kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработку открытого внеклассного мероприятия на тему «Тәуелсіздік аңсаған хан Абылай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Абылай ханның қазақтың ұлы хандарының бірі екенін, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат, әрі ұлт мақтанышы Абылайдың өмір деректері туралы білу. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты Абылайдың өмір жолы мен қиын кезеңдерді өткізген тарихи деректеріндегі ғалымдардың археологиялық зерттеулеріне тоқталып, оқушыларды тыңғылықты зерттеуге, ізденімпаздылық пен елтанушылыққа  бағыттап, тәрбиелеу. Оқушыларды топтастырып білім сайысын өткізу арқылы пікір алысып, тарихи фактілерді талдау, қабілеттерін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Түрі: Интелектуалды білім сайысы.

Әдісі: Репродуктивті, ішінара іздендіру, сахналық көрініс, проблемалық зерттеу әдісі.

Көрнекілігі: Техникалық құралдар, бейне суреттер мен газеттер, цифрлы сандар, сигналдар.

  •  
  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

 

  1. Топ атымен танысу
  1. Абылай хан өміріне жан-жақты тоқталу.
  1.  Тұлғаны таныстыру (Бейне суреттер арқылы)

 

  1. Пікірталас «Абылайтану»

 

  1. «Кім тапқыр?»
  1. Абылай өмірінен сахналық  қойылым.
  1. «Сандар да сөйлейді». Хронологиялық кесте бойынша Абылай өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу.
  1. Абылай ханның ата тегін ретімен сандық жүйе арқылы таратып көрсету.
  1. Қорытындылау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработку открытого внеклассного мероприятия на тему «Тәуелсіздік аңсаған хан Абылай»»

Тақырыбы: Тәуелсіздік аңсаған хан Абылай.



Мақсаты:



Абылай ханның қазақтың ұлы хандарының бірі екенін, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат, әрі ұлт мақтанышы Абылайдың өмір деректері туралы білу. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты Абылайдың өмір жолы мен қиын кезеңдерді өткізген тарихи деректеріндегі ғалымдардың археологиялық зерттеулеріне тоқталып, оқушыларды тыңғылықты зерттеуге, ізденімпаздылық пен елтанушылыққа бағыттап, тәрбиелеу. Оқушыларды топтастырып білім сайысын өткізу арқылы пікір алысып, тарихи фактілерді талдау, қабілеттерін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру.



Түрі: Интелектуалды білім сайысы.

Әдісі: Репродуктивті, ішінара іздендіру, сахналық көрініс, проблемалық зерттеу әдісі.

Көрнекілігі: Техникалық құралдар, бейне суреттер мен газеттер, цифрлы сандар, сигналдар.



Барысы:



  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі



  1. Топ атымен танысу



  1. Абылай хан өміріне жан-жақты тоқталу.



  1. Тұлғаны таныстыру (Бейне суреттер арқылы)





  1. Пікірталас «Абылайтану»



  1. «Кім тапқыр?»



  1. Абылай өмірінен сахналық қойылым.



  1. «Сандар да сөйлейді». Хронологиялық кесте бойынша Абылай өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу.



  1. Абылай ханның ата тегін ретімен сандық жүйе арқылы таратып көрсету.



  1. Қорытындылау.

  1. Ұйымдастыру

І. Кіріспе сөз: «Ұлт мақтанышы - Абылай». Абылай хан – қазақ халқының ұлы ханы, дарынды қолбасшы және шебер дипломаты.Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Оңтүстік облысындағы Түркістан мен Ташкент маңында дүниеге келген.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:

«Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек» деп айтқан.

Иә, Абылайдың өмір жолы мен қиын кезеңдерді өткізген тарихи деректерді білу мақсатында өткелі отырған «Ұлт мақтанышы - Абылай» атты білім сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

  1. Сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырады.

  2. Оқушылар өз зерттеулері бойынша Абылай өміріне жан-жақты тоқталады.

  3. «Тұлғаны таныстыру» бөлімі

  4. «Абылайтану» тақырыбына пікірталас.

5. «Кім,тапқыр?» бөлімінде оқушылар Абылай өміріне байланысты сұрақтарға жауап береді.

6. Абылай өмірінен сахналық қойылым.

7. «Сандар да сөйлейді». Хронологиялық кесте бойынша Абылай өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталады.

8 Ата тегін ретімен сандық жүйе арқылы таратып көрсету тапсырмасын орындайды.

9. Қорытындылау

ІІ. Сайыстың І бөліміне сай сөз кезегі топтарды таныстыру үшін оқушыларға беріледі.

1. «Тарихшылар» тобы - Малшы Сабалақтан - Абылай ханға дейінгі Абылайдың өмір жолына, саясатына, дипломатиялық қарым-қатынасына, Абылайды үш жүздің ханы еткен – Төле би мен Қазыбек бидің тапқырлығы мен шешендігіне тоқталады.

2. «Археологтар» тобы - Абылай ханның күйлеріне тоқталады, оның кино, театр, сурет өнеріндегі бейнесін ашады, алып бәйтерек-Абылай әулеті туралы әңгімелейді.

Мұғалім сөзі:Екі топ та жақсы таныстырып шықты. Ұпай сандарын «Сиқырлы сандықшадағы» асық арқылы екі топтың қоржындарына салсаңыздар.

ІІІ. Сайысымыздың ІІ бөлімі Оқушылардың өз зерттеулері бойынша Абылай өміріне жан-жақты тоқталады. Жинаған деректері мен археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырып шығады.

1.«Тарихшылар» тобы - 1 оқушы: Абылай хан 1711 жылы дүниеге келіп,1781 жылы қайтыс болды. Жерленген жері Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінде қойылған.Ал, енді Абылай хан Көркем Уәли сұлтанның баласы.Көркем Уәли хан болмаған, бірақ Түркістанды билеген сұлтан.Ол – Қанішер Абылайдың баласы. Қанішер Абылай – Уәли сұлтанның баласы. Уәли сұлтан мен әз Тәуке екеуі – ағайынды адамдар, атақты Жәңгір ханнан туған ер Есім. Барлық деректер Абылайдың жетім болып қалғанын айтады.Төле бидің асырап алғандығы, адам қылып хандыққа жеткізгендігі айтылады.Қазақ энциклопедия жинағында Қанішер Абылай да, Көркем Уәли де қалмақтармен соғыста қайтыс болды деп жазады. Ал, тарихшы Талас Омарбековтың деректеріне сүйенсек, Көркем Уәлидің 4 әйелі болған, олардан бала болмаған. Бірақ ол – сері өте келбетті, көрікті болған адам. Оның үстіне Көркем Уәлидің атасы да Уәли ғой-Қанішер Абылайдың әкесі.



Демек, Абылай - хан тұқымынан болған. Ол өзінің арғы тегін жасырған ғой?



2 оқушы: Ал, енді қайтыс болуына келсек, Көркем Уәлидің өзі де, төрт әйелі де күтпеген жерден бір жұқпалы ауруға шалдығып қайтыс болған.Ол кезде қазақ даласында індет сияқты жұқпалы аурудың түр-түрі көп тараған. Ал енді, тарихшы Талас Омарбековтың дерегіне сүйенсек, Абылай хан Жиренше шешеннің Аршын есімді шөбелегінен, яғни, жиеншарынан туған деседі.Қалмақтар жерімізді жаулап алғанда, қазақтың ұл-қыздарын да бірге айдап кеткен. Кейіннен, 200-ден астам қазақтың балаларының ата-аналарының 100-ден бірі табылса, қалған100–дің балаларынның ата-анасы табылмай қалған. Жаңағы балалардың ішінен Аршынды бір атақты бай асырап тәрбиелейді.Ол-Төле биге жақын туыс, Сеңкібай деген ақсақал, руы Жаныс. Аршын кейіннен сол Сеңкібайдың ұлы Қарабаймен үйленеді. Содан Әбілмансұр туған дейді.Әбілмансұр 2 жасқа келгендеТөле би оны Көркем Уәлиге апарыпты. Көркем Уәли бүкіл Түркістанды билеп тұрған сұлтан, Төле биге өте жақын сыйлас болған.Төле би Көркем Уәлиге: «Саған бала керек қой, міне, бала»,-депті. Содан ол 2 жасар Сабалақты қуана-қуана асырап алған.Ол 11-12-ге келгенде Көркем Уәли әйелдерімен қайтыс болады да, Әбілмансұрды Төле би өзі іздеп барып, үйіне алып қайтады.Бұл жөнінде Бұқар жыраудың жырында айтылады.



Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» жиырма жаста қан майданда ерлігімен танылғанын білеміз.Тағы да кімдердің жырларында Абылай туралы айтылады.



3 оқушы: Рулық шежіреде жасқа жеткен соң, оны «жалғыз» деп таратады. Абылайдың жалғыз екені де, оны Көркем Уәлидің асырап алғаны да рас. Бұқар жыраудың жырында «Қарадан шығып хан болған» деп айтқан.Төле би оны оқытып, жан-жақты тәрбиелеген.Оған әр елдің елшілері мен шетелдік елшілер де көп келеді.Әбілмансұр солармен көп сөйлесіп жүріп, бірнеше тілді де меңгерген. Жалпы Абылай хан сауатты адам болған.Төле бидің өзі де хат таныған.Сол заманда төрелер таққа таласқан. Соның салдарынан қазақ үш жүзге бөлінді. Кезінде қазақтар таққа таласып, соның бірі Қанішер Абылай Қарақалпақты билеп тұрған бауыры Қайып сұлтанды өлтірген. Міне, соның кесірінен халық оны ұнатпай «Қанішер Абылай» деп атаған.Төрелердің арасында осындай жағдай көп болған. Сондықтан Төле би мен Қазыбек би «Қарадан бір хан дайындайық» деген ойда болған деген деректерді тарихшы Талас Омарбековтың жазбаларында кездеседі.

«Қарадан бір хан дайындайық» дегенді кеңінен қалай түсіндіріп бере аласыз?



4 оқушы- Меніңше, Аңырақай шайқасы қызып жатқан кезінде Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек би екеуі әдейі Әбілмансұрды ұрысқа қосқан. Сонда ол «Абылай, Абылай» деп шабады.Сол кезде 1729 жылы Қалдан Сереннің туған жиені Шарышты өлтірді. Содан бері Абылайды батыр санаған.Сол кезде Орта жүздің ханы Әбілмәмбет «ойбай, бауырымдап» құшақтай алған. Өйткені Әбілмәмбет Көркем Уәлидің баласы жетім қалды дегенді баяғыда естіген.Міне, содан кейін Әбілмәмбет Абылайды жанында ұстаған.Менің ойымша, Абылайдың жеке басының сапалық қасиеттері – данышпандығы, қайраткерлігі, батырлығы Әбілмәмбеттен асып кетті. 1744 жылы Әбілмәмбет өзі түсініп, Түркістанға көшіп кетті. Арада бір жыл өткенде Көкшетаудағы Қарақоқы деген жерде, қазірде Абылайдың Ордасы болған жерде Төле би мен Қазыбек би келісіп, үш жүздің игі жақсыларын шақырып, боз биені бауыздап, қолын қан құйылған қазанға салып, қашанда бірге болуға ант берді. Сөйтіп, Абылайды ақбоз атқа мінгізіп, ақ ту көтерген екен. Арнайы хан сайлаған жоқ, бірақ, «Елді сен ғана басқар!»- деді. Ол 34 жасында билікті толық қолына алды.

Абылайдың 173O-174O жылдары қалмақтармен шайқасындағы ерлігі кезінде қасында қандай батырларын білесің.



5оқушы - Тарихта Абылай хан Оңтүстікті де азат еткен деп жазады.Тараздан әрі қарай оңтүстік өлкесі Қоқан ханының ықпалында болды.Қоқанның Ерденбек деген ханыны қуып шығып, Ташкентті де, Сайрамды да, Түркістанды да қазаққа қайта қосты.Осыдан кейін қазақтың жеріне басып кіре алмады.Хиуа хандығын да шегіндірген Абылай.Тіпті қазақ халқы әлсіреп, әскері азайып тұрған уақытта қырғыздармен де соғысты.Қырғыздарғы Абылай 1754-64 жылдары екі қайтара жорық жасаған.Көкшетаудан басталған жорық осы Есіл, Нұра арқылы қырғыз еліне дейін өтеді.Сол жолды әлі күнге дейін қазақ пен қырғыздар «Абылай жолы» деп атайды.Шындығында бұған барымтаға байланысты туындаған ұсақ мәселелер себепкер болған. Қырғыз бауырларымыздың үлкен бір кемшілігі – бұларда ешуақытта хан болмаған. Кейіннен манаптар биледі.Бүгінгі қазақ-қырғыз шекарасын белгілеп берген – Абылай.



Мұғалім қорытуы: Тарихшылар еңбегінде: «Уәли, оның баласы Абылай, оның баласы Уәли, оның баласы Абылай хан» деп жазыпты.

Аңыз бойынша Абылай ата-бабасына ас бермек болып Үргенішке барыпты. Қасиетті жер деп Қазығұртта үй тігіп 2-3 күндей қонған. Абылайдың қонақтап жатқанын естіген көрші өзбек ханы келіп, құрмет-қошемет көрсеткен. Қасына екі ат қосшы қосып береді.Абылай оларға үлкен сенім артады. Осы орайда «өзбектер оның табанына у жаға берген» деген сөз бар. Арыстың жағасына келгенде сырқаты ұлғайған. Дүниеден өтерінде халқына аманат ретінде «Қазақтың алауыздығы өрши беретін болса, елдіктен айырыламыз, татулық сақталсын» деп ақырғы сөзін жеткізуді Бұқарға сәлем етіп жолдайды. Хабар алған Бұқар жырау 200 адаммен Арқа елінен іздеуші болып жетеді. Абылайдың қадір-қасиетін жоқтап, денесін қасиетті Түркістанға жерлейді. Тарихи деректерге сүйенсек, абылайтанушы Алмас Әбсадықовтың жазбаларында былай деген:

«Орыс жазба дерегі Абылайдың бұрынғы жарақаты асқынып кетуінен кенеттен ауырып дүние салғанын хабарлайды. Бірақ оның өліміне өзбектердің қатысы жоқ» деп жазған.

Ал, археологиялық қазба жұмыстарында Абылай туралы не айтылған екен? Кезекті «Археологтар» тобына берейік.

ІІ топ. «Археологтар» тобы-1оқушы:

Тарихшы А.Левшиннің еңбегінде «Абылай тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытай-Боғды ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын, өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді» деп жазған. Осыдан талай жыл бұрын тарихымызда тұңғыш рет Абылай хан бейнесін реконструкция жасаған антрополог-ғалым Оразақ Смағұлұлы. Оның зерттеуінше, Абылай хан орта бойлы, ашаң жүзді, бет сүйегі сопақша келген, сарғылт жүзді адам болған. Дене қимылы өте ширақ, өмір бойы ат үстінде жүргендіктен жамбас сүйектерінің құрылысы аз ғана деформацияға ұшыраған. Әсіресе, ерекше атап өтетін жайт, Абылай белгілі найзагер, қылыштасудың шебері болса керек. Оның оң қолының бұлшық еттері жетілген, өте қарулы болған.

Абылайдың 12 әйелі, 30 ұлы, 40 қызы болғанына қарағанда, оның денсаулығы зор болған деп болжауға болады. Тіпті 45 жасында алған ауыр жарақаттан жазылып кетуінің өзі – қәзіргі дәрігерлерді таң қалдыратын жағдай. Қытаймен соғыс кезінде сол жақ санының ортан жілігі екіге бөлінген көрінеді. Сол сынық қайтып бітіп кеткен. О.Смағұлұлының айтуынша, парадантоз ауруынан Абылайдың 50-ге жетпей тісінің бәрі түсіп, қызыл иек болып қалған. Тамақ орнына көбіне жілік майын шағып жеген көрінеді.

Сонда Абылайдың сүйегі қай жерде жерленген?

2 оқушы: 1996-1997 жылдары түріктер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне реставрация жүргізді. Сол кезде Абылай ханның, Жолбарыс ханның, сонда жерленген басқа да айтулы тұлғалардың сүйектерін алуға мәжбүр болған.Былайша айтқанда астынан ұзындығы 2 метр, жалпақтығы 60-70 см. топырағымен бірге алды. Сонда барша халыққа шын мәнінде Абылай екені және тірі кезінде оның бейнесіне қандай анықтамалар берілу үшін 2 жылдан астам уақыт зерттеген. Тарихи жазбалар мен археологиялық қазба жұмыстарына жүгінсек, 1756 жылы Ертіс өзенінің бойында Цин әскерімен соғысып жүріп, Абылайдың санынан сол жақ жілігі жоғары жағынан морт сынғанын дәлелдейді Абылай ханның бас сүйегін қалпына келтіру үшін Мәскеудегі Геросимов зертханасына реконструкция жасап, тұңғыш рет Абылай ханның бейнесін көрген ғалым-антрополог Оразақ Смағұлұлы. Зерттеу жұмыстары біткен соң хан сүйегі өзінің орнына жерленіп, кейіннен басына М. Құл-Мұхаммед Смоленскіден алдырған қара тас қойылды. Басында жазуы, Шот-Аман Уәлихановтың жазған генеологиясы бар.Және де Мағжан Жұмабаевтың мына өлең жолдары бар:

Қиын күн туған алаш баласына

Шұбыртып жапанның сар даласында.

Күндерде сонау қара тапсырған ел

Тағдырын Абылайдай данасына.

Сол күнде ел қорғаған Абылайсың

Қылсаң да аз қанша тәуап моласына



Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды депломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі халық арасында қандай ұранға айналды?



3 оқушы:- Абылай даналығының сыры ми қатпарларының ерекшелігінде жатыр.Оның тұлға ретінде ерекше адам болғандығы даусыз.Негізі Абылай ханның суретін салған қызылордалық Мәжит Айтбаев деген.Соғыс кезінде тұтқынға түскен. Германияда жүріп, Шоқанға еліктеп, Абылайдың портретін салған. Оны Мұстафа Шоқай «Түркістан легионының» баспасынан шығарған. Негізінен Абылай ханның тірі кезіндегі ешқандай суреті болмаған. Суретшілердің салғандарының бәрі образға енгізіп әр түрлі етіп салған. Кезінде Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін «Өнер» баспасы ұлт мақтанышымызды жарыққа шығару үшін Абылай ханның портретін салуға байқау жариялайды. Онда қыл қаламмен салған шет елдің мұрағатынан салған суретті салуға тапсырады. 1993 жылы болған байқауда 20-ға жуық суретшінің арасынан Жұмақын Қайрамбаевтың суреті 1 орын алады. Бытырап жүрген үш жүздің басын қосып, бір мемлекет қылған Абылайдың портретін салу жұмысына 2-3 айдай уақыт кеткен. Оның1993 жылы салған суреттегі «Абылай хан» - оның әбден кемеліне толған кезі. Ж.Қайрамбаевтың екінші суретінде 2003 жылғы нұсқада «Хандығының соңғы жылдарындағы кезі» бейнеленген.



Қосымша Абылайдың бейнесін бейнелеген суретшілерді атаңызшы? Және Абылай туралы қандай дастандар мен ақын – жазушылардың туындыларында сомдалған?



4 оқушы: Мен енді театрдағы Абылайды айтқым келіп отыр. Еліміз тәуелсіздігін алған кезде басына қонған сол бақтың - тәуелсіздіктің мән-мағынасын білу, түсіну қажет болды.Абылайды бірнеше тақырыпта жазған жазушы-драматургтеріміз тарих бетінен орын алды.Соның бірі «Абылай хан» пьесасының авторы, жазушы-драматург – Әбіш Кекілбаев.Ол: «Негізінен шын Абылай – кәдімгі қазақ білетін Абылай. Ал, «пәлен туған екен», «пәлен асырап алған екен» деген аңыздарға мән бермеймін» деген. Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» пьесасындағы Абылай хан рөлін кейіптеген Тұңғышбай Жаманқұлов еді. Актер өзі туралы былай деген: «Абылай-қазағын қасық қаны қалғанша сүйіп өткен, сүйе отырып, көп қылығына күйіп өткенімен қымбат. Мен де тап осындай күй кешкенімді айтсам, адам нанғысыз» деп ойын жеткізген.Сонымен бірге Маман Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндері» атты қойылымда Абылайдың рөлінде – Тұңғышбай Жаманқұлов, Бұқар жырау рөлінде – Сәбит Оразбаев болды. Бір сөзінде Тұңғышбай Жаманқұлов: «Көшпенділердегі» Абылай хан туралы түк те айтпаймын. Өйткен ол – «Көшпенділер емес, ондағы Абылай да емес» деген пікірлер айтқан.

Менің жас та болса айтайын деген пікірім, көзқарасым, қазақты қазақ, Абылайды Абылай танытқан өзіміздің актерлеріміз ұнайды, «Көшпенділер» фильмінде ел туралы түсірімдер аз-кем түсірілген.Өкінішке орай орыс тілді режиссер Болат Ибрагимовтың сценарийі көңілден шықпады.Ақыры түсірілімге 10 күн қалғанда голлибудтық әйгілі киномаман Иван Пассер, ресейлік режиссер Сергей Будров,қазақ фильмнің режиссері Талғат Теменовтың түсірілімімен жарыққа шықты. Елбасы Астанадағы «Синема сити» кино театрында бұл фильмді көргенде «Мен бұл фильмге ризамын» деген. Бірақ, бұдан кейін мамандар көптеген сындар айтты.

Сіз «Көшпенділер» фильмін көрдіңіз бе? Ондағы сындар мен әдеби кітаптағы ерекшеліктерін айта кетсеңіз?



5 оқушы: Абылайдың сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреу білмейді. Абылайдың «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Сары бура»,«Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Майда жел», «Шаңды жорық» және тағы басқа күйлері бізге жеткен. Қарап тұрсаңыз бұл күйлердің тақырыбының өзінде үлкен мән жатыр.Қазақтың аңыз әңгімесінде Абылай ерекше аруақты даңққа бөленген. Олар үшін Абылай – ерлік пен серілік заманы.Оның жорықтары, батырларының ерлік істері эпикалық жыр-шежіреге айналған. Күйлердің басым көпшілігі оның заманы мен өмірінің қилы кезеңдеріне арналған. «Шаңды жорық» деген күй шапқыншылық кезде ержүрек Баян батырдың қаза болуына орай шығыпты.Қазақтар Еділ бойындағы қалмақтарға қыстың көзі қырауда жорыққа аттанып, қашан олжа түсіргенше 7 күн бойы ашығады. Осы оқиғаға байланысты «Қоржынқақпай» күйі туған. Қазақ күйшілердің күні бүгінге дейін тартатын бұл күй Абылай ұрпақтарының есіне даңқты күндерді түсіреді.

Бүгінде Абылайдың күйлерін кімдер орындап жүр?

Мұғалім қорытуы: Негізі күйлердің атына қарап Абылайдың ерлігін, кісілігін, биіктігін қарауға болады.Абылай өзінің «Қазақты отырықшылыққа үйрете алмай кеттім. Қала, қамал сала алмадым. Үш жүздің басын толық қоса алмадым. Халқыма өркениетті өнерді үйрете алмадым.» дейтіні бар. Ал, саясатта әлсіз болған жоқ. Екі жақты саясатпен орысты да, Қытайды да қазаққа жібермей ұстап тұрды. Құжаттарға қарап отырсақ, қазақтың әлде бір сұлтаны немесе батыры көрші елдерге өзінен-өзі соқтығып, мал үшін шапқыншылық жасап, жоқ дерден жау тауып отырған. Сол кезле Абылай хан қазақ даласында бұрын болып көрмеген өлім жазасын қолданғаны да рас деп тұжырымдайды ғалымдар. Абылай – дана саясаткер. Қазіргі тәуелсіздікке қол жеткізуімізге, мемлекет болуымызға оның рөлі зор.

Екі топтың да әділ бағасын өз қоржындарына салсаңыздар.

ІҮ. Сайысымыздың ІІІ бөлімі «Тұлғаны таны». Белгілі абылайтанушы, тарихшы жазушыларымызды, театр мен кино өнерінде Абылай бейнесін сомдаған майталман әртістеріміз бен өнер саңлықтарын тауып айту. Бейнелеу өнеріндегі Абылай портретін бейнелеген суретшілеріміздің де есімдерін атау.

І топ

  1. «Шоқан Шыңғысұлы-ғалым.

  2. Шот-Аман Уәлиханов, сәулетші, Абылай ханның ұрпағы.

  3. Едіге Уәлиханов-тарихшы, Абылай ханның ұрпағы

  4. Оразақ Смағұлұлы, антрополог-ғалым

  5. Талас Омарбеков-тарихшы

  6. Әбіш Кекілбаев-жазушы-драматург, «Абылай хан» пьесасының авторы

ІІ топ

  1. «Абылай ханның» спектаклінен көрініс. Абылай хан рөлінде - Тұңғышбай Жаманқұлов, Топыш рөлінде -Данагүл Темірсұлтанова.

  2. Маман Байсерековтың «Абылай ханның ақырғы күндері»атты қойылымында Абылай хан рөлінде-Т.Жаманқұлов. Бұқар жырау рөлінде-Сәбит Оразбаев

  3. Жұмақын Қайрамбаев - суретші.1993жылы «Абылай хан» бейнесін салып, конкурста жеңіп шыққан.

  4. «Көшпенділер» фильмінде Қалдан Серенді кейіптеген актер – Досқан Жолжақсынов

  5. «Көшпенділер» фильмінен кинодағы Абылай рөлінде Куно Беккер

Екі топтың да жауаптарының әділ бағаларын өз қоржындарына салсаңыздар.

Ү. Сайысымыздың ІҮ бөлімі «Абылайтану» пікірталас.

1топ - «Тарихшылар»

  1. Абылайдың төре тұқымы, хан тұқымы екендігі қаншалықты шындыққа жанасады? Абылайдың Төле биге қатысы қандай?

  2. Абылайдың есімі туралы да даулы мәселелер баршылық. Оның шын аты кім: Әбілмансұр ма, Сабалақ па, Абылай ма?

2 топ – «Археологтар»

  1. «Қазыбек бидің ұрпағы Абылайға берген қызын масқара қылып қайтарып алыпты, ханды орта жүздің жерінен қуып шығыпты» деген әңгіменің қаншалықты негізі бар деп ойлайсыңдар?

  2. «Өмірінің соңғы шағында Абылай хан Бұқар жырауды хан сарайынан қуып жіберген» деген сөз бар. Егер солай болса, бұған не себеп болды деп ойлайсыздар?



Әділ-қазылар бағасы.

ҮІ. Кім тапқыр?

Берілген 6 ұяшықта 6 түрлі сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. «Тарихшылар» тобының сұрағына назар аударсақ.

  1. І топ.

Ай, Абылай, сен он бір жасыңда

Әншейін-ақ ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Арқада Әбілмәмбет төренің

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді,

Сабалақ атпен жүр едің.

(Бұқар жырау)

  1. ІІ топ.

Ақтабан шұбырынды - аштық болып,

Ел кетті бет-бетімен қайың сауып.

Жас бала Әбілмансұр қалды жетім,

Еліне жетер емес қайта тауып.

Іздеп кеп Төле биге сәлем берді

Таба алмай ата-баба туған елді.

(Көкбай Жанатайұлы «Абылай хан» дастанынан)

І топ.

«Шиеленіскен халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қол астына біріктіруге тырысты. Қазақстанды басып алуға тырысқан көршілері – Ресей, Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама – қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды» - деген сөздің авторы кім? (Тарихшы Е. Бекмаханов).

ІІ топ. Мына үш жүздің билерінің ішінде Абылай ханға қайсысы жақын болды? (Төле би).

І топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегінде жазылған сөздерді табу керек.

«... Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың маңайы болар. Сонан соң, біздің орта жүздің жақсылары: Бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді...-----------------------------------»- деп Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр-Абылайды алып келіпті.

(Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақты көп ұрысатұғын біз)

6. ІІ топ. Абылайдың батырлары. Осы батырлардың ішінде Абылайдың ту ұстаушы абырларының бірі, қолбасшы-түменбасы болған қай батырды білесің? (Шапырашты Наурызбай).

ҮІІ. Абылай өмірінен сахналық қойылым.

1. «Тарихшылар» тобы. «Абылайды таққа отырғызу»

ІІ «Археологтар» тобы. «Абылайдың елге айтар өсиеті».

Әділ бағасын сұрау.

Мұғалім сөзі: Абылай 1781 жылы мамырда 80 жасында дүниеден қайтты. Одан 30 ұл, 40 қыздың ұрпақтары қалды.

Ерлерді ұмытса да , елі ұмытпас.

Ел жұртының ойлайтын есендігін!

Ерің болса – сол ханның, осы елдігің.

Қымбат емес алтын тақ, Хан ордасы

Қымбат бізге Абылай көсемдігің.

ҮІІІ. Сайысымыздың келесі бөлімі «Сандар да сөйлейді»

Абылай ханның өмір тарихының тізбесі хронологиялық тәртіп бойынша айтылады

І топ

  1. 1711 – Ташкен мен Түркістан маңында дүниеге келген.

  2. 1723 - Ата-анасынан жастай жетім қалған Әбілмансұр «Сабалақ» деген атпен Төле бидің малын бағып өсті.

  3. 1729 –1730 - қалмақ батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды. Әбілмәмбет сұлтанмен Көкшетауға барып, ел билеу ісіне араласты.

  4. 1740 – Қалдан Серен Әбілмәмбет ханды шабады.

  5. 1741-Абылай саятшылыққа жүрген жерінен қалмақтарға тұтқынға түседі.

  6. 1743 – тұтқыннан босатылды.Осы кезден бастап Абылай Орта жүз қазақтарын басқарады. Ал, Әбілмәмбет хан Түркістан шаһарына қоныс аударады.

  7. 1745 – Көкшетаудағы Қарақоқы деген жерге (қазіргі Абылайдың Ордасы) арнайы сұлтандар мен атақты батыр билерді шақыртып , ас беріп, ақ боз атқа мінгізіп, Төле би: «Елді сен басқар!»деген. 34 жасында ол билікті толық қолына алды.

  8. 1751 – Жоңғарларды Сырдария өңірінен, Оңтүстік өлкеден азат етеді.

ІІ топ.

  1. 1752-1753 –қазақ әскері Жетісу мен Алтайды жаудан қайтарып алды.

  2. 1756 - қазақ даласына Цин империясы әскер кіргізеді. Қазақ әскері ашық шайқасқа шықпай, қашып-тиіп соғысады. Ауыр ұрыста Абылай қатты жарақаттанады.

  3. 1757 – Абылай Әбілмәмбеттің баласы Әбілфайызды қытайларға елшілікке жібереді. Нәтижесінде екі ел арасындағы ұрыстар тоқтатылды.

  4. 1760-1765 – Абылай дау болып жүрген аумақтар үшін қырғыз манаптарына қарсы жорыққа шығады.

  5. 1771Жоңғарға өтпек болған Еділ қалмақтарының әскерімен шайқасты.

  6. 1771 – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болады. Оның орнына Абылайды хан етіп, ақ киізге көтереді.

  7. 1771-1774 – Қырғыздармен арадағы қақтығысты жағдайларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етті.

  8. 1781 – Ташкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда қайтыс болады.

Екі топтың ұпай саны.

ІХ. Абылай ханның ата тегін ретімен сандық жүйе арқылы таратып көрсету.

Мұғалім сөзі: Абылай туралы алғашқылардың бірі болып, мақала жазған Шоқан Уәлиханов. Оның айтуы бойынша, Абылайдың 12 әйелі, 40 қызы, 30 ұлы болған. Алдымен мына көрсетілген слайдта Абылай ханның ата тегіне назар аударсақ.Берілген суреттегі Абылай ханның ата тегін ретімен таратып, көрсету.

  1. Шыңғыс хан.

  2. Жошы хан.

  3. Тоқай Темір

  4. Өз Темір

  5. Қожа

  6. Бәдіғұл оғлан

  7. Орыс хан

  8. Құйыршық хан

  9. Барақ хан

  10. Әз Жәнібек

  11. Жәдік

  12. Шығай хан

  13. Есім хан

  14. Жәңгір хан

  15. Уәлибақы

  16. Қанішер Абылай

  17. Көркем Уәли

  18. Абылай хан (Әбілмансұр)

Әділ-қазылар өздерінің әділ ұпайларын береді.

Х. Қорытындылау:

Мұғалім сөзі: Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде «халықтың ерік-жігерінің тас түйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын түлетудің алтын діңгегіне айналды»деген. 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. 1999 жылы тарихи антропологиялық зерттеулер нәтижесінде суретші Ж. Қасымбайұлының «Абылай хан» еңбегі жарық көрді. Міне, Абылай бабамыздың аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздігін алды. Басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік.

Бүгінгі оқушылардың ізденген ғылыми шығармашылық жұмыстарына үлкен рахметімізді айта отырып, қазақ елінің ұлт мақтанышы, әрі жанашыры бола беріңіздер демекпіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Измамбетова Айбарша Итеменовна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371588


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства