Внеклассное занятие в 5 классе по теме «Соблюдай дорожные правила!». Цели: систематизация знаний детей о правилах дорожного движения; знакомство детей с группами дорожных знаков: предупреждающими, запрещающими, знаками сервиса, информационно-указательными.Пропагандировать Послание Президента страны Н.А.Назарбаева
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Са?та жолды? т?ртібін!" »
Сабақтың тақырыбы: «Сақта жолдың тәртібін!» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен, жол ережесінің белгілері, жеткіншек жүргіншінің жаднамасымен таныстыру. 2. Есте сақтау қабілеттерін, ойлау дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақтада презентация, жол ережесіне арналған кітаптар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар! Елбасымыз 2014 жылы 11-қараша күні өзінің халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Елдің өркенін білгің келсе, жолыңа қара» деген қағида қалыптастырып, алысты жақын етуде алға қойған мақсаттарының бірі ол – көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болатын. Осы орайда ең бірінші кезекте автожолдар жобасын жүзеге асыру көзделді. Бұлар Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана-Өскемен; Астана-Ақтөбе-Атырау; Алматы-Өскемен; Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда; Атырау-Астрахань. Осы Жолдауға сүйене отырып, кішігірім ауыл-аймақтар арасындағы, ел ішіндегі жолдарlы да жөндеу жоспарға алынды. Олай болса, біздің сынып сағатымыз да осы жол тақырыбында болмақ. Алайда, сабағымыздың мақсаты – жол салу емес, ел ішінде жолда жүру ережелері туралы білімдеріңді тексеру үшін «Сақта жолдың тәртібін!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
-Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
- Үлгілі, тәртіпті бала.
- Ал енді «Сақта жолдың тәртібін!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
ІІ. Негізгі бөлім: Мен сендерге жұмбақтар жасырайын: 1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
III. Сұрақтар. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек. Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. - Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
Жаяу жүргінші қай жерден жүре алады?
Бағдаршамның қай жарығында жолды өтуге болады?
Жолды өтер алдында қай жаққа бірінші қарау керек?
Жол үстінде белгіленген ақ жолақты сызықтар қалай аталады?
Автобуста кетіп бара жатқан адамды қалай атайды?
Көлікті басқарып келе жатқан адам кім?
IV. Қатесін тап! Суретке қарап, сандармен берілген балалардың қатесін айту.
V. Жол белгілерінің түрлері.
- Балалар,белгілердің қандай түрлері болады? Тақтаға назар аударамыз, жол белгілерінің төрт түрі болады екен. (Презентация арқылы белгілерді көрсету, таныстыру).
Сақтандыру, ескерту белгісі
Нұсқау белгісі
Тыйым салу белгісі
Міндеттеу белгісі
VI. Өзіңді тексер. Оқушыларға интербелсенді тақтада жол белгілері көрсетіледі, олар қай белгі тобына жататынын айтады.
VII. Бағдаршам. Қызыл – Тоқта! Сары – Сақтан! Жасыл – Жол ашық! Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға! Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам 1. Көшеде біз сақ болайық, Қаймықпасын ата – ана. Жолда сен бол лайық, Жас ұлан деген атқа Қ- сы: Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын анам, Болайын мен де аман! 2. Жолда жүру әліппесін Білген жөн бес саусақтай. Сонда ғана жүре аласың, Сен өзіңді сау сақтап.
Қорытындылау: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік. Бүгінгі сабақты қорыта келе, мынадай тілктер айтқым келіп отыр, Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.