kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем аруы 2015ж.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды ?аза? ?ызыны? бойына т?н ?нерлік т?лімдік ?асиеттермен таныстыру, ?азіргі жастарды? киімі мен б?рын?ы ?аза? ?л-?ыздарыны? киім кию м?дениеттерін салыстырып, саралау?а ?йрету.

О?ушыларды жарыс?а белсене ?атыстыру ар?ылы олармен бірге ж?мыстану. ?лтты? ??ндылы?тарды ??ынып, адам?а деген мейірімге ?ыз баланы, ?стазды, ата-ананы ?адірлей білуге ,н?зік ару шы?ару. О?ушыларды шы?армашылы??а баулу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем аруы 2015ж. »

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі







Қыз сыны



Тақырыбы: :«Көктем аруы 2015ж.»





Дайындаған: 5 ә сынып жетекшісі:

Куанышкалиева Ф.А.







2015ж наурыз



Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы:«Көктем аруы 2015ж.»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ қызының бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, қазіргі жастардың киімі мен бұрынғы қазақ ұл-қыздарының киім кию мәдениеттерін салыстырып, саралауға үйрету.

Оқушыларды жарысқа белсене қатыстыру арқылы олармен бірге жұмыстану. Ұлттық құндылықтарды ұғынып, адамға деген мейірімге қыз баланы, ұстазды, ата-ананы қадірлей білуге ,нәзік ару шығару. Оқушыларды шығармашылыққа баулу

Түрі:Сайыс

Барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Негізгі бөлімі.

Жүргізуші:

-Құрметті! Ата-аналар, оқушылар және ұстаздар!

Бүгін біз мың бұралған ару қыздарымыздың өнерін сынамақпыз. Бүгінгі сайысқа 13 қыз қатысады. «Қыздарға әсемдік жарасады» әнімен қыздарды ортаға шақырайық.

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Міне жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз» мерекесі құтты болсын! 8 наурыз табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарды, сүйкімді қыздарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ана деген-әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Сіздерге шаттық, бақыт,байлық тілей отырып,«Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген ару қыздарды және төрелік жасайтын әділқазылар алқасын көктем мерекесімен құттықтаймыз.Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

Сайыстың бағдарламасы:

1.Мен қазақтың қызымын (Өздерін таныстыру)

2.Үй тапсырмасы (Өзі дайындап алып келген тағам,бұйым,сурет,тақпақ т.б.)

3.«Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

4.Тапсырма( Сұрақтарға жауап беру)

5.Сұлулық сыры (Сән үлгісі)

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенде болмай- ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі,-дей отырып,әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар

Әділқазылар алқасымен танысады.

1.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Гүлдариға Ғарифоллаевна

2.Ата-ана комитетінің төрайымы: Амирханова Гүлмира

3.Информатика пәнінің мұғалімі Акис Наримановна

-Қыздар әділқазы алқасының алдынан реттік номерін таңдап алыңыздар.

1кезең: «Мен қазақтың қызымын» Өздерін таныстыру.

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген 13 ару кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

2 кезең: Үй тапсырмасы./Өзі дайындап алып келген тағам,бұйым,сурет,тақпақ т.б.) айтып өту.

3 кезең:«Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Арулар аянбай – ақ жан салыпты.

4 кезең: Тапсырма /Сұрақтарға жауап/

13-сұрақ таратылады.

1.Анаңа арнап жылы сөз айтып бер.

2.Қыз балаға арнап мақал айтып бер

3.Анаңа деген құрметіңді қалай көрсетесің?

4.Қандай қыз болып өсуіңді қалайсың?

5.Аптаның күндерін ата?

6.Ұлттық тағамдарды ата?

7.Қазақтың салт-дәстүрлерін ата?

8.Ұлттық ойындарды ата?

9.Нағашы деген кім?

10.Елімізде тойланатын мейрамдарды ата.

11.Қонақты қалай қарсы алу керек?

12. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге » кім?

13. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?

5 кезең Сұлулық сыры (Сән үлгісі)

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың, - деп «Сән үлгісі» сайысына кезек береміз.

Барлығы «Қыз сыны» әніне арнап,сән үлгісін көрсетеді.

-Енді әділқазы алқасыларға сөз кезегін береміз.

1-орын:

2-орын:

3-орын:

Номинациялармен марапатталады.

Сау болыңыздар!



















1.Анаңа арнап жылы сөз айтып бер.

2.Қыз балаға арнап мақал айтып бер

3.Анаңа деген құрметіңді қалай көрсетесің?

4.Қандай қыз болып өсуіңді қалайсың?

5.Аптаның күндерін ата?

6.Ұлттық тағамдарды ата?

7.Қазақтың салт-дәстүрлерін ата?

8.Ұлттық ойындарды ата?

9.Нағашы деген кім?

10.Елімізде тойланатын мейрамдарды ата.

11.Қонақты қалай қарсы алу керек?

12. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге » кім?

13. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?

3

1







2











4

13

9

12

8

11

10

7

6

5




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
К?ктем аруы 2015ж.

Автор: Куанышкалиева Фариза Абатовна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188592


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства