kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы - аялы ала?ан мекені

Нажмите, чтобы узнать подробности

2013 жылдан бастап ?аза?станда жа?а мереке - отбасы к?ні бекітіліп, е? ал?аш рет ?аза?станды?тар оны 2013 жылды? 8-?ырк?йек к?ні  мерекеледі.Б?л к?нді бекітуді? себебі ?лем ?о?амдасты?ыны? ала?дауымен орын алды ж?не ?азіргі отбасыларды? жа?дайына ?о?амны? назарын аударту?а, ?о?амны? бір институты ретінде отбасы ма?ыздылы?ын жо?арылату?а ша?ырды. Отбасы адами ??ндылы?тарды, м?дениетті ж?не тарихи м?рагерлікті са?тап келеді. Отбасыны? аманды?ы – кез келген елді? дамуыны? ?лшеуіші. «Отбасы к?ні бізді? ?о?амымызда руханилы?ты, ?негелілікті ны?айту?а, ерлі-зайыптылар жауапкершілігіні? ма?ыздылы?ын с?зсіз мойындау?а ы?пал етеді. Отан?а деген с?йіспеншілік отбасынан басталады. Осы?ан орай "Отбасы - аялы ала?ан мекені" атты т?рбие са?аты 7 сынып о?ушылар арасында ?тті. Сынып «Алтын ?я» тобы ж?не «Берекелі отбасы » атты екі топ?а б?лінді. мынадай кезе?дерді ?амтыды:1. С?ра?тар. 2.Ма?ал-м?телдер. Туысты? м?тел айтысы. 3. «Ты?ыры?тан шы?у.» 4. « Ж?ректен ж?рекке» ше?бері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы - аялы ала?ан мекені»

Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі

















Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Отбасы – аялы алақан мекені»



Мұғалімі: Жусупова А.М.

Сынып: 7 «Ә»























2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Отбасы – аялы алақан мекені»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар7

Сабақ барысы:

Мұғалім:

 Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

   Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.

І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы.

1. Сұрақтар.

2.Мақал-мәтелдер. Туыстық мәтел айтысы.

3. «Тығырықтан шығу...»

4. « Жүректен жүрекке» шеңбері.



1-бөлім: Сұрақ- жауап

«Алтын ұя» тобына

1.Әкеңнің қарындасының баласы саған кім болады?(жиен).

2.Шешеңнің әкесі саған кім?(нағашы ата).

3.Мұсылманның 5 парызын ата?

(Аллаға және пайғамбар оның елшісі екеніне сену;Намаз оқу;Ораза ұстау;Зекет беру;Қажыға бару).

4.Бес ақыл,бес дұшпанды ата.

(Бес ақыл:оқу,еңбек,адамгершілік,қанағат рақым).

(Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ).

5.Бөле деген кім?(Ананың әпке-сіңілерінің балалары).



«Берекелі отбасы» тобына

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

4.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

5.Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)


2 бөлім: мақал-мәтелдер

«Алтын ұя» тобына

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)


«Берекелі отбасы» тобына

  1. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  2. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

  3. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  4. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  5. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  6. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)


 Сергіту сәті:      «Мені кім қалай жақсы көреді?!» (ата –аналары қалай еркелетеді)

3 бөлім: «Тығырықтан шығу...»

«Алтын ұя» тобына

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?


  1. «Берекелі отбасы» тобына

  1. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  2. Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?


4 бөлім: «Жүректен жүрекке шеңбері»

Ендеше оқушылар шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып осы шеңбер ішімен жүрейік.

1. Біздің жанұя ұйымшыл бір нәрсені бәріміз бірігіп жасаймыз.

2. Менің жанқям тату-тәтті әкемнің, анамның, ағамнң айтқанын бұлжұтпай орындаймыз.

Қорытындылау:Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, ат салыса қатысқандарыңызға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Ал балалар, сабақты жақсы оқып, ата-аналарынды ренжітпендер, үлкендердің тілің алыңдар! Отанын, елін, жерін сүйетін, ата-анасын, жора жолдасын құрметтейтін, еліміздің тұтқасын ұстар азамат болып өсуіне сіз бен біз бірігіп көмек берейік.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасы - аялы ала?ан мекені

Автор: Жусупова Айгерим Маратовна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства