kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!» 

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру,көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа жыл!»»





Тәрбие сағаты тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!» 

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру,көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.


(Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.Екі жүргізуші ортаға шығады.)

Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып сынып жетекшіміз Сальменова Г.Т-ының оқушыларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.


2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз «Шырша» жырын айтайық.(Хоровод Шырша әні)

1. Кәне, достар, тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

Шырша жырын айтамыз.

2. Құтты болсын жаңа жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша.

Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

3. Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын.

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын.

Қайырмасы:




1Жүргізуші:

Бүгінгі керемет күнге орай оқушыларымыздың көңілді өлеңін тыңдасақ.

(Монтаж)

1-оқушы: Келді тағы жаңа жыл 
Қуантумен біздерді 
Құтты болсын жаңа жыл, 
Құттықтаймыз сіздерді! 

Өлең де әзір, ән әзір, 
Ойын да әзір, бәрі әзір 
Кел Жаңа жыл біздерге, 
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! 
Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа Жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 
2-оқушы: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып…
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың жиырма екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

3-оқушы: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды  маңайды.

“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

4-оқушы: Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,

Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!

Қазағымның айқара ашып есігін,

Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

5 оқушы: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане достар, күлкімен орта толсын.

Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,

Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!

Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,

Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.

6-оқушы: Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,

Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!

Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,

Сәбиімнің бұза көрме тынышын!

Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,

Жаңа жылым, достық үнін таратқан!

Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,

Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!


2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
Ендеше  ортаға сынып оқушыларын биімен  қарсы алыңыздар
(Би биленеді)
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
(Хоровод «Жаңа жыл»)

Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала- қыр нағып

Жылым келді аппақ жүзі нұрланып!

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріме!

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қайырмасы:

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр. 

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,

Би билейік, ал кәнекей ән салып!

Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз,

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз!

Қайырмасы:

Күлімдесін күніміз,

Жалындасын жүзіміз,

Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз!

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн..!

Қайырмасы:

2 Жүргізуші:
Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

1 Жүргізуші: Кәне Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Аяз ата:

Ақшақар:


1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр

2 жүргізуші Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығына бөлегейсің бізді дей отырып Аяз атамен бірге «Келді,міне,Жаңа жыл » әнін хороводпен салайық

Келді, міне,Жаңа жыл!
Шаттықьсыйлап әр үйге!
Жаңа бақыт, жаңа нұр,
Үлкен, кіші, сәбиге.

Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынта,
Келді Аяз атамыз.

Айдай ару Ақшақар,
Көмекшісі сол екен.
Аяз ата-ақсақал
Сыйлықтары мол екен!

Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз,
Шаттанайық, кел, ойнап!


1 жүргізуші Аяз Ата шаршап келіпті,сәл тынығып алсын.Біз оданша бірге көңіл көтеріп,ойын ойнайық.

Ойын
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Барыс жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

1 Жүргізуші: Келеді жылдар,келеді айлар ауысып,

Сиыр жылы мен барыс жылы да ауысып.

Береке,бірлік бейбітшілік төрінде

Тұрайық әркез татулықпен қауышып

2 Жүргізуші: Бітуге қалды таяп-ай,

Не қыласың аяп-ай.

Кәне халқым қол соқшы,

Жаңа жылда аямай !

2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар!бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,бірлік бәрінде де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
2 Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,мешіндей көңілді болайық.Жылы жүздеріңізден нұр кетпесін
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын !



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Автор: Гулия Темирбековна Сальменова

Дата: 13.01.2022

Номер свидетельства: 597588

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства