kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан – 2050 стратегиясы: М??гілік ел. Біліктілік дегенді ?алай т?сінесіз? Ашы? топ са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый классный час на тему: «Стратегия – Казахстан 2050: Вечный народ» «Как вы понимаете свою специльность?» . В ходе классного часа обучающиеся знакомятся с Посланием Президента Республики Казахстан. Рассказывается о стратегии развития нашей Республики. Классный час проходит в виде дискуссии, где обучающиеся высказывают свои мнения и прислушиваются к другим, после чего делается вывод. Затем каждый обучающийся рассказывает о своих впечатлениях о специальности по которой они обучаются.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан – 2050 стратегиясы: М??гілік ел. Біліктілік дегенді ?алай т?сінесіз? Ашы? топ са?аты »

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК











Ашық топ сағаты «Қазақстан – 2050 стратегиясы: Мәңгілік ел» «Біліктілік дегенді қалай түсінесіз?»









Дайындаған: 3 қысқартылған ПО-1 тобының жетекшісі

С.М.Несвельдинова

Күні: 19.09.2014








Семей - 2014 жыл

Тақырыбы: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: Мәңгілік ел»

«Біліктілік дегенді қалай түсінесіз?»


Мақсаты:

  • Қазақстандық патриотизмді дамыту, Елбасы жолдауының маңыздылығын, болашағын түсініп, пайымдау;

  • ҚР Ата Заңы туралы білімдерін жетілдіру;

  • Ел жетістіктерін мақтанышпен атап өту;

  • Қазақ халқының Ұлы тұлғалары Абай мен Шәкәрімді еске алу;

  • Біліктілік туралы білімдерін жетелдіру.


Өткізілу формасы: пікірталас;


Көрнекіліктері: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «ҚР соңғы жылдардағы табыстары» туралы бейнебаян. Елбасы жолдауынан үзінділер, презентациялар, бейнематериалдар.


Барысы:

- Жүргізушілердің кіріспе сөзі;

- Қазақстан - 2050 стратегиясының мазмұны мен бағыттарына тоқталу;

- Стратегияның мемлекет аясында енгізілу және орындалу деңгейі туралы айту;

- Білім алушыларының пікірін тыңдау;

- Қорытынды.


1.Жүргізушілердің кіріспе сөзі;


1-жүргізуші:

Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.

2-жүргізуші:

Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат - 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек.  Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы куә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы  бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады, ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ.

1-жүргізуші:

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - Елбасының Қазақстанды және әлемді толғандырып отырған он сын-қатерге айрықша тоқталғаны. 



2. Қазақстан - 2050 стратегиясының мазмұны мен бағыттарына тоқталу;

 І. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

 

Елбасы атаған ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-қатері

  1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

Н. Назар­баев. Сонымен, Президент айт­қан бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жедел­деуі. «Әлем қарқынды түрде өз­геру­де және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады. Соңғы 60 жылда Жер  тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есе өсті. Бүкіләлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайда­ланғанымызды мен мақтан тұтамын», – деді Мемлекет басшысы.


2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

Елбасы тоқ­та­ған екінші сын-қатер – жаһандық де­мографиялық теңгерімсіздік. Бұл ретте Президент пайымынша, жалпы әлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Ал енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдар­дың саны 15-ке толма­ғандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нары­ғын­дағы проблема­ларға, атап айтқанда, еңбек ресурста­рының жетіспеушілігіне  сөзсіз  әкеледі. «Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орны­ғуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзі­міз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүм­кін­дігіміз бар. Бұл – біздің үлкен жетіс­тігіміз. Мен сіздерді жалпыға ортақ ең­бек қоғамына бастап келемін, онда жұ­мыс­сыздар жай ғана жәрдемақы алу­шы­лар емес, олар жаңа кәсіптерді мең­геретін болады, мүгедектер жасампаз­дық қызметпен бел­сенді түрде айналыса алады, ал корпо­рациялар мен компа­ниялар олар­дың еңбегі үшін лайықты жағ­дай жасай алады», – деді Н. Назар­б­ае­в.

  1. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіп­сіздігіне төнетін қатер. Елбасы мұндай жаһандық қатер аста­рында Қазақстан үшін орасан зор мүм­кін­діктер бар екенін алға тартады. «Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Біз­де аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнім­дерін шығара аламыз. Ауыл шаруа­шы­лығы өнеркәсібінде сапа­лы секіріс жасау – толықтай қолымыз­дағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет бо­лады», – деді Прези­дент.    

  1. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

Судың тым тапшылығы – бұл төртінші сын-қатер. «Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурс­тарын пайдалануда бірқатар мәселелер­мен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіс­піз», – деп атап өтті бұл тұрғыда Елба­сы.

  1. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

Бесін­ші сын-қатер – жаһандық энергети­ка­лық қауіпсіздік. «2050 жылға қарай алған­ның өзінде оларды қолдану ба­р­лық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергети­калық саладағы сенімді стратегиялық әріп­тестік пен өзара пайдалы халықара­л­ық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады», –деп пайымдады Президент.

6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сар­қ­ы­луы. «Бізге өз табиғи байлықтары­мыз­ға деген көзқарасымызды ой елегі­нен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек».

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

Жетінші сын-қатер – Үшінші индус­трия­лық революция. «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдыры­ғын­да тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгер­теді. Технологиялық жаңалықтар әлем­дік нарықтың құрылымы мен қа­жеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрын­ғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз».

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Ал әлеуметтік тұрақсыздықтың басты себебі – әлеуметтік теңсіздік. «Әлеумет­тік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһан­дық экономикалық дағдарыс  Қазақ­станға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.  Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақ­тылықты нығайту», – деді Мем­лекет басшысы.

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

Тоғызыншы сын-қатер – өркениет құндылықтарының дағдары­сы. «Әлем ауыр дүниетанымдық және құн­дылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақы­ры, мультимәдениеттің күйреуін жа­рия­лайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертарт­па көзқарастан тартынуымыздың прин­цип­ті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпкон­фес­сиялығымызды өз артықшылығы­мызға айналдыра алдық».

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

Оныншы сын-қатер –әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. «Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағ­да­рыс­тың жалғасы. Жаһандық экономи­калық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды. ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецес­сия дамыған елдердің шикізат ресурс­тарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал де­фол­ты «домино әсерін» тудырып, біздің ха­лықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақ­ты­лығына күмән туғызуы мүмкін. Ва­люта­лық резервтердің қысқаруы ва­люта­лық бағамдар  мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтары­ның, мемлекет пен қоғамның ойласты­рыл­ған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

 

(оқушыларға сөз беріледі)


ІI. Жолдау бағыттарымен таныстыру;

1-жүргізуші:

Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 Ал, енді стратегияның басты бағыттарына тоқталайық.

 

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

 1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2.  Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

 

4. Инфрақұрылымды дамыту

5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту

6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту

8.1.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту

9. Су ресурстарына қатысты саясат


2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

 1. Шағын және орта бизнесті дамыту

2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі  -

«Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

 

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік

 

1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт

1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау

1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

 

2.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық

3. Баланы қорғау

4. Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту


4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары

 

1. Білім беру саласындағы жұмыстың  басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 

1.4. Білім беру  әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

3.Жастарға үндеу

 

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

 

1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі

1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби  мемлекеттік аппарат қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

 

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

 

1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

3. Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

4. Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери  доктринаны нығайту

 

7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

 

1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2.  Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

6. ХХІ  ғасырдағы Қазақстандағы дін

7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?

8. Ұлтқа үндеу


2-жүргізуші:

3. Қазақстан – 2050 стратегиясы туралы Жолдау халыққа жолдана салысымен еліміз бойынша Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, назарларымызды бейнежазбаларға аударсақ (мультимедиалық экраннан бейнежазбалар көрсетіледі)


(оқушыларға сөз беріледі)


Мамандық дегеніміз не?

1. Бұл кәсіби одақ. Барлық адамдарды біріктіретін кәсіп. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады.
2. «Кәсіп»- сөзінің тағы бір мағынасы- белгілі бір адамдарға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі. Мысалы: «Ол кәсіпті меңгерді», «Оның кәсібі бар» деп айтып жатамыз.
3. Кәсіп деп, сонымен қатар,  қызмет түрлерін де айтады (жұмыс сияқты).
4. Және де адамдардың өмір сүріп, дамуына мүмкіндік беретін, оның өз армандарын ары қарай дамытуына күш қуат беретін және қоғамға қажетті қосымшаны айтамыз. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша, 1965 жылы 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген  35,5 мың  мамандық түрі болған екен.

Сонымен қатар «Мамандық» деген түсінік бар.  Мағына жағынан бұл «Кәсіп» сөзінің  мағынасына ұқсас.
Мысалы, жалпы мұғалім деген болмайды. Нақты матаматика немесе география мұғалімі болады. Басқа да мамандықтар, мысалы, дәрігер- педиатр, хирург, тіс дәрігері. Заңгер- адвокат, прокурор, нотариус.
Мамандық- кәсіптер- ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген (Кәсіптік даярлауды жіктеуші бағыттар).

Білім мамандығы- түлектің алған біліктілігіне сәйкес, қандай да бір кәсіби істің түрімен айналысуға мүмкіндік беретін және жоғары білімнің негізгі кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқу үрдісінде алған білімі, түсінігі, іскерлігі мен дағдыларының жиынтығы.


Жоғары білім мамандықтарына қарағанда, білім бағыты маманды кәсіби істің анағұрлым кең саласымен қамтамасыз етеді. Сіз, сонымен қатар, жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін «мамандықтар тобы» және «білім саласы» деген терминдерді де кездестіре аласыз (тек жоғары білім нысандарын жіктеу үшін қолданылады).


Бағыты немесе жоғары кәсіптік білімі бойынша біліктілік- оқыған бағыты немесе мамандығы бойынша белгілі бір кәсіби қызмет түрін орындай білуге даярлық, оқу деңгейі. Болашақта біліктілік жалақыңыздың мөлшерін анықтайды (егер Сіз мамандығыңыз бойынша, сонымен қатар мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген жағдайда).


Мамандандыру-
бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы.

Мамандықтар әлемі құбылмалы. Адамдар өздері мамандықтарды ойлап табады, біріктіреді, бөледі және ескірген мамандықтарды жойып отырады.

Білім мекемелері мамандықтарды өздері ашуы мүмкін немесе элективті курстарды студенттерге жария етеді. Барлық мамандықтар классификаторда бекітілген.

Жоғарғы оқуды бітірген студенттің дипломында мамандығы мен мамандық деңгейі көрсетіледі. Соған қарап жұмыс беруші студенттің мамандық деңгейін біле алады.


Қызмет
- Сізге жүктелген еңбек міндеттерінің жиынтығы, ал қызмет орны деген түсініктің ішіне- нақты ұйымдағы нақты лауазымды сипаттайтындардың бәрі- мақсат та,  қаражат та, еңбек шарты да жатады.  



Біліктілік, квалификация — адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы. Біліктілік ғылыми мекеме, кейбір кәсіпорын, өндіріс, т.б. жұмыс орындарында қызметкерлер мен жұмысшылардың жұмысқа қабілеттілік деңгейі ретінде белгіленеді. Мысалы, мектеп ұжымы педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізіп, оларға лайықты Біліктілік деңгейлерін береді. Еңбек рыногындағы Біліктілік жұмысшылар мен қызметкерлерден кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдетіп, олардың бәсекелесуге қабілетті болуын қажет етеді. Біліктілікке үнемі іздену, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетуге болады.


4. Стратегияның мемлекет аясында енгізілу және орындалу деңгейі туралы айту;


1 оқушы:

Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бір жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.

Ұлт көшбасышысы осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғанын айтты. Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз - жөнді құбылыс.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»,-деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Мен тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу - абыройлы іс деп білемін. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.

Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің де стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Бір қуантқаны, 12 жылдан соң латын әліпбиіне көшеміз.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Пэрезиденті:

- Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады. Ұлттық мүдеге қызмет істеу үшін өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе? Тағы да қайталап айтамын, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеуі тиіс.

Қысқасы, алдағы 38 жылға арналған бұл құжат - Отанымызды кемел болашаққа апаратын, қиын жолымызда бағыт-бағдар сілтейтін жол серігі.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жастар да зор ынта-ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек.

Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын.

Тәуелсіздіктің тап бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ...

Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.


2 оқушы:

Менің ойымша, осы жолдаудың маңызы өте зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы ерте біткені біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауында елге деген басты мәселелерді көтерді. Әсіресе елдің экономикасын, жағдайын қарастырып отыр. Себебі экономикамыз нашар болса, адамдар мен қоршаған ортамыз құрып кетеді.

Жолдауда ең басты мәселе еліміздің туған тілі айтылды. Бізде “тіл - тіршілік тірегі” деген ұлағатты сөз бар. Біздің тіл еліміздің біріктірушісі болу керек деп ойлаймын. Жолдауда “қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажет” деп айтылып кетті. Қазір адамдар қазақ адамымен орыс тілінде сөйлейді немесе қазақша сөйлеп тұрып, орыс сөздерін қосады. Ол біздің тілге деген немқұрайлы көз қарасымызды көрсетеді. 
       Осы құжатта Елбасымыз жастарға, болашақ ұрпақтарға назар аударады. Себебі, біз, елдің жастары - еліміздің болашағымыз! Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін «Болашақ» бағдарламасын, Зияткерлік мектептер мен Университетті ашып жатыр. Бұның бәрі біз үшін. Елбасы да, ата – аналарымыз да біздерден үлкен үміт күтеді. Біз солардың үмітін ақтауымыз керек деп ойлаймын. Сол үшін де біздің Президентке деген үлкен алғысымыз болуы керек.

3 оқушы:

Елбасымыз осы жолдауында Қазақстанның барлық жетістіктерімізді айтып шықты. Соның ішінде біздің мақтанышымыз: “Expo – 2017”. Бұны 100-ден астам мемлекеттердің ішінен құрметке ие болдық. Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарып, білім беру саласының дамуын қарастырды. Жетістіктерге жеттік деп елбасымыздың айтқандай біз бұған қанағат етпеуміз керек. Алға тағы да мақсаттар қойып, оған жетуміз керек. Соның бастысы 50 дең дамыған мемлекеттерге ену. Қазір біз 51-орындамыз. Менің ойымша, осындай Елбасымызбен біз 50 емес 10 дамыған мемлекеттер арасына айналдырған 10 жылда кіреміз деген ойдамын.


4 оқушы:

Мен біздің Президентімізбен толық келісемін және де оның шешімін толық құптаймын. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің еліміздің Елбасы, халықты уайымдайтын, қорғайтын адам, тағы ол туралы айтуға сөзім жетпейді. EXPO-2017 халықаралық көрмесінде жеңгенімізге өте бақыттымыз және көрмеге еңбек еткен азаматтарға мың да бір алғыс айтамыз. Біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз және онымен мақтан тұтамыз. Қазақ жұртының саны көбейе бара жатыр және алдағы уақытта одан да көп болатынына сенеміз. Біз өзіміздің болашағына және Президентімізге шексіз сенеміз! 


5 оқушы:

Биылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы да сондай шамшырағымыз болады деп сенемін.

Елбасы бұл Жолдауда экономика, саясатпен қатар рухани құндылықтарға, соның ішінде дін саласына ерекше тоқталып өтті. Әсіресе, былтыр қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңда көрсетілгендей Ислам дінінің Ханафи мәзһабына ерекше мән берілді. Менің ойымша, бұдан былай еліміздегі Ислам дінінің аясы осы бағытта дамып, өркендейді. Сондай-ақ, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен дәл осы мәзһаб қанатын кеңге жаяды деген ойдамын. Сондықтан бізге әуелі Елбасы атап көрсеткен Ислам дінінің Ханафи мәзһабын кеңінен насихаттауымыз керек. Әрине өзге жат ағымдарды ауыздықтау жұмыстарын да тоқтатпауымыз тиіс. Егер қолға алынған жұмыстар өз уақытында жүзеге асатын болса, ХХІ ғасырдағы еліміздегі мұсылмандар Елбасы айтқан Ханафи мәзһабына, ұлттық салт-дәстүрге берік жамағатқа айналады деп сенемін. Сол кезде біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың іргесі одан әрі беки түсері анық. Алла соған жеткізсін.

Негізі дін өте нәзік мәселе екені белгілі. Сол себепті де дінді ешқашан қоғамнан бөлектеуге болмайды. Тіпті спортта да оның алатын орны өте жоғары. Әсіресе, асыл дініміздегі аят-хадистермен спортшылардың отаншылдық сезімін күшейтіп, рухын нығайтуға болады. Өйткені бүгінде көптеген спортшыларымыз намазға келіп, жалғыз Алладан медет тілеп жүргені көпке аян.
Жаратушы Иеміз Елбасының ел игілігі үшін жасап жатқан істеріне береке беріп, 2050 жылы тәуелсіз Қазақстанның қазіргіден де мықты, қуатты, дініне, тіліне бекем, экономикамен қатар спортта да алпауыт ел болуын нәсіп етсін. Ендеше ел ертеңі жарқын болуы үшін барша қазақстандықтарды бірлік пен тірлікке шақырамын.

5. Қорытынды.


Жүргізушілердің қорытынды сөзі:

1-жүргізуші:

Жастар тәрбиесіне, білім мен денсаулық мәселесіне көп көңіл бөлгені дұрыс, себебі Қазақстанның атын, көк байрағын көтеретін – жастар. Сондықтан Президенттің бұл позициясын қолдаймыз. Елбасының өз өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып, өрбіткен дәрісі өте әсерлі де мазмұнды болды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей еңбекқор адам ғана алға шығады, өседі, өркендейді. Ендеше, Елбасының да көздегені – еркін елдің ертеңі – жастардың білім мен еңбек жолындағы қажырлы қайраты.

2-жүргізуші:

Сондықтан, бүгінгі топ сағатын Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.

Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз».


Назарларыңызға рахмет! Қош, сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Несвельдинова Салтанат Мураткановна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167770


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства