kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді?, ?з-Наурыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?ош келді?, ?з -  Наурыз!»

Ма?саты:
1. Хал?ымызды? ?асырлар бойы ?алыптасып, д?ст?рлі т?рде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесіні? ?асиеті мен д?ст?рінен сыр шерту. ?рпа?тар санасына ?лтты? та?ылым мен ?лтты? салт-д?ст?рлерден хабар беру.
2. Хал?ымызды? мол м?расын саналарына сі?іре отырып, та?ылым алу?а жетелеу.
3. ?лтты? т?рбие к?зінен н?р алу?а т?рткі жасау.Ту?ан хал?ыны? бай  ауыз ?дебиетін ?адірлеуге, салт-д?ст?рін пір т?ту?а, ?лтты? та?ылымдармен сусындап ?сетін хал?ыны? азаматы болу?а баулу.
Т?рі, формасы: Мерекелік кеш.
?діс-т?сілі: Сахналы? к?ріністер,  ?лтты? ойындар.

К?рнекілігі: ?анатты с?здер, шаныра?.

1- ж?ргізуші:

  Ты?да?ыздар, ты?да?ыздар!

  Бос?а ?арап т?рма?ыздар!

  Наурыз тойы басталды!

  К?рген де арманда,

  К?рмеген де арманда,

  ?ызы?тан тыс ?алма?ыздар!

2- ж?ргізуші:

  Ты?да?ыздар, ты?да?ыздар!

  ?лыс тойы басталды.

  Наурыз тойын к?теріп,

  Жар салайы? ?лемге.

  К?рмегендер к?рі?дер,

  Естімегендер есті?дер.

  Дабылын наурызды? ?ажайып,

  Ша?ырамыз б?рі?ізді ?лысты? ?лы к?ніне!

1-ж?ргізуші:

      М?сылман ?ауымы жыл басы деп м?ртебе берген б?л к?нні? ?лылы?ы сонда, ол к?ктемгі жасар?ан таби?ат ??былысы мен тіршілікті? оянуымен ?ндес, т?л ?ргізіп, егін егуге кірісер уа?ытта?ы бейбіт е?бекпен м?ндес досты??а, бірлікке, елдікке ша?ыратын уа?ыздарымызбен ма?ыналас. Наурыз мейрамыны? та?ы бір ?асиеті т?ркі халы?тарыны?, жалпы м?сылман ?ауымыны? туысты?ын еске салып, т?п тарихымызды жадымызда жа??ыртып, жерді? алыс жа?ынды?ына ?арамай арада?ы шекара белдеулерін  де елемей, ?лысты? ?лы к?нін пір т?т?ан елдер де, жерлер де ?лкен той думанмен аталып ?тілетіндігінде. Б?л тарапта ?аза??а жат ешн?рсе жо?, оны? бауырмашылды?ы, жомартты?ы, дарханды?ы, ??ша?ыны? ай?ара ашы?ты?ы ?лемге аян.                                                                               

2-ж?ргізуші:

  Осындай той – думанды тамашалау?а келген, армысыздар хал?ым мені?!

1-ж?ргізуші:

  Армысыздар а? ниетті асыл жандар,б?гінгі кешті? ?она?тары!

Арда?ты  а?айын !  ?адірменді  ?ауым !

Б?гінгі ?лысты?  ?лы к?ні  - Наурыз тойын  ашу  ?шін  с?з Борлы? негізгі мектебіні? директоры Хасенова Ермек Тлеубай?ызына беріледі!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, ?з-Наурыз »


Тақырыбы: «Қош келдің, әз - Наурыз!»

Мақсаты:
1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.
Түрі, формасы: Мерекелік кеш.
Әдіс-тәсілі: Сахналық көріністер, ұлттық ойындар.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шанырақ.

1- жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды!

Көрген де арманда,

Көрмеген де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2- жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс тойы басталды.

Наурыз тойын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер.

Дабылын наурыздың ғажайып,

Шақырамыз бәріңізді ұлыстың ұлы күніне!

1-жүргізуші:

Мұсылман қауымы жыл басы деп мәртебе берген бұл күннің ұлылығы сонда, ол көктемгі жасарған табиғат құбылысы мен тіршіліктің оянуымен үндес, төл өргізіп, егін егуге кірісер уақыттағы бейбіт еңбекпен мәндес достыққа, бірлікке, елдікке шақыратын уағыздарымызбен мағыналас. Наурыз мейрамының тағы бір қасиеті түркі халықтарының, жалпы мұсылман қауымының туыстығын еске салып, түп тарихымызды жадымызда жаңғыртып, жердің алыс жақындығына қарамай арадағы шекара белдеулерін де елемей, Ұлыстың ұлы күнін пір тұтқан елдер де, жерлер де үлкен той думанмен аталып өтілетіндігінде. Бұл тарапта қазаққа жат ешнәрсе жоқ, оның бауырмашылдығы, жомарттығы, дархандығы, құшағының айқара ашықтығы әлемге аян.

2-жүргізуші:

Осындай той – думанды тамашалауға келген , армысыздар халқым менің!

1-жүргізуші:

Армысыздар ақ ниетті асыл жандар,бүгінгі кештің қонақтары!

Ардақты ағайын ! Қадірменді қауым !

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз тойын ашу үшін сөз Борлық негізгі мектебінің директоры Хасенова Ермек Тлеубайқызына беріледі!

2-жүргізуші:

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Шашу! Шашу! Шашу!

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Көңілім дарқан,

Несібем мол болсын деп,

Дәм тат мынау шашылған көп шашудан.

Апалар шашу табақтарын ұсынады, олар көрермендер залына түседі де, көпшілікке шашу шашады. Шашу жыры сахна сыртында ағылады.

1-жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашайық!

Жиналған жұрт таң қалсын

Өнерден шашу шашайық!


(Би: «Қазақша» билейтін 7-сынып оқушылары)

2- жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза әуені

Құлаққа естімегендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!


1-жүргізуші:

Салтымен ата – бабамның

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы – бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

(Ән: «Есіңе ал» орындайтын 7-сынып оқушылары )

2- жүргізуші:

Тамаша екен салтымыз,

Тамаша екен халқымыз.

Наурыздан қалар көңілге,

Өшпестей болып жарқын із.

(«Бесікке салу» рәсімін тамашалаңыздар)

1- жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!

2- жүргізуші:

Наурыз болып бізге сын,

Кержалқаулар торықсын.

Талапты мен іскерге

Қыдыр келіп жолықсын!

Бірге:

Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді!

1- жүргізуші:

Осы тойға батасын берсін деп Кыдыр атаға сөз берейік.

Қыдыр Баба: ! (Рахат 7-сынып оқушысы)

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ, уайым, қайғың жоқ болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Дастарқанымыздан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Ұрпақ, ұлыс аман болып

Өмірімізден мән кетпесін.

Құдай пейілімізді тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын.

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын!!!

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!

2- жүргізуші:

Жарқыра, жайна Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық –дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын

Қыдыр ата, бізбен бірге Наурызға арналған балалардың ән-жырын

тыңдаңыз. Төрге шығыңыз!

1- жүргізуші:

Халықтың ұғымында Наурыздың 20-22 аралығында «Әз кіреді» деген ұғым бар. Ол әуеде болар – болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен көк, ағаш, тал, бұта, сияқты тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа тіршілік басталғанынан хабар береді. Халық шат – шадыман болып қуанышқа кенеледі. «Әз болмай, мәз болмайды» деген мақал да содан қалса керек.

2-жүргізуші:

Ал, балалар, ұлттық ойын түрлерін білесіндер ме?

Ұлыс тойы күні көкпар, күрес, қыз қуу, алтыбақан, асық ойыны секілді ұлттық ойындар ойналады. Осы ұлттық ойындарымыздың ішіндегі «Қыз қуу» ойынының үлгісін тамашалаңыздар.

1- жүргізуші:

Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді!

Жыл басы келді, жаңғырта келді.

Дүние желпінді. Тіршіліктің күйі шертілді.

Жасанған әлем – жас тірлік тамырын жайды тереңге.

Наурыз тойы құтты болсын ағайын.

(Би: «Востачный» билейтін 3-4-сынып оқушылары )

2- жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жердің тойы – Наурызым!

Елдің тойы – Наурызым!

Төлдің тойы – Наурызым!

Көңіл тойы – Наурызым!

Көктем тойы – Наурызым!

(Би: «Өзбекский» билейтін 5-6-сынып оқушылары)

1-жүргізуші:

Жедел жүріп алаңға жетіңіздер,

Наурызға адал ниет етіңіздер!

Қарсы алып, жылдың басын, той тойлайық,

Ән шырқап, би билеп қауым болып.

(Ән: «Достық» орындайтын 1-2-сынып оушылары )

2- жүргізуші.

Наурыз айы-гүл айы,

Наурыз айы-нұр айы.

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы

(«Сырға салу» рәсімін тамашалаңыздар)

1- жүргізуші:

Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би – билеп

Інжу маржан шашайық.

(Би: «Индиский» билейтін 3-4-сынып оқушылары)



2- жүргізуші:

Құрманғазы күйінің күмбірлеген

Төгіледі әуені сізге деген.

Толқиды домбырадан шыққан күй

Жырлайды қазағымның сырын шертіп

Назды әуен, сырлы сезім сиқырлы күй.

(Көрініс қоятын 5-6-сынып оқушылары)


1- жүргізуші:

Армысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сендер үшін, ән мен күй, өлең мен би,

Сендер үшін Наурыз той шашулары.

(Би: «Қара жорға» билейтін даярлық топтың оқушылары)

2- жүргізуші:

Қашанда құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.

(Би: «Современый» билейтін 5-6-7-сынып оқушылары)

1- жүргізуші:

Наурыз шаттық тойымыз,

Қуанышты күніміз.

Мейрамда көп ойнымыз,

Атап өтер бүгін біз.

Наурыз тойы- береке,

Наурыз айы – жыр, аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!

Жырға, күйге жараса,

Жырла, биле жаңаша!

(Би: «Қазақша» Билейтін 1-2-сынып оқушылары)

2-жүргізуші:

Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,

Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.

Ежелден көктем мейрамы Наурыз,

Еліме жаңа бақыт бере берсін!

1- жүргізуші:

Наурыз тойын тойлайық міне ағайын

Амандықпен туа берсін күн сайын

Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға

Мерекені бүгінгімен жабайын

Молшылық пен тыныштық боп жерімізде

Бейбітшілік нық болсын елімізде

Достықпенен жайнай берсін отанымыз

Желбіресін қазақ туы көгімізде.

2-жүргізуші:

Осымен шағын концертіміз өз міресіне келіп жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Ұлыстың ұлы күні құттты болсын қалайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош келді?, ?з-Наурыз

Автор: Акентаев Муратбек Ашимович

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства