kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?аты "Ерлік елге м?ра"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: «Ешкім де, еште?е де ?мытылмайды» деген ?а?иданы ?стана отырып, жас ?рпа?ты тарихымызды тере?нен тану?а баулу. О?ушыларды? Отан тарихына деген с?йіспеншіліктерін арттыру, же?іс салтанатын к?ре алмай кеткен бозда?тарды? ерлік істеріне та?зым етуге, ?з хал?ымызды? тарихын ??рметтей білуге, д?ние ж?зіндегі бас?а ?лт ?кілдеріні? досты?ын ны?айту?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты "Ерлік елге м?ра" »

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі.











Тәрбие сағаты



Тақырыбы: « Өмірге келгенім-бір бақыт .»








Дайындаған: 5 ә сынып жетекшісі:

Куанышкалиева Ф.А.














2014-2015 о. ж.

Тәрбие сағаты: «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран»
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.


Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме - дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:
– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз - түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?
Қыз:
–... не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.
(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).
1 - Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1 - оқушы:
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек - жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
2 - оқушы:
Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.
3 - оқушы:
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа» деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
4 - оқушы:
Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,
Арттарында сізге сенген халқың бар!
5 - оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,
Қатерлі ауру сын сағатта.
Батыстан зіл қара бұлт
Төнді айналып Кавказ қартқа.
Қай жан шыдар бұл мазаққа.
Өлім арлы азаматқа.
Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.
1 - жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2 - жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.
Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.
«Әлия» әні орындалады.
1 - жүргізуші:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
2 - жүргізуші: Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар 28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!
(Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл - күйлері бейнеленеді)
Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.
2 - жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1 - жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
2 - жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
1 - оқушы:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
2 - оқушы:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
3 - оқушы:
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
2 - жүргізуші:
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.
1 - жүргізуші:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
2 - жүргізуші:
Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!






Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран.
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Тәрбиелік: Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға, батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ә) Білімділікке: Өз ойын жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жетелеу.
б) Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, буклет.
Тәрбие сағатының жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ
(саяси – патриоттық тәрбие)
2. Еңбегімен жеңісті жақындатқан
(еңбек тәрбиесі)
3. Ұлыққа тағзым – ұрпаққа парыз.
(адамгершілік тәрбие)

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің сөзі:
Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.
Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.

Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.
Ажал оғын шашқан аждаһадай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған сойқан ішінде із-түзсіз кеткендері қаншама!

Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлағандарын айту керек. Ұлы Отан соғысының тарихынан лайықты орын алған Маңғыстаулық батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев.

1 – оқушы: Мәди Бегенов 1916 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт деген жерде дүниеге келген. Мәди орталау мектепті ғана бітірген. Әкеден 12 жасында айырылып еңбекке араласа бастайды. 1938 жылы күзде әскерге алынып, 1939 жылы Балтық жағалауында әскери борышын өтеп жүріп, Ұлы Отан соғысына қатысады.

Ол Сталинград, Курск маңындағы ұрыстарға қатысып, кейін 203 атқыштар дивизиясына ауысады да, барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр жағалауында өткен шайқаста Мәди бір өзі жаудың жеті солдатын, бір унтер-офицерін жер жастандырады. 1944 жылы 19 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Бегеновке Днепрден өтерде көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Бейнеу ауданында батырдың атында мектеп бар.

2 – оқушы: Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Кетік (Форт Шевченко) қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын колхозда тракторшы болудан бастаған. Соғыстың алғашқы жылдарында майдандағы 7-гвардиялық атты әскер корпусына жаумен  шайқасқан. Жұмағали Орел, Курск, Белгорд, Харьков үшін шайқастарды артқа тастап, ерлік істер тындырған. 1943 жылы қыркүйек айында Днепрден өтер тұста жаудың пулеметтен тынымсыз оқ жаудырғанына қарамастан Қалдықараев бастаған жігіттер өзеннен өтуге кірісті. Өзеннің үштен екісінен өткен тұста жау снарядтары қардай борайды. Осындай ерен ерлігімен қаза тапқан. Днепрден өтердегі ерлігі үшін оған Кеңестер Одағының Батыры атағы беріледі. Бірақ бұл награданы алу оған бұйырмайды.

3 – оқушы: Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстау ауданы Тиген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер. 1942 жылдың тамыз айында Армия қатарына шақырылған. Ақпан айында Сталинград майданындағы 21-армияның 292-атқыштар дивизиясының 1036-полкының автоматшылар ротасында болды. 1942 жылдың 22 қарашада басталған Сталинград түбіндегі қарсы шабуылда танк десантшылары құрамында жау шебін бұзу ұрысына қатысады. Осы ұрыста жаудың 182 солдатын 7 бекінісін жояды.

Жараланғанына қарамастан ұрыс даласын тастамайды. Исатай осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған екен. Бірақ белгісіз себептермен Батыр атағы берілмей, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылы 14 ақпандағы жарлығымен Ленин ордені берілді. Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов інісіне отты өлең жолдарын арнаған. Исатай 1947 жылы 16 қыркүйекте Астарханға бара жатып қайғылы қазаға ұшырайды. 1993 жылы жазда жерлестері ағайын-туғандары батырдың сүйегін ата қауымы Тигенге, анасының қасына әкеліп құрметпен жерлеген.
1994 жылы Маңғыстаудың ер ұлы Исатайдың зираты басына күмбезді кесене тұрғызылады.

4 – оқушы: Маңғыстаудың бір перзенті – Біләл Қалиев. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген. Ол 1941 жылы 7 тамызда құрамында 16 ұшағы бар эскадрилья полкіндегі Преображенскийдің бастауымен Берлинді бұрғылай ұшып, 1760 шақырым шалғай жол кешіп, әскери тапсырманы бұлжытпай орындап, өз базасына аман-есен оралған. Сөйтіп, Біләл Қалиевке әуе шабуылында көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі үшін 1941 жылы Батыр атағы берілді. Бұл ерлігі туралы мағлұмат елге кезінде жетпеген. 1942 жылы14 шілдеде Липецкі аспанында күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза болған туралы қарақағаз келген.

«Өлгендерді ұмытпаңдар»
Сөзі: Сырбай Мәуленов
Әні: Шәмшәдин Сабытаев
От ішінде шыныққандар,
Қасиеттен атқан таңдар.
Ұмытпаңдар, ұмытпаңдар
Құрбан болып жатқан жанды

Қ – сы
Солар құрбан болған үшін
Атады енді күліп таңдар
Солар сенің ар – намысың
Ей, тірілер ұмытпаңдар

Қанды майдан түлектері
Жауды жеңген алыптары
Өлмес үшін жүректері,
Жалын болып танып жатыр

Қ – сы
Солар құрбан болған үшін
Атады енді күліп таңдар
Солар сенің ар – намысың
Ей, тірілер ұмытпаңдар


5 – оқушы: Дүйсе Бердібеков Киров атындағы колхозды алғаш ұйымдастырушылардың бірі болған. Соғыс басталар қарсаңында Қызыл Армия үшін жылқы жинау науқаны басталып, шаруашылық басшылары мұндай жауапты жұмысқа ауыл, ел арасындағы беделді азамат Дүйсе Бердібековті тағайындайды. Ол басқаратын ферма соғыс жылдарында мемлекеттік тапсырмаларды үнемі асыра орындап, жеңісті жақындатуға еселеп үлес қосқан.

6 – оқушы: Маңғыстау өңіріндегі әйелдердің соғыс жылдарындағы жиынтық бейнесін Қожашева Балажан өмірінен табуға болады. 1941 жылдан 1958 жылға дейін колхоздың товарлы жылқы фермасын табан ауыстырмастан басқарып келеді. Бұл жылдар ішінде оның фермасы табыс биігінен сан мәрте көрініп, аудандық, облыстық жастардың жеңімпазы атанады. Қазақстан Компартиясының кезекті съезіне делегат болды. Орталық Комитет мүшелігіне сайланады.

7 – оқушы: Қошақанов Кенхан 1930 жылы жаңа ұйымдастырылып жатқан балықшылар колхозында еңбек етеді. Өндірістік тапсырманы асыра орындап, соғыс жылдарындағы ерлігіне пара-пар еңбегі жоғары бағаланып, «1941-1945 жылдардағы еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталады. Соғыс аяқталар қарсаңында жаңа ұйымдастырылып жатқан «Қарақұм» колхозына төраға етіп тағайындайды. Соғыс жылдарында туралап қалған артелдердің басын құрайды. Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жаңа шаруашылық мемлекеттік жоспарларын асыра орындайды.

8 – оқушы: Маңғыстау жерінде шаруашылықтарды ұйымдастыруға белсене қатысқандардың бірі – Есқожаев Ұзақбай, «Жыңғылды» колхозында жаңа ұйымдастырылып жатқан жылқы фермасын өз жауапкершілігіне алады. Соғыс жылдарында майданға Адай жылқыларын мүлтіксіз орындап, «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен», 1945 жылы «1941-1945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталады.

9 – оқушы: Құлыбеков Тұржан соғыс басталған Калинин атындағы колхоздың төрағасы болып сайланды. Ел басына күн түскен ауыр жылдарда қоғам малын бағып күтудің барлық қиындықтарын басынан кешкен. Ұйымдастырушы, белсенді ауыл азаматы екенін көрсетіп, Қамысты ауылдың кеңесіне төраға болып сайланады. Ауылдастарының сауатын ашуға, білім мен мәдениетке ұмтылыс жасауына өз ісімен үлгі бола білген.

10 – оқушы: Мергенбаева Жанбөпе – жылқышы. Еңбек жолын 1938 жылы Ембі ауданында диқаншы болудан басталған. 1942 жылы колхозда жылқышы, 1944 жылы ферма меңгерушісі болып істеген. Ұлы Отан соғысы кезіндегі аянбай істеген еңбегі ескеріліп, Қазақстан Компартиясының 5,8 съездерін, ал 1952 жылы Дүниежүзілік әйелдер форумына делегат болып қатысқан.

Көркем сөз
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ
Сөзі: жерлес ақын Есенғали Бөкенбаевтікі.
Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,
Сел болып аққан қанның өздерін.
Елімді, Отанымды олжалауға,
Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.

Көтердік сол соғыстың зардаптарын,
Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.
Елімнің бақыты үшін шеит болған,
Аяулы ардагерлер, саңлақтарым.

Болса да жер шарының кеңестігі
Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні
Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,
Тылда да еңбегімен тер төккені.

Ұлылыққа тағзым – ұрпаққа парыз.
Соғыс жылдарындағы балалар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын аналарымен бірге өз қолдарына алаған. Сол соғыс жылдарындағы балалар тылда тыным алмаған. Олар байтақ елімізбен, білек сыбанған қалың жұртпен Жеңісті сағат сайын жақындата түскен.

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сынып са?аты "Ерлік елге м?ра"

Автор: Куанышкалиева Фариза Абатовна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188591


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства