kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз ?ссе ,елді? к?ркі!!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данную работу можно  применять  на открытых  внеклассных  часах.Данная работа является в  патриотическом  напровлении.Является примером для наших  девочек и сравнением

  1. .Инициатором организации данного мероприятия являлась классный руководитель 6 «А» класса Садвакасова М.К для проведения классного  часа  был составлен сценарий с учетом возрастных особенностей   и целями воспитательной работы с учащимися класса. При подготовке к мероприятию учащиеся проявили активность, самостоятельность и инициативу. 
  2. Содержание этапов подготовительной работы: мероприятие было запланировано на конец месяца февраля. Учитывая возрастные особенности учащихся в мероприятие были включены конкурсы, посильные для восприятия, игровые ситуации игры, физминутки.
  3. Степень включенности детского коллектива в подготовку мероприятия: все 5 учащихся класса были включены.

.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз ?ссе ,елді? к?ркі!! »

«Қыз өссе ,елдің көркі» тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Қыз өссе ,елдің көркі
Сабақтың мақсат-міндеттері:

Білімділігі:  Қыз  балалардың  жан  дүниесіндегі көркемдік  талғамын  қалыптастыру.
Дамытушылығы: Қыздардың ой - өрісін,  танымдық іс - әрекеттерін  қалыптастыру.
Тәрбиелігі:  Қазақ  халқының  қыз  тәрбиелеу салт - дәстүріне  байланысты әдептілікке,  инабаттылыққа,  ізеттілікке  тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ – жауап, өз өнерін көрсету
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
           Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам,
                                       Жанары  жаны  жаздай  жайраңдаған.
                                      «Қыз  өссе  елдің  көркі»  деген  сөзді,
                                       Қапысыз  қалай  айтқан  қайран  бабам – дей  отырып  

Бүгінгі сынып сағатымызды бастаймыз .Алдымен

ІІ. Шаттық шеңбері.  Музыка ойнап тұрады.

     Мұғалім.

     Қайырлы күн, балалар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.   Енді әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!

-Ал енді өзімізді таныстырайық .

Балалар мен сіздерге видео - ролик көрсетем мұқият қарандар сонын ішіінде сендер бүгінгі тақырыпты анықтайсындар .....

Мұғалім:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға, арнай отырып, бүгінгі «Қыз өссе ,елдің көркі» атты тәрбиелік шарамызды  бастаймыз.

Мұғалім :                Әдет - ғұрып,  салт –дәстүрі  қазақтың,
                                            Жарасымды  үйлесімді  ғажап  шын.
                                            Ұмыт  болған  дәстүрлерді  сақтайық,
                                            Насихаттап,  жаңартудан  қашпайық – дей
отырып,  екінші кезеңімізді  бастаймыз.

Ойланайық пікірлесейік.

  

1. Қыздың көркі деп нені түсінесіндер?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине     сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 

  бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  

  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие 

   қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

 

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, 

                                                                         өтірік айтқаны)

 

4. Қыздарға арнап мақал айтыңдар.    Балалар сендер мақал - мәтелдер білесіндер ме ?

Ал қыз туралы білеміз бе ?

Ал бір - бірден турамыз айтамыз ....

( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, 

       қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) 

Бәрекелді балалар .......енді 3 кезінғе қөшейік

ІІI кезең «Кім  тапқыр?» ( сұрақ - жауап)
Бұл  кезеңде    салт – дәстүр  бойынша  сұрақтар

Сұрақтар.

  1. Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам не  айтып  келеді? (Сүйінші - сүйінші)
    2.    Жаңа  туған  балаға,  жас  келінге,  ботаға  тағы  басқа  алғаш  көрген  сәтте  халықтың  ежелгі  және  лайықты  дәстүрі. ( Көрімдік)
    3.     Бала  туған,  келін  түсірген  т.б.  сол  сияқты  қуанышқа  не  деп айту ата салтымыз. (Құтты  болсын  айту)
    4.    Қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын  өте  сұлу да  салтанатты  дәстүр. (Шашу)
    5.    Ер  бала  3, 5  және  7  жасқа  толғанда  өткізілетін   рәсімі. ( сүндетке отырғызу )
    6.     Құда  түсудің  ресми  бөлігі  аяқталғаннан  кейін  жігіт  жағы  қыздың  жағына  не  төлейді? (Қалыңмалын)
    7.     Жас нәрестені  бесікке  салу  салты  не  деп  аталады? (Шілдехана)
    8.     Аналар  үйде  қалған  балалары  мен  жақындарына  мереке –тойларда  болған  жерлерінен  не алып келеді? (Сарқыт) 
    9.      Қазақтың  ұлттық  тағамдарын  ата. (Бауырсақ, қазы – қарта, бешбармақ, айран т.б.)
    10.     Мұсылмандардың  мерекесі. (Құрбан айт)
    11.     Қазақтың  ұлттық  ойындарын  ата. (Көкпар, қыз қуу, алтыбақан т.б.)
    12.     Қазақтың  жаңа  жылы. (Наурыз мерекесі)

«Отан отбасынан басталады», – десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ислам діні келгенге дейін арабтарда ананың құрсағына шарана бітсе, ол қашан дүниеге келгенше «іштегі шарана ұл ма, әлде қыз ба» деп уайымдайтын. Себебі қыз дүниеге келсе, ол біздің тегімізге ұят әкеледі деп есептеп, қыз баланы тірідей көметін болған. Ал, Исламның келуімен мұндай надандық әрекеттер сап тыйылды. Әйел адамдардың дәрежесінің қандай екендігін көрсетіп берген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Жаннат аналардың аяғының астында», – дейді. Яғни, ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі – ең алдымен әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.
Қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ, кейбір ата-ананың ба-лаларына қарайлауға, тәрбие беруге де уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға де-ген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылы-лық мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі.
Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш көрінетін киімдерін айтар болсақ, бұрын-соңды болмаған,  құлақ естіп, көз көрмеген ұятсыздықтарға куә болып жатырмыз. Міне, қоғамымызға өз қолымыздан осындай келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазіргі таңда кейбір қаракөз қыздардың арақ ішіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жаның түршігіп, жү-регің ауырады. Осындай жеңіл мінездің салдарынан жүкті болып, жасанды түсік жасатып, келешекте аналық құқығынан айырылып жатады. Осылардың бәрі де өзіміздің қаракөз қыздарымыз, елдің ертеңгі болашақ аналары емес пе? Неге ойланбасқа? Олардың келешегі, тағдыры не болады? Бұлардан өнегелі ұрпақ күтуге болар ма? Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы  Ел анасы боларына кәміл сенген.

Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  қандай  қасиеттер  болу керек?

Топтастыру    (Постер салу)      

 

Бұрынғы заман қыздары..................Қазіргі қыздар қаңдай болу керек ?

 

Тәртіпті                                                               ибалы                             

қайырымды                                                        сыпайы

әдепті                                                                  биязы

адамгершілігі мол                                              кішіпейіл

 Видео роликті қосу (Ана туралы)

ІХ. Жүректен жүрекке.

 –Балалар, енді бір –біріңе смайликка тілек жазып,біздін ағашымызға қойыңыздар.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын. Қош сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ыз ?ссе ,елді? к?ркі!!

Автор: Садвакасова Мейрамгул Кудайбергеновна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213614


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства