Просмотр содержимого документа
«Мұқағалидың сырлы,сазды әлемі»
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 5-11
Тақырыбы: «Мұқағалидың сырлы,сазды әлемі».
Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен өлеңдерімен таныстыру;
ә)Әр өлеңін мәнерлеп жатқа айтуға көңіл бөлу;
б)Еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: слайд,М.Мақатаев портреті,ақынға арналған ұлағатты сөздер.
Барысы: ҚР Әнұраны орындалады. Мұқағали Мақатаев (видеоролик).
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,жыр сүйер қауым. Халықтың сүйікті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай «Мұқағалидың сырлы,сазды әлемі» атты әдеби – сазды кешімізге қош келдіңіздер. Мұқағали жүздеген жылдарда бір рет туып,адамзаттың рухани перзентіне айналатын бірегей дарындардың бірі.
Мұқағали поэзиясы – адамзаттық пен адамгершіліктің симфониясы. Әр шумақ әр өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да,тасқа да жыр салған. Ақын жүрегінің жанталас үні естіледі деп – ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай Мұқағали Мақатаевтың жырлары тіршілік тамырындай өміршең,мәңгі жырлар.
Мұқағали – ұлттық поэзиямыздың кеңес дәуіріндегі қазақ ақынының зор тұлғасын жасады. Жырымыздың ішкі мазмұнымен көкжиегі кең көркемдік ізденіспен жақсы байытты. Кесек-кесек шығармалар жазды. Ортаға мектеп кітапханашысы А.Елеусінді шақырамыз. (М.Мақатаев өмірбаянымен таныстырады).