kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? ханды?ыны? ??рылуына 550 жыл" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

2015 жылды? д?бірлі о?и?асы - ?аза? ханды?ыны? ??рылуына 550 жыл мерейтойын ?рбір ?аза?стан Республикасыны? азаматы білуі керек. О?ушыларды? б?л тарихи о?и?аны? білуі ма?сатында т?рбие са?аты ?ткізілгені д?рыс. 

Осы та?ырыпта жасал?ан т?рбие са?аты о?ушыларды? бойында партриотты? т?рбиені? дамуына ?серін тигізетіні ай?ын. Топ?а б?ліну ар?ылы ?йымдастырл?ан т?рбие са?аты о?ушыларды? топ ішінде отырып, ?зара зерттеушіліке ??гіме ар?ылы осы о?и?аны талдап, ?орытынды жасау?а ?келеді.

Топтар?а ??рыл?ан тапсырмалар о?ушыларды? ?збетімен ж?мыс жасауына, ?з ойын ашы? жеткізе білуге да?дыландырады.

Т?рбие са?аты 5 кезе?нен т?рады. ?р кезе? тапсырмасы ?р т?рлі. Тек тапсырма орындау ?ана емес, сонымен ?атар о?ушыларды сергіту, ?з ойын жеткізуге арнал?ан пікір-сайыс та орын алады.

Осындай т?рбие са?атын ?ткізу ар?ылы о?ушыларды? бойында тек ізгі ?асиеттерді т?рбиелеуге болады деп сенемін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? ханды?ыны? ??рылуына 550 жыл" т?рбие са?аты »

«№39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ











Тәрбие сағатының тақырыбы:


Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл










Сынып: 6 «А» класс

Жетекшісі: Рахимбердина Г.Б.






Семей қ.

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл

Мақсаты: Тарихи-танымдық ойын арқылы оқушыларды қазақ хандығының тарихымен

таныстыру. Қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру,

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Отанын сүюге,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер

Түрі: Топтық жұмыс (3 топ арасындағы сайыс)

Барысы:

1.Сәлемдесу. «Шаттық шеңберін» құру. Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер айтады. Тілек «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толу мейрамына орай .........тілеймін» сөзімен басталуы керек деген шарт қойылады.

Сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері айтылады.

Топқа оқушыларды бөлу. «Тәуелсіздік», «Егемендік», «Бірлік» топтарына бөлу. Әр топ өз тобының ұранын және топ ережесін құрады.

Сергіту сәті. Оқушылар өздері дайындап келген өлең жолдарын оқиды.

1-ші оқушы:

Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

2-оқушы:
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

3-оқушы:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

4-оқушы:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!


Оқушылар сайыс ережелерімен таныстырылады.

I. Сұрақ – жауап. «Кубик лақтыру» ойыны ойналады. Әр топ кубиктің жағын таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа топ мүшелеріне стикерлер беріледі. Стикер саны бойынша ең көп сұраққа жауап берген топ анықталады.

1)Аңыз бойынша қазақ хандығының арғы атасы болып кім саналады? (Алаш)

2)Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? (Жошы)

3)Қазақ хандығының іргесін қалаған алғашқы хандар (Керей мен Жәнібек)

4)Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды? (Батыс Жетісу жерінде)

5)Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (Мұхаммед Хайдар Дулати)

6)Қасым ханның заңдары (Қасым ханның Қасқа жолы)

7)Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)

8)Қазақ сөзінің мағынасы (бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді)

9)«Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)

ІІ. «Суретте кім?». Оқушыларға интерактивті тақтада қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен қазақ хандары, батырлары көрсетіледі.

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен Керей мен Жәнібек сұлтандары туралы тарихи мәліметтер айтылады. Әрбір топ өздері дайындап келген баяндамаларымен және презентацияларымен таныстырылады.

Топ мүшелері бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Бағалау «Бес саусақ» әдісімен бағалайды.


IIІ. Жасырын ұяшық. Тақтада 4 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген. Жауап берген топ ұпай санына ие болады.


Тәуелсіздік

10

20

30

Егемендік

10

20

30

Бірлік

10

20

30


«Тәуелсіздік» тобына:

10- Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

20- «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды?(Тәуке)

30-Жәнібек ханның баласы. Бұл ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 1млн-ға жетті (Қасым хан)

«Егемендік» тобына

10- Ұлы жүздің биі (Төле би)

20-90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген би (Қазыбек би)

30-93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген би (Төле би)


«Бірлік» тобына:

10- Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасыл)

20- Түркістан өңірінде, Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген батыр (Бөгенбай батыр)

30- Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев бұл батырдың ерлігін дастанында жақсы бейнелеген (Батыр Баян)


Үш топқа сұрақтар:

10-Қабанбай батырдың әйелі (Ғауһар)

20-Кенесары ханның қарындасы (Бопай)

30-Абылай ханның қызы (Айтолқын)



IV. “Сандар сөйлейді”. Математикалық лото. Бұл бөлімде интерактивті тақтадан есептер көрсетіледі. Есеп шешілген соң, шыққан санға сәйкес тарихи дата айтылу сұралады.

  1. 4000+220-3000=1120 (Шыңғысхан Отырар қаласын басып алды)

  2. 4000/2-532=1468 (Әбілхайыр хан қайтыс болды)

  3. 728х2+10=1465 (Қазақ хандығының құрылған жылы)

  4. 3800/2+91=1991 (Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы)

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

1) Аты аңызға айналған қазақ ханы (Алаша хан)

2) Қару-жарақ (шоқпар)

3) Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)

4) Астана қаласының символы (Бәйтерек)

5) Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан батыр (Наурызбай)

6) Дана, әділ деген атағы шыққан хан (Тәуке)

7) 21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған (Әйтеке би)

8) Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)

9) Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды? (Құрылтай)

10) XVII ғ. қай мемлекет Қазақстанға қауіп төндірді? (Жоңғар)

11) Ел билеушісі (Хан)

12) Руды басқаратын басшы (Рубасы)

13) Қазақ хандығы ту тіккен жер (Қозыбасы)

14) Қазақ ханы (Мұрындық)

15) Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң (Жеті Жарғы)

16) Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрды? (жеті)

17) Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? (Әбілқайыр)

18) Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адам (батыр)

19) Абылай ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан батыр (Малайсары)

20) Абылайдың лақап аты (Сабалақ)

V. Постер жасау. Тапсырма:

Тәуелсіздік тобына: Қазақ хандығының құрылу барысы.

Егемендік тобына: Қазақ хандығының аумағы мен халғы.

Бірлік тобына: қазақ хандарының жүргізген сыртқы саясаты.

Топ мүшелері постерлерін қорғайды және басқа топтар оны «Екі жұлдық, бір тілек» арқылы бағалайды.


V. Бекіту. Жинаған стикерлерлер бойынша жеңімпаз топ анықталады.

«ББҮ» кестесі толтыру сұралады. «Білдім», «Білгім келеді», «Үйрендім»

Бағандары толтырылады.

Рефлексия. Тақтаға көңіл-күй смайликтерін іледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?аза? ханды?ыны? ??рылуына 550 жыл" т?рбие са?аты

Автор: Рахимбердина Гульдана Берликовна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174979


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства