kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка ?уенімен балалар мерекеге арнал?ан зал?а екі ?олдарынан ?стасып кіреді де,жарты ше?бер болып т?рады.

Ж?ргізуші: ??рметті ата-аналар, апайлар, ?она?тар! А? жаулы?ты ?желер! ?лысты? ?лы к?ні жыл басы- Наурыз  мейрамы ??тты болсын!

Де?дерініз сау,отбасыларыныз аман болсын. Біздерді? кішкентай балапандарымызды? дайында?ан мерекелік сыйын сіздерге тарту етеміз.

Наурыз ?айтып оралды, аты да аны?

С?рамаймыз ал?ыс та, а?ылда біз

?й дастархан, далалы? сахынамыз

?лы мейрам Наурыз?а ша?ырамыз!

Балалар,біздер б?гін ?андай мейрам ?арсы алып жатырмыз?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!”»



Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!


Мақсаты: Балаларға наурыз туралы түсінік беру,наурыз біздің жаңа жылымыз екенін түсіндіру.


Музыка әуенімен балалар мерекеге арналған залға екі қолдарынан ұстасып кіреді де,жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, апайлар, қонақтар! Ақ жаулықты әжелер! Ұлыстың ұлы күні жыл басы- Наурыз мейрамы құтты болсын!

Деңдерініз сау,отбасыларыныз аман болсын. Біздердің кішкентай балапандарымыздың дайындаған мерекелік сыйын сіздерге тарту етеміз.

Наурыз қайтып оралды, аты да анық

Сұрамаймыз алғыс та, ақылда біз

Үй дастархан, далалық сахынамыз

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Балалар,біздер бүгін қандай мейрам қарсы алып жатырмыз?



Балалар: Наурыз мейрамы.

Олай болса балалар, Наурызға арналған тақпақтарымызды ортаға салайық.

Нәби: Шуақ болып төгілер

Жерге дән боп егілер

Наурыз айын күтуде

Кіп-кішкентай сәбилер.


Ақерке: Бүгін күн-түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді


А.Мансур:Наурыз тойы береке

Наурыз тойы жыр аңыз

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Жүргізуші: Ал қазір енді сахнаға даланың қызғалдақтарындай сұлу қыздарымызды шақырамыз.

Би: "Қылыш"

Балалар, наурызға арналған тақпақтарымызды әрмен қарай жалғастырамыз.

Т.Мансур: Тақпақ айтам жыл басы

Құлағын сап тыңдашы

Бар бөбекке өзімдей

Тыныш өмір сыйлашы

Ерсұлтан: Наурыз тойы салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егілді.

Инабат: Наурыз тойы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға.

Ән: «Дастархан»

Аман: Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап,

Қуанып жүр балаша.


Бекежан: Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Думандатып бақшамды

Наурыз тойын тойлайық


Жүргізуші: Балалар,Наурыз мейрамында тек қана өлең мен би болмайды. Наурыз мейрамында неше түрлі ұлттық ойындар ойнатылады.

Ұлттық ойын: "Арқан тарту"
Ойынның шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналады. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.



Жарайсындар балалар. Қазақ еліміздің, қазақ жеріміздің қандай палуандары өсіп келе жатқанын көріп отырық.

Шырқап салған әнімен,

Мерекелік сәнімен

Топталып ойнап,қыдырып,бөлісіп ішкен дәмімен

Жүргізуші: Балалар,Наурыз мейрамында әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындайды.

Балалар: Наурыз көже.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар ендеше наурызға арнап жаттап келген Арайлымның тақпағын тыңдайық.

Нәби : Наурыз тойын әдейі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.

Бекежан : Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Би: "Қамажай"

Құтты болсын Наурыз

Малға толсын тауымыз

Бейбітшілік жолында

Болмасын еш жауымыз.

Жарайсындар балалар өркендерін өссін.

Жүргізуші: Балалар бүгін Наурыз тойы — жыл басы Наурыз айында жер беті көгеріп тіршілікке жан бітіп, жаңаратын шақ!

Жанбырмен жер көгереді

Батамен ел көгереді дейді үлкендер.

Олай болса балалар қазір үлкен әжеміз келіп ақ батасын береді.

Аманның әжесінің ақ батасы:

(Шашу шашылады)

Асқа адалдық берсін

Басқа амандық берсін

Отбасына құт — береке берсін,

Халқымызға тыныштық берсін!

Жүргізуші: Қой жылымыз жайлы да, жақсы да болсын.

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Келесі Наурызға аман — есен жетейік

Құтты болсын Наурыз!

Қорытынды: Осы Наурыз мейрамы арналған кішкентай бүлдіршендеріміздің ертеңгілігі аяқталады. Сау — саламат болыныздар!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
“Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!”

Автор: ?мірова Жанар К?кім?ызы

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289560


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства