kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мұзды өлке»ертегісі желісі бойынша жаңажылдық сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау.Балалардың өнерін тамашалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мұзды өлке»ертегісі желісі бойынша жаңажылдық сценарий»



«Мұзды өлке»ертегісі желісі бойынша жаңажылдық сценарий.

Қатысушылар:

Фон

7а- Жасыл шыршалар ,күндер

7б- санта клоус,испандықтар

8а-пираттар ,сайқымазақтар,сыгандар

8б-мұзды өлкенің тұрғындары

Жүргізушілер: Айару,Бибарыс

Хоровод ( Балалар шыршаны «Жаңа жыл!» әнін айтып, айналып жүреді)

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

1- жүргізуші

Уа,халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп шат болып,

Шаттық күліп тараңдар.

Уа,халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті!

Уа,халайық той бүгін

Бақытқа ,шаттық мол бүгін!

2-жүрг

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы!

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді!

Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын,ағайын!

1-жүрг

Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2023 қоян жылымен құттықтай отырып,жаңа жылдық кешімізді бастайық.

«Жаңа Жыл!» әні

Көрініс

(Эльза, сіңлісі Аннамен шығады) қармен мүсін жасап отырады.Эльза қар атып жатқан кезде Анна тиіп кетеді.Анна құлап қалады.(ауырып қалады).Айқайлап көмек сұрайды.

1-жүрг:-Балалар, айтыңдаршы, Қай жақтан дыбыс естілді. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келуші еді?

2-жүрг: Мәссаған ,балалар,бұлар кім?

3-жүрг: Сендер кім боласыңдар?

1-жүрг:Негізі біз Аяз ата мен Ақшақарды шақырмақ болып едік (таңдана)-

2-жург Сіз ертегідегі кейіпкер Эльза ханшайымсың ба?

Эльза -Иә,балалар ,сендердің ертегіні жақсы көретіндеріңді білемін. Бірақ, менің уақытым өте тығыз. Сіздердің көмектеріңіз керек Анна ауырып жатыр ,мен ештеңе жасай алмадым Аннаға шұғыл көмектесе алмасаңыздар мен баска жақтан көмек сұрайын.......Жақсы мен аттанайын.

2-жүрг: Тоқтаңыз,кетпеңіз,бір амалын қарастырайық!

Эльза:-Жо-Жоқ.Бірақ менің кетуіме тура келеді

3-жүрг: -Эльза ханшайым ,мұңайма. Біз сізге көмектесудің ретін табамыз. Сиқыршы-періште сізге оң жол көрсетіп жүреді.

Сиқыршы –періште(Мейірім):-Мен сізге көмектесейін. Мүмкін Аннаның емін мына сиқырлы таяқшам арқылы басқа елдерден іздеп көрерміз.Жарайды,ендеше кеттік.

1-жүрг :-Осылайша олар «Пираттар» еліне тап болады.

Би «Пираттар! 8а сынып






Сикыршы періште:Эльза ашуынды бас.Бұл елден Аннаның емін таппаймыз,одан да басқа елдерді аралайық.

Испан биі - 7Б

Сикыршы періште:Эльза, бұл елден Аннаның емін таппаймыз,одан да басқа елді аралайық.

«Хэллоуин» биі 8А

Сикыршы періште:Эльза ,мына жерден дереу кетейік,түрлері қандай қорқынышты,Бұл жерден Аннаның емін табу мүмкін емес!Одан да басқа елдерді аралайық.

Осы уақытта алдарынан барыс шығады.

Барыс:мынау кімдер?Не істеп жүреген жансыңдар,орманның тыныштығын бұзып?

Эльза :Мен, Мұз ханшайымын. Сіңілім Анна ауырып қалып,Еміне шипа таппай жүрміз?

Барыс:менің ормандағы достарымнан сұрап көрелік бір мәнісі болар.

Эльза:Әрине

Хор:Жаңа жыл шамдары

Барыс,Эльза,Фея:Тағы достарымыздан сұрайықшы.

Сиқыршы: Мынау не дыбыс

Мыстан кіріп келеді

Сиқыршы: Сіз кімсіз?

Мыстан кемпір: Мені нағып танымай тұрсың, мені елді бәрі таниды ғой, қарашы менің шашыма кереметтей шашым бар.

Сиқыршы: Мәссәған мыстан әже сіз бе?

Мыстан : Дәл таптыңыз, сіздерді мен танымадым сендер кімсіңдер, нағып жүрген жансыңдар?

Эльза: Мен Эльза,Менің сіңілім Анна ауырып қалып,Еміне шипа таппай жүрміз?

Мыстан: ха ха ха меннен көмек сұрайтын адамда бар екен ғой. Мен білем оның емін бірінші менің көңілімді көтеріңдер.

Ата аналар мен мыстан би

Мыстан: Сендерге көмек беретін ол Аяз ата мен Ақшақар

3-жүрг:-Қане,біріміз бірге шақырайық. Аяз ата ,Ақшақар!!!3-рет

Аяз ата: Уа,жұртым жиналған

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын қыздардан (Аркасынан қағады.Оны тек кун шуактары ғана жібіте алады)


Айналайын ұлдардан.

Аяз ата ,Ақшақар

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы.

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан!

Ақшақар: Амансыздар ма ,балалар,ұстаздар,ата-аналар!Өздеріңді сағынып келдік.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ит жылы табыс жылы ,береке ,бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын!

Жаңа қоян Жылы:

-Сәлеметсіздер ме ,балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шатыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да ,қуанышты кезең болсын!

-Бәрекелді ,жарайсыңдар! Қараңдаршы,айнала неткен керемет!Мына әсем шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәріңізде әп-әдемі боп жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыпсыздар.Бірақ .шыршамыз көңілсіз.Қане, мен сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық!

Бәрі: Қуант,бізді,таңырқат

Щамдарыңды жарқырат!

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап қол соғады»)


Ақшақар: Ендеше , Аяз ата Элзаға көмек керек деп естіп едік соған көмегімізді берейік

Санта биі

Аяз ата:- Бәрекелді!!Жаңа жылдық мерекеге қаншама балалар келген?! Кім тақпақ,өлең айтып ,би билесе бәріне сыйлығым бар. Қане,қайдасыңдар?

Монтаж :

(хоровод)

Аяз ата: Балалар Элзаға көмек берейік, кімнің ойы бар

Мыстан: мен білем бірақ айтқым келмейді, көұңілімді көтеріңдер

Аяз ата: әй мыстан әлі жүрсің ба ?сені жоқ қылам - дейді де( таяғын жерге ұрғанда айналып мыстан кетеді,барлығы цыган еліне тап болады)

Цыган биі

Сиқыршы: Бұл елде де жоқ сияқты

Барыс: ендеше достар мен шаршадым, енді сіздерге Аяз ата мен Ақша көмек бере алады мен осы жерден орманыма қайтауын. Сау болыңдар

Барлығы бірге: Сау болыңңдар

Сиқыршы: менің таяғымды дұрыстап сиқырлайыншы емін табатын елге апарсын.

Роботтар биі

Эльза:( Жылап) менің сіңілім өлім үстінде елдің бәрі той тойлап, қуанып мәз боп жүр тек мен ғана көңілсіз.

Сиқыршы: Эльза ашуыңды бас

Күн биі.

Күн жылуын беріп Аннаны ерітеді

Эльза: достарым сіздерге рахмет сіңіліме көмек бергеніңіз үшін

Аяз ата:-Ал,айналайын бізде сіз үшін қуаныштымын. Ендеше қыздарым менің балаларымның биін тамашалаңдар.

Санта биі 8 б

Аяз ата: Ендеше балалар мен шаршадым басқада жаңа жыл кешіне барамыз. Сонымен Жаңа Жыл ,келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол,дария,нұр бол,Жаңа Жыл!!

-Жарайсыңдар ,балаларым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенімде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды ,білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал,қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын.Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін! Биік шыңдардан көрініңдер!

-Жаңа жылдырыңызбен,достар!.Шанамызға мінейік,ақшақарым.

Ақшақар: Жаңа жылда барлығыңызға жақсылық тілеймін!

Қоян: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жылда кездескенше Сау болыңдар.

Барлығы: Қош бол,Аяз ата,Ақшақар !!!

1-жүрг:-Балалар ,бәрі жақсы өтіп жатыр ,бірақ Эльза мен Аннаның көңілін көтеріп ән айтайық

Хор

2-жүрг:

-Міне, осылайша Эльза мен Анна барлық кедергілерден өтіп мұраттарына жетті.

Адина мен Іңкәр әнін тамашалайық

3-жүрг: -Міне, қымбатты балалар, бірлесіп,достасып өткізген мереке қашан да қуанышты өтеді. Достық,бірлік бәрін де жеңеді.

2-жүрг :-Аспанымызды бұлт торламасын,күніміз сөнбесін!

1-жүрг:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл

Құтты болсын жаңа бақыт ,достарым!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мұзды өлке»ертегісі желісі бойынша жаңажылдық сценарий

Автор: Уразаева Фатима Кенесовна, Ешмұханова Айнагул Сандишқызы,Сатыбалдин Бақтияр Айтжанұлы,Қадірбек Гүлшат Қадірбекқызы

Дата: 05.01.2023

Номер свидетельства: 622328


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства