kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен патриотпын!" ата аналар жиналысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ата аналармен -патриоттық сезімде бала тәрбиелеуде 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен патриотпын!" ата аналар жиналысы»

А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта мектеп

Мен патриотпын!

Ата аналармен коучинг


6 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Бердалиева Б.А.





Шымкент 2017





Сынып: 6 «А»

Тақырыбы: «Мен- патриотпын! »
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының бойына патриоттық сезімді ұялату. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналармен бірлесіп патриоттық тәрбиенің бала өмірінде негізгі ролі,бала тәрбиесінде ата-аналардың орнын көрсету, балалармен ортақ тіл табысу, ата –аналар мен балалардың қарым – қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сыни кері байланыс алынады. 

Сабақта қолданылатын материалдар:  маркер, стикер, ақ парақ, түрлі түсті қағаз,видеожазба, интерактивтік тақта

Сабақ барысы
                                    

Сабақтың өтілу кезеңдері

Уақыты

Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Жайлы атмосфера орнату.      

  5 мин

Ата аналармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбен таныстыру.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады

Бір бірімізбен танысып, есімін айтып, сол есімінің алғашқы әрпінен басталатын өзі туралы жақсы қасиетін айту                         

Топқа бөлу

  5 мин

Шаттық шеңбері бойынша әр ата анаға түрлі түсті конфеттер беріледі. Сол конфеттердің түстері бойынша 3 топқа бөлініп отырады. Оқушылардың жетістіктері туралы 3 минуттық слайд көрсетіледі 

Жиналыстың мақсатымен таныстыру

  7 мин

 Саламатыздарма құрметті ата аналар! Мен Мусралиева Жанат математика пәнінің мұғалімімін. Қазіргі уақытта мен «Педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылығы» 1 деңгейді оқуды оқып жатырмын. Сонымен қатар Бердалиева Баянды тәлімгер ретінде алып сіздерге өз тәжірибиеммен бөлісуге келдім. Екеуміз бірлесіп ата аналармен жаңа форматта «Мен патриотпын» атты коучингін сабағын өткізуге рұқсат етіңіздер.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс.

Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – ананың рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». Кез кеген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде Қазақстанның патриотизм ұғымы қолданылып келеді. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтағы тәрбиелеудің жолдары мен құралдары ол түрлі іс шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.

 «Миға шабуыл»

  5 мин

Бейнебаян көрсетіледі:

Осы бейнебаян бойынша ата аналар өз ойларын айтады

Ата аналарға үлестірмелі қағаздар арқылы сұрақтар қойылады

Топтық жұмыс 

 

 10 мин

Топтарға тапсырма:

- Өз балаңыздың бойынан патриоттық сезімді қалай оятар едіңіз?

Постер қағаздары арқылы осы үш тақырыпты әр топ өздері ақылдаса отырып қорғайды.

Рефлексия 

  5 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қорытынды


3 мин

Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 

Бір жылға жоспар құрсаң егін ек,

Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек,

Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле........






















Сіз отбасыңызда өзіңіздің балаңызға қандай көркем шығарма үлгілерін оқисың? Қай түрін? Қашан? Неліктен?





Өзіңіз көркем шығарманың қай жанрын көп оқисыз?




«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?




Балаңызбен Отан туралы әңгімелесесіз бе?




Туған жердің табиғатын тамашау мақсатында балаңызды серуенге алып шығасыз ба?  Серуенде қандай тақырыпта әңгіме қозғайсыз?





Қазақстан Республикасында патриот тұлғаға кімді жатқызуға болады? Ол жайлы балаңызбен әңгіме қозғайсыз ба?









Сіз өзіңізді патриотпын деп санайсызба?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен патриотпын!" ата аналар жиналысы

Автор: Бердалиева Баян Алиевна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443886


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1620 руб.
2320 руб.
1650 руб.
2350 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства