kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "сыр с?хбат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Ма?саты: О?ушыларды Отан с?юге, ту?ан жерді, елді, тілді, ата-бабаны ??рметтеуге, ?ор?ау?а ж?не ?айсарлы??а, ?айратты??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: слайд, смайлингтер, шарлар, г?лдер, та?ырып?а сай суреттер.

Барысы:

Кіріспе.

М??алім: Биыл ке?ес ?скерлеріні? Ау?анстан жерінен  шы?арыл?анына 25 жыл тол?алы отыр, осы?ан  орай біз б?гін «Сыр с?хбат» атты т?рбие са?атымызды  бастаймыз. О?ушылар Ау?ан со?ысыны? ардагері, жерлесіміз Ма?сат Ке?ес?лын ?ошеметпен орта?а ша?ырайы?.

   Ке?ес ?скерлеріні?шектеулі контингентін Ау?анстан?а кіргізу туралы шешімні? 1979 жылы 12 желто?санда КОКП ОК Саяси бюросыны? отырысында ?абылдан?аны белгілі. Он жыл?а созыл?ан ?рыс ?имылдары тек 1989 жылды? 15 а?панында ая?талды. Ау?ан со?ысында 23 мы?нан астам ?аза?станды? ?зіні? ?скери борышын ?теді. Соны? ішінде 900 сарбаз бен офицер о??а ?шса, 23-і із-т?ссіз жо?алып кеткен. Сондай-а? 1,5 мы? адам жара?аттан  немесе аурудан к?з ж?мды. ?аза?стан Республикасы Ардагерлер ?йымыны? ?йлестіру ке?есіні? т?ра?асы генерал Ба?ытжан Ертаевты? айтуы бойынша б?гінгі бейбіт к?нде ау?ан со?ысынан ал?ан жан жарасынан жыл сайын ардагерлер ?мірден кетіп жатыр. Пешевар ма?ында?ы Бадабер ау?анды? бос?ындар лагерінде 12 ке?естік сарбазды? ерлікпен о??а ?ш?анын тілге тиек ете келіп, генерал 220 ?скер операциядан ?аруластарын 1 минут ?нсіздікпен еске алуды ?сынды. Олай болса о?ушылар ерлерімізді 1 минут еске алайы?.

  Елбасы да ау?ан со?ысы туралы ешкімді бей-жай ?алдырмайтын мына с?здерді айт?аны бар: «Ау?анстанда?ы со?ыс ке?естік д?уірді? жылнамасында е? трагедиялы? беттерді?  бірі болып ?атталды. Оны? тек со?ыс ардагерлеріні? ?ана емес, сондай-а? келесі ?рпа?ты? санасында м??гі ?алатыны аны?». Ау?ан со?ысыны? шынайы тарихын есте ?алдыру ма?сатында бір?атар шаралар ?ол?а алынуда. Мысалы 15 а?пан ?зге елдерді? аума?ында ?скери борыштарын ?теген ?аза?станды?тарды ??рметтеу к?ні деп белгілеу туралы сауал жолданыпты. Ендеше ауылымызды? ардагер а?асы Ма?сат а?а сізді ??рметтеп,

 «Сыр с?хбатымызды» бастау?а  р??сат еті?із.

Сауалдар:

Н?р?лі: ?р адамда ?ор?ыныш деген болады.Сіз ?з ?ор?ынышы?ызды ?алай же?ді?із?

Дильназ: Ау?ан со?ысында ?андай достары?ыз болы, ?андай командирлерді білесіз?

Дильнур: Сіз ?анша медаль алды?ыз?

Асхат: Сіз армияда ?андай ?ызмет ат?арды?ыз?

Н?рдана: Сіз ау?ан со?ысына бар?анда неше жастасыз ж?не ?андай ??рал я?ни ?андай мылты? ?стады?ыз?

Жанерке: Ау?ан со?ысында бізді? ауылдан ?анша адам ?атысты?

Аружан: ?ай жылы ау?ан со?ысынан ?айтып оралды?ыз?

Аружан: Сіз ау?ан со?ысында ?оры?ты?ыз ба?

Еркежан: Ау?ан со?ысында ?андай жа?дайды к?збен к?рді?із?

Аяжан: Балалы? ша?ы?ыз ?алай ?тті, ?ызы?ты бір с?ті?із?

Айдана: Ма?сат а?а ?ай жылы д?ние есігін ашты?ы, ?ай жылы мектепке барды?ыз?

Жібек: Сіз ау?ан со?ысында мылты? атып со?ысты?ыз ба?

Айдос: Со?ыста?ы ?ор?ынышты с?ті?із есі?ізде ме?

Ернат: ?андай ?нері?із бар?

?ділет: Спортты? ?ай т?рімен ш??ылданасыз ж?не ?ай т?рін ?натасыз?

     Ма?сат а?а сіз балалы? ша?ы?ызда «лянг» деген ойын ойнапсыздар, енді сол ойында балалар?а к?рсетсе?із.

     Кеш со?ында сізге мынадай тапсырма, мынау смайлингтер деп аталады, б?гінгі кеште сізді? к??іл-к?йі?із ?андай болды, соны осы смайлингтерді? ішінен та?дап алып, соны бет ?лпеті?ізден к?рсетсе?із.

     Сізге б?гінгі с?хбаты?ыз?а рахметімізді айта отырып, сізге зор денсаулы?, аманды?, балаша?а?ызды? ?ызы?ын к?ріп, немере-ш?бере с?йіп, ?за? жасай бері?із демекпіз. Кеш со?ында сізбен суретке т?суге р??сат еті?із.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему "сыр с?хбат" »

Ш.Қ.О, Абай ауданы

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Мажиева Динар Кусмановна

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Ерліктің рухы»(Ауған соғысы 25 жыл)

Түрі: «Сыр сұхбат»


Мақсаты: Оқушыларды Отан сүюге, туған жерді, елді, тілді, ата-бабаны құрметтеуге, қорғауға және қайсарлыққа, қайраттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, смайлингтер, шарлар, гүлдер, тақырыпқа сай суреттер.

Барысы:

Кіріспе.

Мұғалім: Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толғалы отыр, осыған орай біз бүгін «Сыр сұхбат» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Оқушылар Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Мақсат Кеңесұлын қошеметпен ортаға шақырайық.

Кеңес әскерлерініңшектеулі контингентін Ауғанстанға кіргізу туралы шешімнің 1979 жылы 12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросының отырысында қабылданғаны белгілі. Он жылға созылған ұрыс қимылдары тек 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Ауған соғысында 23 мыңнан астам қазақстандық өзінің әскери борышын өтеді. Соның ішінде 900 сарбаз бен офицер оққа ұшса, 23-і із-түссіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ 1,5 мың адам жарақаттан немесе аурудан көз жұмды. Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының Үйлестіру кеңесінің төрағасы генерал Бақытжан Ертаевтың айтуы бойынша бүгінгі бейбіт күнде ауған соғысынан алған жан жарасынан жыл сайын ардагерлер өмірден кетіп жатыр. Пешевар маңындағы Бадабер ауғандық босқындар лагерінде 12 кеңестік сарбаздың ерлікпен оққа ұшқанын тілге тиек ете келіп, генерал 220 әскер операциядан қаруластарын 1 минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды. Олай болса оқушылар ерлерімізді 1 минут еске алайық.

Елбасы да ауған соғысы туралы ешкімді бей-жай қалдырмайтын мына сөздерді айтқаны бар: «Ауғанстандағы соғыс кеңестік дәуірдің жылнамасында ең трагедиялық беттердің бірі болып қатталды. Оның тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, сондай-ақ келесі ұрпақтың санасында мәңгі қалатыны анық». Ауған соғысының шынайы тарихын есте қалдыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Мысалы 15 ақпан Өзге елдердің аумағында әскери борыштарын өтеген қазақстандықтарды құрметтеу күні деп белгілеу туралы сауал жолданыпты. Ендеше ауылымыздың ардагер ағасы Мақсат аға сізді құрметтеп,

«Сыр сұхбатымызды» бастауға рұқсат етіңіз.

Сауалдар:

Нұрәлі: Әр адамда қорқыныш деген болады.Сіз өз қорқынышыңызды қалай жеңдіңіз?

Дильназ: Ауған соғысында қандай достарыңыз болы, қандай командирлерді білесіз?

Дильнур: Сіз қанша медаль алдыңыз?

Асхат: Сіз армияда қандай қызмет атқардыңыз?

Нұрдана: Сіз ауған соғысына барғанда неше жастасыз және қандай құрал яғни қандай мылтық ұстадыңыз?

Жанерке: Ауған соғысында біздің ауылдан қанша адам қатысты?

Аружан: Қай жылы ауған соғысынан қайтып оралдыңыз?

Аружан: Сіз ауған соғысында қорықтыңыз ба?

Еркежан: Ауған соғысында қандай жағдайды көзбен көрдіңіз?

Аяжан: Балалық шағыңыз қалай өтті, қызықты бір сәтіңіз?

Айдана: Мақсат аға қай жылы дүние есігін аштыңы, қай жылы мектепке бардыңыз?

Жібек: Сіз ауған соғысында мылтық атып соғыстыңыз ба?

Айдос: Соғыстағы қорқынышты сәтіңіз есіңізде ме?

Ернат: Қандай өнеріңіз бар?

Әділет: Спорттың қай түрімен шұғылданасыз және қай түрін ұнатасыз?


Мақсат аға сіз балалық шағыңызда «лянг» деген ойын ойнапсыздар, енді сол ойында балаларға көрсетсеңіз.

Кеш соңында сізге мынадай тапсырма, мынау смайлингтер деп аталады, бүгінгі кеште сіздің көңіл-күйіңіз қандай болды, соны осы смайлингтердің ішінен таңдап алып, соны бет әлпетіңізден көрсетсеңіз.

Сізге бүгінгі сұхбатыңызға рахметімізді айта отырып, сізге зор денсаулық, амандық, балашағаңыздың қызығын көріп, немере-шөбере сүйіп, ұзақ жасай беріңіз демекпіз. Кеш соңында сізбен суретке түсуге рұқсат етіңіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
конспект урока на тему "сыр с?хбат"

Автор: Мажиева Динар Кусмановна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 196058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства