kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Науырызым-??т-берекем

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Наурызым-??т-берекем"  мерекелік шара?а байланысты сценари ретінде хазыл?ан.Мектептегі п?н м??алімдеріні? наурыз мерекесіндегі отырысына арнал?ан.Б?л мереке сайыс т?рінде ?теді.Бата-тілек,?лтты? диаспорадан келген ?она?тарды? тілектерін айтумен басталады.?р бірлестіктер ?з ауылдарын таныстырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Науырызым-??т-берекем»

«Наурызым – құт- берекем»

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! «Наурызым-құт берекем» атты кешімізге қош келдіңдер!

2-жүргізуші

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл келді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

1-жүргізуші

Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім!

Оятып бәйшешекті дала гүлім.

Көп болса, қандай жақсы болар еді,

Жүректі жадыратар жаңалығың.

  2-жүргізуші

Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел,

Адалға, ақиқатқа жақ болып кел.

Жамандық, қасіреттен ауылы алыс,

Жыл болшы ізімізге шаттық ерер.


1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салыңдар.

2-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап,ортамызға шақырайық.

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!



. 1-жүргізуші:

Біз бүгін мерекемізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 10 ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы он ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:Ұлттық тағамдарын алдыменен әділқазылар алқасы көріп шығады.


1.Ауылдарын таныстыру

2 Ұлттық ән

3.Қабырға газеті


1-жүргізуші: Қадірлі ағайын,Қазақстан- көп ұлтты мемлекет.Қонағын- құдайындай сыйлаған халықпыз. Маңғыстау облысы ғана атап өтетін 14- наурыз амал мерекесімен ерекшеленеді. Осы наурыз мерекеміз ҚР Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауымен тұспа-тұс келіп тұр. Осы сайлауға шет елдерден келген бақылаушылар Қазақстанның ауыл-ауылдарын аралап наурыз мерекесін қызықтап жүр,себебі бұл мереке тек ғана біздерде-мұсылман елдерінде тойланады...

Сөз кезегін қонақтарға береміз.

Ортаға бастауыш пән мұғалімдерінің ауылдарын шақырамыз.

1Бастауыш 3 ауыл 1. Төле би ауылы ++(Япония) 2.Қашаған(Француз) 3.Мәтжан би (Италия)



2.Қазақ тілі Әйтеке би ауылы ( Эфиопия)

3.Орыс тілі, Еңбек, Шәкәрім ауылы (Индия)

4Ағылшын тілі,Дене пәні Өскінбай ауылы (Бразилия)

5.М ИФ Абай ауылы (Арабтар)

6 Жаратылыс, тарих,География Қазыбек би ауылы (Латын Америка)

7.Кіші қызметкерлер 1.Шотан батыр ауылы (Корея) 2.Сырым батыр (Қытай)


Ортаға өз ауылын таныстыру үшін Төле би ауылын шақырамыз.

2.Қашаған ауылы

3 Мәтжан би ауылы

4. Әйтеке би ауылы

5. Шәкәрім ауылы

6. Өскінбай ауылы

7. Абай ауылы

8. Қазыбек би ауылы

9. Шотан батыр ауылы

10. Сырым батыр ауылы

2-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!  

1-жүргізуші:

Сәулеңді, шуағыңды аямашы,

Сәбидей жас-кәрімді аялашы.

Құтты қонақ секілді емін-еркін,

Даламды, тау-тасымды аралашы.

  

2-жүргізуші:

Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын,

Қуанып сен келген соң тасып тұрмын.

Жылуды, жылылықты сағындым ба,

Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың...

Сайысымыздың 2-бөлімінде халық әндер байқауын бастаймыз.

 

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.



1-жүргізуші:

 

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

 

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

 * 

2-жүргізуші:


Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп 

 

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Науырызым-??т-берекем

Автор: ?обланова Айтг?л Назарбаевна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства