға тегіс сай боп,

Жасақ құрып жауласқан.

Жауға жасақ сайлаушы едің

Үлкен болып саптанып.

Сен түсіріп байлаушы едің

,Келген жауды аттанып.

Сөйтіп кейде зорлық көрсең,

Жылап үйге қайтпаушы ең

Іште сақтап қорлық көрсең,

Жанға шығып айтпаушы ең.

Пәлен жерде сені сырттан,

Ұлық болды деседі

Ағайының естіп жұрттан,

Гулеп желдей еседі.

Арманым зор, неғылайын,

Елге келіп тұрмадың,

Маған салып сары уайым,

Артқа мойын бұрмадың.

Сен де «халық биі» болмас па ең,

Болмас па едің комитет

Елге сен де сый болмас па ең?

Тілімді алсаң нең кетед!

Сені дағы ел қадірлеп,

Түсер еді түрлі сый,

Мал жинар ең, сен де түрлеп

Оюлы отау, тігіп үй

Енді қалған өмірімді,

Келінім боп күтер ед.

Әлдилесем немеремді,

Бар арманым бітер ед.

Ойла, енді кім мені күтті

Қартайдым, кем саулығым.

Үй іші де тозып бітті,

Тозды баста жаулығым

Қалжырадым, сағындым мен,

Бір кеп көрін көзіме.

Ұмытқандай неғылдым мен?

Жауап қайыр сөзіме!

Сайыскерлерге алдағы уақытта да тек қана жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сынып сағаты: "Көкшені жырлап өткен ақын"

Автор: Ахметбекова Бакыт Сериковна

Дата: 14.10.2016

Номер свидетельства: 349097


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства