kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка мероприятия на тему: «Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка  мероприятия на тему: «Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка мероприятия на тему: «Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық»»


Педагогтің Т.Ә.А.

Казтаева Д.А , Отаралиева Б.Е.

Күні / Уақыты

31.04.2026ж

Сыныбы

5 «Г», 3 «А»

Іс-шараның тақырыбы

«Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық» мерекелік бағдарламасы

Іс-шараның мақсаты

• Оқушылар бойында қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен достық құндылықтарын қалыптастыру;
• Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтаудағы рөлін ұлықтау, оқушылардың шығармашылық, сахналық мәдениетін және көптілдік құзыреттілігін дамыту;
• Өз еліне, салт-дәстүріне және өзге ұлттардың мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Формасы мен түрі

Мерекелік салтанатты бағдарлама, әдеби-музыкалық монтаж, үгітбригада және шығармашылық көрме.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретіндегі құндылығын түсінеді; достық пен ынтымақтың маңызын ұғынады; көпшілік алдында мәнерлеп оқу, өнер көрсету дағдылары артады.

Ресурсы және жабдықтар

Мемлекеттік рәміздер, фанфар және фондық әуендер, қазақ биіне арналған ұлттық киімдер, «Ұлттық мұра – халық қазынасы» кітап және жәдігерлер көрмесі, безендірілген сахна шаңырағы.


Іс-шараның барысы

Іс-шара кезеңі / Уақыты

Педагогтің (жүргізушілердің) іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау және ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе
(3–5 мин)

Фанфар ойналады. Жүргізушілер ) сахнаға шығып, қонақтарды, ұстаздар мен оқушыларды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 31 жылдығымен екі тілде салтанатты түрде құттықтайды. Бағдарламаны ашық деп жариялап, құрметті қонақтармен таныстырады.

Көрермендер мен оқушылар жүргізушілерді тыңдайды, шапалақ ұрады. Мерекелік көңіл-күй қалыптасады. Мектеп директоры мен шақырылған қонақтар орындарынан тұрып ілтипат білдіреді.

Ынталандыру, қолпаштау.

Ресурстар: Мультимедиялық экран, фанфар, микрофондар.

Мерекенің салтанатты ашылуы
(5–7 мин)

Жүргізушілер сахна төріне өнерпаздарды шақырады. Мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пәуединқызына мерекелік құттықтау сөз береді.

Мектеп өнерпаздары мың бұралып «Қазақ биін» орындайды. Мектеп директоры Ә.П. Әбдіғапарова сахнаға шығып, жылы лебізін, құттықтауын білдіреді.

Қол шапалақтау, ризашылық білдіру.

Ресурстар: «Қазақ биі» әуені, ұлттық киімдер.

Әдеби монтаж бөлімі
(8–10 мин)

Жүргізушілер сөз кезегін 3 «А» сынып оқушыларына береді. Оқушылардың тақпақтарды мәнерлі, нақышына келтіріп оқуын бақылайды және бағыттайды.

3 «А» сынып оқушылары Изболат пен Әділет сахнаға шығып, Қазақ жерінің қонақжайлылығы, ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен достық туралы өлең шумақтарын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқиды.

Мақтау, марапаттау.

Ресурстар: Фондық баяу әуен, өлең мәтіндері.

Шығармашылық үгітбригада
(10 мин)

Жүргізушілер сахнаны көпұлтты ынтымақты сипаттайтын «Үгітбригада» ұжымына береді. Оқушылардың көптілдік (қазақ, орыс, ағылшын) өнерлерін қолдайды.

Марлен, Диана, Аят, Жаннұр, Бекнұр, Нұрдаулет есімді оқушылар сахнада 1 мамыр — бірлік мерекесі туралы үгітбригадалық қойылым көрсетеді. Үш тілде («Привет! Сәлем! Hello!») амандасып, достық, құрмет, бейбітшілік ұрандарын бірге айтады.

Формативті бағалау, көрермен ризашылығы.

Ресурстар: Сахналық атрибуттар.

Әдістемелік бірлестіктер көрмесі
(10–12 мин)

Жүргізушілер мектептің әдістемелік бірлестіктері дайындаған «Ұлттық мұра – халық қазынасы» атты кітап көрмесін, ұлттық жәдігерлер мен киімдерді, сондай-ақ берекелі ұлттық дастарқанды таныстырады. Қонақтарды көрмені тамашалауға шақырады.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылар көрме қатарларын таныстырады. Қонақтар мен қазылар алқасы көрме жәдігерлерін тамашалап, дастарқаннан дәм татып, әділ бағаларын береді. Осы тұста «ӘН» орындалады.

Арнайы номинациялармен бағалау.

Ресурстар: Көрме материалдары, ұлттық тағамдар.

Қорытынды. Рефлексия
(5 мин)

Бақытжан мен Данагүл мерекелік бағдарламаны қорытындылайды. «Бір шаңырақтың астындағы татулығымыз нығайып, еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!» деген ақ тілекпен іс-шараны жабады. Қонақтармен қоштасады.

Барлық қатысушылар сахнаға жиналады. Мерекелік іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, елімізге тыныштық, достық тілейді. Естелік суретке түседі.

Кері байланыс, мақтау хаттар тапсыру.

Ресурстар: Дипломдар мен грамоталар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка мероприятия на тему: «Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық»

Автор: Казтаева Данагуль Алтайкызы

Дата: 21.06.2026

Номер свидетельства: 688179


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства