kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!

Ма?саты: Отанды с?юге, байлы?ын ?ор?ау?а, болаша?та.

Отанымыз ?аза?станды ?ркендетуге білімді адамдар керек екенін т?сіндіру. О?ушылар?а биыл?ы жыл-Т?уелсіздікті? 23 жылды?ы екендігін т?сіндіру. Егеменді елімізді? жетістіктері туралы таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!»

Тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Мақсаты: : Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Оқушыларға биылғы жыл-Тәуелсіздіктің 23 жылдығы екендігін түсіндіру. Егеменді еліміздің жетістіктері туралы таныстыру.

Барысы

Көрініс: «Егемендік деген не?»

- жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар, келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Ой да ортақ, той да ортақ дегендей Сіздердің назарларыңызға «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Күндер өтті кешегі

Жігер құм боп жасыған

Несіне оны жасырам?

Гимініміз бүгінгі

Баға жетпес асыл ән

---- ГИМН орындалады

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне,Тәуелсіздік ағайын.

Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр.


Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Қамышбаева Шолпан Сәрсейтқызына береміз.


Иә, бүгін үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толып отыр. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады. Бұл уақыт көші, өмір көші. Көңіл оянып, сана серпілді, сенім пайда болды. Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.23 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен өтип келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейгке жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Биылғы жыл қазақ халқы үшін ерекше қуанышқа толы жыл болды. Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген, қазақ перзенті, бүгін 23 жаста. Тәуелсіздік сенің абыройың, намысың, иығыңдағы қалқаның, маңдайыңдығы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

Биылғы жыл қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл.Ғасырға бергісіз 23 жыл күллі қазақтың арман тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған жыл,


  • Қазақ халқы Ассамблеясына-20 жыл толды.

  • Қазақ хандығына -550 жыл

  • Конституцияға 20 жыл

  • Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Аимбетов ғарыш кеңістігінен аман оралды.

  • Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр.

-Қайсар : Ежегодно 16- декабря

-Шынар

Казах и сын казаха я

Благословенна мать моя,

Что жизнь могла мне подарить

Вскормить бесценным молоком,

Я научила говорить родным

Казахским языком

-Мейіржан: Родина это-самое...................

-Жүргізуші:

Қазақстан –туған отан , алтын бақ

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап,

Қазақстан –көпті көрген қария,

Қазақстан- мейірім , ана, жер қымбат.

Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып,

Қазақстан бізді туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен, Жайнай бер сен Мәңгілік»


Міне, тәуелсіздік деген осы. Енді желбіреген көк туымыз, айбынды Әнұранымыз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

Элянора:

---- Мерекенің бірі бұл

Ерлік елдің үні бұл

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік күні бұл

Бекарыс :

--- кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқы жетті

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің!

--Темірлан:

-Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата- баба рухына

--Қадір:

-Қазақ елім туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

-Ертегін:

----- Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

-----хор «Көк тудың желбірегені»

Мейіржан:

-----Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елімнің

Айым:

Қайсар:-----

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

бәрін кешті басынан

----Ермахан:

- Рәмізім елдігімнің белгісі

Білу керек бал дағы ең кіші

Рәмізім әнұран ту, елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жан кісі.

Жанасыл:

------он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Жансая:

-----Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ гүліміз

Ұлпан:

Таңғажайып атыңда дәл табылды

Табылды да талай жұртқа танылды

Туған елім көкке жетті көк туың

Жүргізуші:

----- Тәуелсіздік тұғырым

Түсіндім кеңіп ұғымын,

Өзің бол енді мәңгілік

Қуанышым да қызығым



СЛАЙД--- Ұлы Жеңіске -70 жыл

---- Елбасымыздың «Нұрлы жол- болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысыанан мерейлі белестер жылы »деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын

---- Хор : «Қазақ жігіттері»

----- Би вальс





----- Айым-------------------

Қазақстан халқы Ассамблеясына -20 жыл

Ассамблеяның ең басты міндеті-еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстантандағы қоғамдық келісім-ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған дұрыс.татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. .Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

Мейіржан: «Тәуелсіздік монументі»

-Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа кеткен екен жыл ағыс

Егемендік ,ел бақыты ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш

Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім, жан –жүректі ұғысқан

Ата-бабам аңсап күткен бақытым

Айналайын Қазақстан- Гүлістан

Ән: Қазақтай ел қайда?

Жүргізуші:

Тәуелсіздік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

Тәуелсіз деген сөзден естілер

Ата-жұрттың арғысы мен бергісі


------ Би ұйғырша: Қыздардың орындауында «»

--------Жүргізуші-Айдын Аимбетов 27 шілдеде 1972 жылы Талдықорған облысы Заря Коммунизм ауылында дүниеге келген.Қазақ ғарышкері Айдын Аимбетов 2-12- қыркүйек 2015 жылы борт инженері болып ғарышқа ұшты..

  • Жүргізуші: Ән : Муз АРТ триосының орындауында ӨЗ елім әнін қабыл алыңыздар.

  • Элянора:

Жылдар өтті тәуелсіздік алғалы

Бостандық еді бабалардың арманы

Көк байрағым Отанымның желбіреп

Нұрлы болсын қазағымның нұрлары

-Жансая:

Қазақстан бағыстан мақтанымсың

Жүрегімнен жыр тасып ақтарылсын

Бостандықтың бұғауын бұзып шығып,

Азаттықтың ақ таңы атқаны шын

----Қазақ хандығына 550 жыл

---- Жүргізуші:

Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттқ туын тігіп,Орда құруын ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынты –үмітін жүзеге асырды.Екіншіден суы мол, топырағы құнарлы,жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудің ағашының басы жеміс екен» десе екі сұлтан келіп, орналасқан жері шу туралы : « Ей Шу, атыңды теріс қойыпты.» Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас деген екен.

-Жүргізуші:

Рухы мен тілін жанындай сүйген

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген

Аталар болды алаулы

Армандай асқар,жолдарға бастар

Ізіңнен ұрпақ от алар,Қалмайсың көштен

Шықпайсың естен, тағдыры шыншыл аталар.

---- корініс: «Сұлтандар кеңесі»

Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді.

Мейіржан:

----- Би: «Вальс»

-----Конституцияға 20 жыл слайд

---- Жүргізуші:

Шұғылалы шуақ ойнап, биіктерден естіледі. Тұңғыш рет Призидент сайланып, мойындады барлық әлем бүгінде – Тәуелсіз Қазақстаным!

Астананың қай тұсына қарасаңыз да мерекелі алаңдағыдай сан түрлі ту самғап тұр биікте. Солардың ішіндегі көгілдір көкпен таласқан, аспаныма жарасқан көсегемнің көк Туы, айбынды күштің алауы, Республика жалауы!

Ежелден еркіндік аңсаған еліміз, қаншама қазынаның құт мекені – жеріміз оспадар жандардың оқпанына түсіп кеткені айдай әйгілі болды емес пе бүгінде, әділдік жеңеді екен түбінде! Тәуелсіздік үшін тәнін де, жанын да пида еткен, құс тұмсығындай қысқа ғұмыр кешкен қыршындарды қалай ғана мақтан етпеске?

---- Хор : «Жаса Қазақстан»













Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шалқар ауылы

Құрөзек орталау мектебі











Ашық тәрбие сағаты

Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!



















Өткізген мұғалім:

Мушанова Жадыра Кунболатовна

2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!

Автор: Мушанова Жадыра Кунболатовна

Дата: 29.06.2016

Номер свидетельства: 336496


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства