Просмотр содержимого документа
«Өлкеміздің кемеңгер күйшілері»
2017-2018 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында Раздольный ЖОББМ-де 5, 6, 7 а, б сыныптарында өткен іс-«Өлкеміздің кемеңгер күйшілері» атты іс-шараның жоспары.
Іс-шара атауы: «Өлкеміздің кемеңгер күйшілері»
Мақсаты: Оқушыларға күй үйрету барысында оның шығу тарихы , орындалу мінезі мен шығарушы композиторлары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды атақты күйші – коипозиторлардың шығармашылығымен таныстыра отырып, құрметтей білуге баулу.
Қатысқан сыныптар: 5, 6, 7 (а,б) сыныптары
Күй өнері - халық қазынасы, мұрасы. Күй - домбыраның үні мен жан дауысы болса, домбыра - қазақ халқының жан сезімі мен жан серігі. Адам жанының ішкі толқынысын таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білген қазақтың қоңыр домбырасы арқылы пайда болған күйлерді халқымыздың киелі мұрасы деуге болады. Ұлттың рухани әлемі мен жан сұлулығын, ерлігі мен өрлігін, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын домбыраның үн төкпесінен танып, сезінуге болады. Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, бұлбұлдың сайрағаны, желдің гуілі, ат тұяғының дүбірі, қасқырдың ұлығаны бәрі – бәрі күй әлемінен тыс қалмаған. А.Жұбанов күйлердің шығу тарихы жайлы көптеген деректер қалдырды. Күйді үйретпес бұрын оның шығу тарихына баса назар аударған дұрыс.
Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың күйші композиторы, қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданында туған. Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі – Ұзақ. Құрманғазының күйлерінде аса жүрдек екпін, шамадан тыс шабыт, асқақ рух бар. Құрманғазы жолаушылап жүріп бір ауылға түсіп, оны танымаса да, «құдайы қонақ» деп үйге кіргізіп күтіп алуы халқымыздың қонақжайлығын білдіреді. Қазіргі таңда ең танымал күйлердің бірі болған, «Адай» күйі осы сапарда , адай руынан шыққан Ақмаңдай атты күйші қызына арналған екен. Күйдің жігерлі де шабытты көңілде орындалуына қарағанда, Құрманғазыдан қалыспай күй тартысқан Ақмаңдай қыздың өр мінезін бейнелеп тұрғандай әсер қалдырады. Сонымен бірге күйді тыңдағанда қазақ даласының еркін де жалынды мінезін бейнелегендей немесе кең даладағы аттың шабысы, жауынгерлік рух та аңғарылады. (күйді домбырашылар ансамблі орындайды)
Дина Нұрпейісова - Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Күйшінің « Қара қасқа ат» күйіне келер болсақ, Динаның ұзатылу тойында әкесі: «Қызым – ау, менің қолымнан кетіп барасың, жасауыңа не қалайсың, ала ғой қалағаныңды» -дейді. Сонда Дина : « Әкешім, осы уақытқа дейін бетімнен қақпай еркелетіп өсірдіңіз. Егер қисаңыз жас кезімді, бақытты балалық шағымды еске алып жүрейін, маған Қара қасқа атты сыйлаңыз. Сіздерді , елді сағынғанда мауқымды басайын», - дейді. Сонда әкесі: « үш болысқа аты шыққан атымды сенен неге аяп қаламын» - деп ақ батасын берген. Күй мазмұны, жылқы малының жүрісі; аяң, желіс, шабыс т.б. бейнеленген. (күй орындалады)
Дәулеткерей Шығайұлының ата-бабасы орыс ханынан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген төре тұқымы. Алайда, Дәулеткерей биліктен гөрі күйшілік өнердің жолына түскен және домбыра күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Жанға жайлы лирикалық сипаттағы Дәулеткерей мектебі, төкпе күй табиғатын кеңейте түсумен бірге, тақырыптық аясын кеңейтті. Ол өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез – келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіммен қайран қалдырады. «Қос алқа» күйі – халыққа кеңінен танымал күйлердің бірі. Дәулеткерей бұл күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі жүрісін, алқаның сылдырын бейнелеген. ( күйді дуэт орындайды)
Халық күйлері – бұл халықтың тұрмыс тіршілігін, адам тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ұрпақтан – ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің есімдері ұмыт болған соң, халық күйі атанып кеткен. Халық күйлері әр түрлі тақырыптарды қамтитын тарихе ерекшелігімен құнды. Аңыз – әңгімелер желісінде туындаған деуге болатын күйдің бірі - « Нар идірген». Ел аузында қалған әңгімелерге қарағанда бұл күй - тартыс үстінде туған. Ертеде қазақ халқы айтысқа түскенде тек ән түрінде сөз жарыстыру арқылы ғана емес, сонымен қатар аспаптық музыка арқылы күй тартысқа да түскен екен. Күйдің мазмұны бойынша, бір шалдың маясы болады. Оның ботасы өліп қалып , мая иімей боздап ботасын іздейді. Шал, кімде – кім нарымды иітсе сол адамға жалғыз қызымды беремін деп жар салады. Осыны есітіп үш (шал, жігіт, бала) күйші келеді. Алдымен бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді. Мая иіп бастағанда, қыз шалға барғысы келмей қулық жасап келесі күйші ойнасын дейді. Екінші кезекте жас жігіт ойнайды. Күйшілер маяны иіту мақсатында бар күш – жігерін, шеберлігін салып, әрқайсысы өз бетінше көркем бейнені күй арқылы беру үшін барын салады. Шал мен жігіттің орындаған күйі бір – біріне әуені жағынан жақындау. Ал үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты қапаланған бала «Күйдім – жандым» деген күй тартыпты. Бұл күй алдыңғы екеуіне ұқсамайды. Екпіні тез, қалып қойып, қапаланған, күйінген ырғақ бар. ( күй орындалады)
А.Жұбанов, « Домбыра - қазақ халқының музыка аспабы» атты баяндамасында: «Көшпелі жұрттың өмір серіг болған осы , көзге қораш көрінетін шағын аспап – домбыра қазақ халқының хатқа түспеген тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан қалған осы «кітабын» қастерлеп, артықша бағалайды» - деген.
Қорытындылай келе, біз оқушыларға кішкене болса да біздің Батыс Қазақстан өлкесіндегі кемеңгер күйшілеріміз және олардың күйлері туралы біраз мағлұматтар бердік. Сонымен қатар, бұл іс-шарада күйшілеріміз туралы әдемі слайд пен керемет күйлері тыңдалып, көрсетілді. Шара соңы сөзжұмбақ шешумен , оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырумен аяқталды.