Просмотр содержимого документа
«сценерий «?арттарым - асыл ?азынам!»»
«Қарттарым - асыл қазынам!»
1 Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін
арқалаған айбынды аталар.1 қазан- Қарттар күніне орай ұйымдастырылған
«Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға бақыт, немерелеріңізбен
шөберелеріңіздің ортасында жүре берініздер.
2 Жүргізуші:
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал қарттарым
Бүгінгі мерекелік кешімізді ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің
Тәрбие ісінің меңгерушісі Абдрахманова Жанар апайға сөз кезегін береміз.
1 Жүргізуші:
Армысыз,ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары - дей отыра сіздердің құрметтеріңізге Әбжай
Берікболсынның орындауында « Аналарға ақ т ілек » әнін қошметпен
қарсы алыныздар
2 Жүргізуші:
Қайраты мықты,қажымас өжет
Гаухары ғажап қарттарым менің
Еліне ерен сіңірген еңбек,
Сарқылмас байлық бағалы кенім.
Келесі сахнада өнер көрсететін бүлдіршініміз Ерділда Айжанның
орындауында « Тойға тілек » әні қабыл алыңыздар
1 Жүргізуші:
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Келесі сөз кезегі ақ жаулықты Баршагүл әжеге береміз.
2 Жүргізуші:
Қазына қарттар тарихсың
Жастарға қамқор мәртебең тиіп,
Жүре бер қарттарым ортада бүгін
Жадырап жаның,жайрандай күліп.
Ортада мың бұралған биші қызымыз Қосмырза Зейнепті үнді биімен тамашалаңыздар.
1 Жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтсем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған – деп әнші ұлдарыңыз Ерділда Арсеннің
орындауында « Ата әже » әні
2 Жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің,жұртың,ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Сахнада «Еркем-ай» би тобы «Асатаяқ» биімен
1 Жүргізуші:
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі- соқпақ, сөзі-нәр,
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасан.
Тістерсің бір күн бармақты.
Ортада әнші қызымыз Табынбай Бағдаттың «Туған жер» әнін қошеметпен
қарсы алыңыздар
2 Жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл,ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат – дей келе сахнада бір топ бишілердің
« Өзбек биі »
1 Жүргізуші:
Жылынып жер көктейді,
Нұрын жиып әлемнің
Әлі есімнен кетпейді
Құшағы ыстық әжемнің
Сахнада Рүстемқызы Үкілім қыздарыңыздың орындауында « Асыл әжем»
әні
2 Жүргізуші:
Қарттардың күні қайырлы болып,
Көңілге кемел қуаныш толып,
Егемен елге септері тисін
Жоғары жатқан мәртебе алып.
Ортада бір топ бүлдіршіндердің орындауында « Шығыс биі » қошеметпен
тамашалаңыздар
1 Жүргізуші:
Асқар тауым,ақылгөйім,ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса,құлама
Ер жетсек те еркеліктер қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Сахнада Қосмырза Зейнеп қыздарыңыз « Туған жер » әнімен қабыл