kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??гі ?лмейтін жыр - ??мыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?аза? поэзиясында ?айталанбас с?з зергеріні? бірі- М??а?али Ма?атаевты? ?мірі, ?з естеліктері, ?ле?- жырларын жат?а айту ар?ылы а?ын шы?армаларын ??ыну?а, о?ушыны? ой- ?рісін, с?йлеу тілін, ?з ойын еркін, жаты? жеткізе білуге да?дыландыру.

К?тілетін н?тиже:

  • М??а?али Ма?атаевты? ?мірімен танысады, ?з естеліктерін о?иды.
  • Жырларын жат?а айтады.
  • Саба?та ал?ан м?ліметтерін ?з с?здерімен жина?тап, ойын еркін айтады.

Не ар?ылы ба?аланады:

  • «Топтастыру»  стратегиясы
  • «Бес жолды ?ле?» стратегиясы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??гі ?лмейтін жыр - ??мыр »

Сабақтың тақырыбы: Мәңгі өлмейтін жыр- ғұмыр.

Сабақтың мақсаты: Қазақ поэзиясында қайталанбас сөз зергерінің бірі- Мұқағали Мақатаевтың өмірі, өз естеліктері, өлең- жырларын жатқа айту арқылы ақын шығармаларын ұғынуға, оқушының ой- өрісін, сөйлеу тілін, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Мұқағали Мақатаевтың өмірімен танысады, өз естеліктерін оқиды.

  • Жырларын жатқа айтады.

  • Сабақта алған мәліметтерін өз сөздерімен жинақтап, ойын еркін айтады.

Не арқылы бағаланады:

  • «Топтастыру» стратегиясы

  • «Бес жолды өлең» стратегиясы



Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

а) Ұйымдастыру бөлімі

- оқушы назарын сабаққа аудару;

- тәрбие сағатының мақсаты, өтілу барысымен таныстыру.

б) мұғалім Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали рухымен сырласу» өлеңін жатқа оқиды.



Тұлғаңыз әрқашанда биік екен,

Рухыңызға басымды иіп өтем.

Жырыңды жатқа айтып, ән саламыз,

Бүгін сіздің туған күніңіз екен.

Мәңгі өшпес жырыңызбен жазып кеткен,

Атақ даңқыңыз әлемге тарап кеткен.

Тілін, Халқын, Отанын бақыт дейтін

Ақын аға, жан сырыңыз терең неткен!

Есіміңіз мәңгі есте сақталады,

Асыл сөз, алтын жырың жатталады.

Қазақтың даласының кәрі- жасы,

Ақиық ақынымен мақтанады.

  • Ақ парақ үлестіріледі, оған оқушылар Мұқағали туралы білгендерін жазады.

ІІ. Мағынаны тану



  • Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны екі топқа үлестіріліп беріледі.

Тапсырма: оқушылар мұқият оқып, өз түсінгендерін келесі топқа түсіндіреді. Берілетін уақыт 7 минут.

  • Оқушылар Мұқағали туралы өз толғаныстарын айтады.

Айнұр: Мұқағали жыры- күшті жыр. Сондықтан да, ол- ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз- ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын дейтініміз – сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазады. Ерекше ақын дейтініміз- ол ер және ақын болғандықтан да ерекше.

Гүлсезім: - Біз артында талғамы мол жырлары қалған Мұқағалиды мақтаныш етеміз. Бүгінгі жеткіншек, қазіргі жасөспірім ұрпақ оны түсініп оқуы керек. «Лай су шаймайтын арым бар, Дауылдан қорықпас жайым бар» деп ақын өзі айтқандай, ақын өлеңдері әрбір жүрекке жылу құяды, адамды қанаттандырып ғажайып өмірге бастайды.

Бекзат: - Мұқағалидың жазғандары көп, бірақ кезінде оның өлеңдері көп кедергіге ұшырап, баспа бетіне шықпаған. Оның көзі тірісінде жарық көрген кітабы – «Өмір- дастан».

Айнұр: - Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті. Оның өлеңдері туралы зертеулер аз жазылған жоқ, ол әлі де жазыла береді. Жылдар қткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі биіктей түседі, биіктей береді.

-Ақынның өз естеліктеріне сөз беріледі.

Айнұр: Қалам ұстаған бауыр- қарындастарым, халықты ұмытпаңдар. Халықсыз күнің қараң. Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер.

Гүлсезім: Мен өлеңді құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады. Соны көшіремін, сенесіз бе?

Бекзат: -Ашыған айтқанда, өзімнің қандай екенімді білмеймін. Көңілшек екенім рас, алайда жаным менің тым мейірбан, жүрегім менің өте жұмсақ.

  • Оқушылардың жаттаған өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылады.

  • Көрмеге, тақтадағы суреттерге шолу жасау.

ІІІ. Толғаныс

  • Сұраққа жауап

  • «Топтастыру» стратегиясы бойынша Мұқағали кім сұрағына жауап алу;

  • Әр оқушы «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша жұмыстанады, өлеңдерін топқа шығып оқу.

  • М. Мақатаевтың «Бақыт» әнін айту

Сабақ аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
М??гі ?лмейтін жыр - ??мыр

Автор: Сапарова Г?лмира Абылай?ызы

Дата: 04.03.2015

Номер свидетельства: 182156


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства