kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ерлік- елге м?ра, ?рпа??а ?ран"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды адамгершілікке, Отанын с?юге, оны ?ор?ау?а баулу,Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру, олар?а патриотты? т?рбие беру.?лкендерді ??рметтеп, со?ыс ескерткіштерін са?тап ?ор?ау?а,?астерлеуге ?йрету.Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды адамгершілікке, Отанын с?юге, оны ?ор?ау?а баулу,Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру, олар?а патриотты? т?рбие беру.?лкендерді ??рметтеп, со?ыс ескерткіштерін са?тап ?ор?ау?а,?астерлеуге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ерлік- елге м?ра, ?рпа??а ?ран" »

Сабақтың тақырыбы: «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.Үлкендерді құрметтеп, соғыс ескерткіштерін сақтап қорғауға,қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі,Ұлы Жеңіс жайында айтылған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, слайдтар,соғыс туралы,Б.Момышұлы туралы бейнебаяндар.

Сабақтың барысы: Мұғалім: Аса құрметті біздің батыр ағаларымыз, Ұстаздар, оқушылар бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне мектеп-интернат кітапханашыларымен бірігіп өткізіліп отырған " Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран " жыл атты біріккен мәдени шарамызға хош келдіңіздер!Әлемді дүр сілкіндірген 2-дүниежүзілік соғыстың қасіретін ешкім ешқашан ұмытпақ емес.Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында,өздеріңіздей батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігінің арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұл сұм соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды.

1-жүргізуші:Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр.Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?! Небір төңкеріс, небір көтеріліс,небір жеңіспен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емеспе? Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі-Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарында жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

(бейнебаян көрсетіледі)

2-жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпылмаған шаңырақ кемде кем.Жүз мыңдаған ата-әжелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды.Осы қан майдандамерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік.Олардың ерлік істерін ешкімде,ешқашан ұмытпақ емес.

1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні Болсадағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басын иіп бір минут, Есіне алмақ,сол бір апат қайғыны. (1 минут үнсіздік,орнынан тұрып еске алу.)

2-жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес халқы жан-тәнімен Отанды қорғады.Біздің республикамыздың 1 млн.700 мыңдай адам қару асынып майданға аттанды.Қаншама адам еңбек армиясында, тылда қызмет етті десеңші?!Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

2-жүргізуші: Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып,көздің жасын көл етті.Бұл жылдары жүрегі отаным деп соққан әр азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.Ақ сүт берген анасын қорғады.Самал ескен даласын қорғады.Пәк жүзді арай баласын қорғады.

2-жүргізуші: Жеңіс...Оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,сағаттап, сарыла күтті емеспе?Сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Жеңіс жолында отан үшін от кешкен миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгінгі арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға, апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік.

1-оқушы: Отанға жаулар қаптады

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін

Әлия, Мәншүк,Төлеген

Бауыржан, Қасым, ер Нүркен

Рақымжандай батырлар

Жаулардың көзін жойды олар.

2-оқушы: Бауыржан Момышұлы- қара басы

Халықтың болған адам садағасы

Бауыржан Момышұлы- қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол да бағлан, олда батыр

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

( Бауыржан Момышұлы туралы бейнебаян көрсетіледі)

Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар. (бейнебаян көрсетіледі)

І жүргізуші:Ер есімі-ел есінде,Кір жуып,кіндік кескен жері үшін аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

ІІ- жүргізуші: 1941 жылдан бастап қазақ халқының ұлдары мен қыздары соғысқа аттанды. Солардың ішінде қазақтың батыр қыздары олар-Хиуаз, Мәншүк, Әлия да бар еді. Хиуаз Доспанова-пулеметші, Әлия Молдағұлова- мерген үшеуі де батыр, үшеуі де жүректі

(Слайд көрсетіледі)

3-оқушы Соғысты айтсақ,көңіл қозғар жан сыры

Ойға оралар ұлттық намыс сан қыры

Сонда елестер қыз-қырандар ер жүрек,

Қазағымның Хиуаз,Әлия,Мәншүгі.

Қыздың жолы жіңішке деген қалыпты,

Бұзып өтіп, жауға ойран салыпты,

Бөледі олар ару-ерлік нұрына

Туған елін қазақ деген халықты.



4-оқушы. Есімдері ұрпаққа үлгі әкелді

Сүйсіндірді достар түгіл жат елді

Жан анамның «қара қағаз» қаусатқан

Жаудан кегін, сіңлілері әперді.

Ән мен жырым еткен талай жария

Ұлттық ұран-бізге Хиуаз,Мәншүк,Әлия

Үшеуі де ескерткіш боп толқиды.

5-оқушы Ару қыздар алаулап от кешкендер

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар алаулап от кешкендер.

6- оқушы Қара бұлтқа орап басын күн көкте

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отанының бақыты үшін мерт болған.

Батырларды есіңде ұста,құрметте.

7-оқушы Сен құрметте оны, қарағым

Сен құрметте оны!

Түсіндіңбе, қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын,

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын

Сен, құрметте оны

Түсіндіңбе, қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолда аяғын

Ән: Ақкөгершін

І-жүргізуші: Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны,шыбындай жаны қалғанша шайқасты.Жауынгерлер батырлықтың,батылдықтың үлгісін көрсетті.Осы соғыста Совет Одағының басқа республикаларымен бірге біз- Қазақстан Республикасы да жан аямай жаумен шайқастық.Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.50 миллион адамның өмірін жалмады. Ешкім де,еш нәрседе, ешқашанда ұмытылмақ емес.Соғыс өрті қашанда халық есінде.

ІІ-жүргізуші: 1945 жыл 30 сәуірдің кешінде Жеңіс туы тігілді.Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев болатын.Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.

9-оқушы: Әлия,Мәншүк, қайсар гүлі қазақтың

Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн.

Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы,

Әлия,Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,

Мәңгілік от ескерткіші алауы.

10-оқушы: Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз!Ұлы Жеңіс күнімен!

11-оқушы: Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ, ерлігін айтар, жалғап мұң

Қаншама адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер,

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс! Болмасын!

(бейнебаян көрсетіледі)

Ән хормен: Атамекен

Жүргізуші: Келесі сөзді мектебіміздің кітапханашыларына ұсынамыз.

Құрметті оқушылар , ұстаздар!Міне,Жеңіс күнінің 70жылдық мерекесі шуақты күнмен келіп отыр.Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ,қазақ қыздарының ерлігі қайран қалдырады.Қазақ қызынан ұшқыш та ,танкист те, барлаушыда, партизан да шықты.Олар аяғына солдаттың керзі етігін киіп Мәскеуден Берлинге дейін шеру тартты.Арайлы таңы алда болса да,сұрапыл соғыс өз ортасынан жұлып әкеткен қаншама ер-азаматтың орнын жоқтатпаған.Әлия,Мәншүк,Хиуаз сияқты батыр қыздарымыз ерлігімен танылды.Олар «Бір жағадан бас,бір жағадан қол шығарып» майданға аттанды.Олардың ішінде Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов,Р.Қошқарбаев,Т.Бейгелдинов т.б

Жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңіске 70 жыл атты ашық тәрбие сабағымыз аяқталды.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.Жер бетінде тыныштық болсын!Түнде ұйқымыз бұзылмасын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Ерлік- елге м?ра, ?рпа??а ?ран"

Автор: Шайхина ?анапия ?ажым?рат?ызы

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211495


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1580 руб.
2260 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства