kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лемдегі е? ?лкен байлы? ол – ?арым-?атынас" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды жалпы ?арым-?атынас т?рлерімен таныстыру ж?не оларды? ішіндегі досты? ?арым-?атынасын ашы? к?рсету. М??алім: (о?ушылармен амандасады). – О?ушылар, б?гінгі бізді? та?ырыбымыз: «?лемдегі е? ?лкен байлы? ол – ?арым-?атынас». Сырласу: О?ушылар, жалпы ?арым-?атынас дегенді ?алай т?сінесі?дер? ?з ойлары?ды айтып берсе?дер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лемдегі е? ?лкен байлы? ол – ?арым-?атынас" т?рбие са?аты»

Тақырыбы: « Әлемдегі ең үлкен байлық ол – қарым-қатынас».

Мақсаты: Оқушыларды жалпы қарым-қатынас түрлерімен таныстыру және олардың ішіндегі достық қарым-қатынасын ашық көрсету.

Мұғалім: (оқушылармен амандасады). – Оқушылар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Әлемдегі ең үлкен байлық ол – қарым-қатынас».

Сырласу: Оқушылар, жалпы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтып берсеңдер.

Мұғалім: Оқушылар қазір бәріміз орнымыздан тұрып бір трнинг өткіземіз. Тренингіміздің тақырыбы: «Қарым-қатынас тренингі» деп аталады.

Тренинг барысы:

Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.

Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық. Оқушылар шеңберге тұрып өздерінің атын сын есіммен байланыстырып айтады.

Мұғалім: Сонымен, өздерің қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ?

Жаңа мәлімет:

Қарым-қатынаc – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Қарым-қатынас түрлері:

Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Мұғалім: -Қарым-қатынастың түрлері өте көп, солардың бірі «Достық қарым-қатынас». Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді. Мүмкіндік болса бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір тұрады. Досыңның көп болуы өз қолдарыңда. Егер сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.

Адамдар бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы. Достық қарым-қатынас адамдарға өз-ара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да қамқор болады. Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі.

Мұғалім: -Ал енді «Достық» тақырыбына байланысты ойын жүргізсек.

«Дос іздеймін» ойыны. Керекті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам.

Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сендерде бар шығар. Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Дос іздеймін» газетінің бас редакторымын. Сіздердің әрқайсың біздің газетке дос іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез келген түрі қабылданады. Сіз достар кандидатурасына қоятын талаптарыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуыңызға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет. (Тапсырманы орындау уақыты 10 минут).

Мұғалім: Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Мұғалім: (бекіту) -Оқушылар мен сендерге «Достық» және «Қарым-қатынас» деп жазылған парақша беремін, сендер бұл парақшаларға өз ойларыңды еңгізіп, топ болып қорғап шығасыңдар.

Мұғалім: «Досың көзіңде болғанша, көңіліңде болсын» демекші, достарыңа үнемі көмектесіп, оларға адал болыңдар. Достарыңа деген қарым-қатынасты берік ұстаңдар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"?лемдегі е? ?лкен байлы? ол – ?арым-?атынас" т?рбие са?аты

Автор: ?дей Жайнагул

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277699


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства