Насихат тобы « Біз жастар наша?орлы??а ?арсымыз» сценарийі о?ушылар?а арнал?ан.
Ма?саты: жастар арасында наша?орлы??а жа?ымсыз к?з?арасын, наша?орлы?тан бас тарту да?дысы, салауатты ?мір салтын ж?не наша?орлы?ты? алдын алуды насихаттау бойынша ?алыптастыру ж?не а?параттандыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Насихат тобы « Біз жастар наша?орлы??а ?арсымыз»»
Абдусамад: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақытысын денін сауда.
«Денсаулық терең бақыт», деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,
Оң болсын десен егер тіршілігің.
Сақта халқым, саулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарын
Айым: Топтың аты: Денсаулық
Айым: Топтың ұраны: «БЕЛСЕНДІ ӨМІР – ЖҮЗ ЖАСТЫҚ ҰЗАҚ ҒҰМЫР»
( На фоне музыки)
Айым: Өмірге адам бір ақ рет келеді, Жастық шағың өміріңнің кемелі. Күте білсең саулығыңды өрелі, Табиғаттың бергеннен көп берері.
Қазіргі таңда нашақорлықтың алдын алу және оны болдырмаудың әрбір адам мағлұмат білу керек.
«Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз» атты көрінісін тамашалаңыз.
Марал: — О мынаны қараңдар! Мынау кім?
Айым: — Әй, мынау бізбен оқыған Берік қой.
Сабина:-Не болып кеткен? Баяғыда бетке ұстар оқушы еді ғой?
Марал:- Ия, дәл солай. Мынау Берік менің парталасым болған. Қандай таныс едік.
2 жыл ішінде мынадай дәрежеге жеткені ме?
Берік (Абду):- Мынау қайсы? Не деп тұрсыңдар? Сендер кімсіңдер? Мен сендерді тіпті танымаймын.
Сабина:- Берік саған не болған. Біз сенің достарыңбыз ғой.
Берік (Арман): не деп тұрсыңдар? Менің достарым міне танысып қойындар: Арақ-Ара,Темекі-Тимоха,Есіртке-Наша
Темекі(Дамир): Уа, халайық, Маған сен. Барлық адам өмірін, Көк түтінге улатып, Жүрмін бүгін Жер - әлемді шулатып.
Арақ,стақан (Абду,Санжар): Тоқта,тоқта! Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай, Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай: Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы, Себепсіз құр ішу мақсат ауып аңсары. Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын, Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын Есіртке (Айдос) : Уа, халайық, қараңдар, Көз көрмейтін сиқырым бар, Еліктірер адамды. Осы өнермен әп – сәтте-ақ, Жаулап алам ғаламды! Айым: Олар саған қайдан дос болады? Тоқта! Ата-анаңды аямайтын қандай адамсың? Ертеңгі күнде де өзің де ата-ана болмайсың ба?
Берік (Арман): Мен сендерді танымай тұрғаным менде ешқандай ес жоқ. Осындай күйге түсірген мына құрғырлар... Мынау болмағанда өмір сүрер едім. Бірақ мен қазір де бұларсыз өмір сүре алмаймын. Маған көмек керек.
Марал: -Құрдас біз саған деген көмегімізді аямаймыз.Сен қазір бізбен бірге жаңа өмірге аттанасың.
(би )
Бәрі: Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз.
Бәрі бірге: Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.