kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елім деп е?іреген ерлер..." Ашы? тірбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

б?л ашы? т?рбие са?атын ?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздік алу жолында?ы ерж?рек батыр ?л-?ыздарымызды? ергіліне арналады.

Сыныбы: 7 «А»

Сынып жетекшісі:Сатыбалдиева Гулзада

Ма?саты: О?ушыларды? ойында елжандылы? сезімін ?алыптастыра

отырып, ту?ан елі мен жеріне деген с?йіспеншілігін т?рбиелеу, тіліміз бен

тарихымыз?а ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елім деп е?іреген ерлер..." Ашы? тірбие са?аты »


Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Жетібай селосы № 3 орта мектеп



Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Елім деп еңіреген ерлер»

Сыныбы: 7 «А»

Сынып жетекшісі:Сатыбалдиева Гулзада


Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра

отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен

тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;


Барысы:

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 7 «А» сыныбының Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткезгелі отырған «Елім деп еңіреген ерлер» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын ,-дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!

1-ж: Бүгін еліміз өз Тәуелсіздігінің 20-белесіне көтерілді. Біз үшін бұл– мемлекеттік маңызға ие айтулы мерекелердің бірі. Осы тұста Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасы мен егемен елдің әрбір ұланына арқалатар ауыр жүгі туралы еріксіз ойланасың...

2-ж: Тәуелсіз 20 жыл!

Туыңды биік ұстадың.

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер,жаса,

Тәуелсіз Қазақстаным!


1-ж: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.


2-ж: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген,

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.


1-ж: Елім сонда жаудан қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған,жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.


Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»

2-ж:Рас, кезінде: «көшпелі ғұмыр кешкен қазақ жұртының ешқашан төл мемлекеті болған емес, Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан егемендікке кездейсоқ қол жеткізді, Тәуелсіздік деген – қазаққа көктен түскен тосын сый болды» деп сәуегейлік еткендер де табылды. Алайда мұның мейлінше жаңсақ пікір екеніне қатпарынан қаны сорғалаған қазақтың қарт тарихы куә.

1-ж: Шын мәнісінде, «мың өліп, мың тірілген» осынау жанкешті, қаһарман халық өз бостандығын «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып», «тебінгісі терге шіріп, терлігі майға еріп жүріп» есте жоқ ескі замандардан бері қорғап келген, қорғап қалған.

2-ж: Егемендік иесі – «мен» деген сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көген көз

Мінбелерден айбарланып сөз алған.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні

«Егеменді» деген сөзден естілер,

Ата – жұрттың арғысы мен бергісі


1-ж: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Тәуелсіздігімізді тәу етіп,егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 20 жыл толғалы тұр. Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар мектебімізде жалғасып жатса,біздің сынып арасындағы «Біз - тәуелсіздіктің болашағымыз» атты әдеби-театралдық қойылымды тамашалаңыздар.


1-Оқушы: М.Шаханов. «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдыретті төрт ана

Туған жері -түп қазығы ,айбыны

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы,салт-дәстүрі- тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Жаңа Туған тарихы

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі,қасіретті болса да

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер

Өзге ананың ұлылығын танымас.

Төрт анасын менсінбеген пенделер

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздық басы қайда қалмаған

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті төрт ана –тағдырыңның тынысы-

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы.


2- Оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,кімдер құрбан болмады.


3- Оқушы: Ия, тәуелсіздікк көз тастап қарайықшы.Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болмады.


4- Оқушы: Абылай заманы ,батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны толғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.


5- Оқушы: Ақтандақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.


6- Оқушы: Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!


7- Оқушы: Иә, Ұлы отан соғысы жылдарындағы бүкіл халықтың жүрек жарды ұраны еді. Қашан да өршіл , намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы осы Ұлы Отан соғысы жылдарыда аянбай еңбек етті.


Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».


8- Оқушы: 1986 жылдың 16 желтоқсаны .Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі.


9- Оқушы: Тарихым жатыр тасында

Тіл қатып келер ғасырда

Азаттық дейтін ұғымның

Желтоқсан тұр қасында.


10- Оқушы: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.


11- Оқушы: Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.


12- Оқушы: Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылы 16- желтоқсанда жер-жаһанға жария етілді.


13- Оқушы: Атамекеніміздің жер көлемі-2717 мың шаршы шақырым.


14- Оқушы: Осынау қасиетті топырақта өніп-өсіп жатқан халқымыздың бүгінгі саны -16 млн 480 мың-ға жетті.


16- Оқушы: Кең байтақ Отанымыздың жүрегі - Астана қаласы.

17- Оқушы: Қазақстан!Пай-пай-пай ! Ардағым –ай!


18- Оқушы: Сен менің шолпанымсың жанған удай.


10- Оқушы: Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт.


19- Оқушы: Шарықта,шарла көкте,көк байрағым.


20- Оқушы: Өлеңмен алтын шашақ ,шоқ байладым.


21- Оқушы: Өмірімізді ,өзімізді көріп

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап

Әнімізді,жырымызды тыңдап

Өзімізді, сөзімізді тыңдап.


Бірге : Бұл - қазақ дейді !

1-ж: Қос ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ қазақ емес ,

Нағыз қазақ- домбыра!


2-ж: Өнер-білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы,жаман болса,бала-солардан-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, жастайынан өнер мен білімді қатар меңгеріп жүрген сыныбымыздың күйшісі-Орынбасар Берекетті « » күйімен

ортаға шақырайық.




2-ж:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.


1-ж:Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәтіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды. Ал, бұл күн қазақ жүрегінде жазылмастай ауыр із қалдырды:


Оқушы: Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн


Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.


Оқушы:Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.


Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.


Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.


Оқушы Алматының алаңына бар студенттер жиналды,

Ақсақалы қазағымның амал таппай қиналды,

Қырылды жастар,аямай ұрды ұл-қызына қарамай,

Апарып тықты абақтыға ешқайсысын аямай.


Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,

Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.

Аямады ешқайсысын,ереуілді бастаған,

Қанішерлер жастарын қазақ отына ажал тастаған.


Бірақ-бірақ уақыт бәрін дегенімен жасады,

Колбин түсіп,орнын оның Назарбаев басады.

Ереуілге шыққан жастар үміті орнын тапты ғой,

Қаншама жан,қаншама қан бұл күн үшін төкті ғой.


1-ж:Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.


2-ж: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.



Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.


1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған

энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев

әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің

жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.


2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,

армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі

шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің

де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін

дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.

26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-

намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына

училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен

педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова

жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның


4-оқушы: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.


Көрініс: Қайрат тергеуші алдында

Автор: ҚазақССР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот колегиясы 1987 жылы 16-маусымдағы үкімімен Қайрат Рысқұлбековты Қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза- өлім жазасына кесті.

Тергеуші:- Ақымақ, әкетіңдер, атыңдар! Көзін құртыңдар!


Солдат:- Айыпкер, ақтық сөзіңді айт!


Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,

Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.

Жазықты емеспін, қайталай берем несіне

Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит, не деген өткір едің,

Ине сұқтым тырнағыңа,

Өлердей ғып, тепкіледім.

Алдап-арбау тәсілімен,

Мойындата алмадым


Қайрат: Мойындата алмайсың.


Тергеуші:

Байқа, 87-бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,

Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең

Савицкиді өлтірдің алаңда сен.


Қайрат

:Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.


Тергеуші

: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрі бір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.

Паспортыңды атуға даярлаймыз.


Қайрат:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қагаз алдым қолыма.

Жiгiттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сiз секiлдi асылдар.

Қартайғанда жүрегіңдi жаралап,

Кесiр болды-ау, бiз секiлдi масылдар.

Айналайын, ағалар мен жеңгелер,

Бұл өмiрде сiздерге кiм тең келер.

Сүмiрейiп сот алдыңда отырған,

Бауырыңды ендi кiмдер ескерер.

Өздерiңе аман-саулық тiлеймiн,

Өздерiңмен бiрге болсын тiлегiм.

Өздерiңе тiл қата алмай, достарым,

Қайғы-мұңлы өмiрiмдi бастадым.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кiсен, мен айдауға барамын.

Қайгы шегiп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?..

Айналайын, iнiшегiм, құлыным,

Сенi ойласам үзiледi жұлыным.

Сенiң ерке ақ жүзiңдi көре алмай,

Кетiп барам мен айдауға, құлыным.

Қош болындар, ағайын-туыс бәрiң де,

Қош болыңдар, жасыңыз да кәрің де.

Қараңғылык баста тұрмас кашанда,

Бостандықта кездесемiз әлi де...

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең ....

Атам десең, атам десең атыңдар!!!



Автор:Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.

Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.


1-ж:Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.


Хор: «Желтоқсан желі»


2-ж:1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.


1-ж:Қанат жайдың егеменді халық боп,

Жолымыз да айқындалды жарық боп.

20 жылда еңсемізді көтердік,

Мойнымызға жүк артқанмен нарық көп.


2-ж:Әуелеттік Әнұранды аспанға,

Туымызды тіктік биік асқарға.

20 жыл болды Елтаңбамыз жарқырап,

Тәуелсіздік бізге есігін ашқанға.


1-ж:Өркендедік,ел болдық такемелді,

Тереземіз өзгелермен теңелді.

Елім менің Ата заңын ардақтап,

Еркіндіктің шуағына бөленді.



Оқушы: Жалғыз Отан -адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерді сүйеді ғой.

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған,

Ербол,Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.


Сәбира,Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.


«Отан-Ана, оттан да ыстық» деген,

Туған жер-тіршіліктің тірегі ғой.

«Менің Қазақстаным» деп шырқалған-

Асқақтаған Алаштың үні еді ғой.


Оқушы:Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2717,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.



Оқушы:Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін.


Оқушы:Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев

Аспан түсіп туымыз желбіреді,

Шықты және теңгеміз – ел біледі.

Әнұран да, Елтаңба - өзімдікі,

Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!


Оқушы:20 жыл болды шуақ шашып кұніміз,

Қайта оралды қасиетті дініміз.

Бодандықтың бұғауынан босады,

Бабалардан мұра болған тіліміз.


Азаттық ап ұлы Отаным-бесігім,

Ашқаннан соң тәуелсіздік есігін

Ардақтадық арыстарды бір кезде,

Атауға да қорқатұғын есімін.


Қалған мәңгі көкіректе сақталып,

Арыстардың аты шықты ақталып.

Ахмет пен Жүсіпбекті танып біз,

Мағжандардың жалын жырын жаттадық.


Оқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Оқушы:«Қазақстан-2030» бағытымыз,

Саясатпен жақындап алысымыз.

Републикам елдердің алды болсын,

әрқашан алға бассын әр ісіміз.


Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр –ағаның.


Көпшілігім кемімей толсын деймін,

Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.

Келешекте Қазақстан Республикасы-

Орта Азияның «барысы» болсын деймін!!!



Оқушы:20 жыл толды, мінеки, бостандыққа,

Кенелді қазақ халқым мол бақытқа.

Көк асапанда желбіреп көк туымыз,

Өмір сүріп келеміз біз жұмақта.

Құтты болсын!-айтамын шын жүректен,

Құлатпа туыңды енді желбіреткен.

Екі мыңның отызына жетпей-ақ,

Барыс болып кеткейсің сен,секіріп.


Оқушы:Тәуелсіздік-қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік- жойылуы азаптың.

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.


Жерімнің жаңарды да бас қаласы,

Көркейді кербез сұлу Астанасы.

Өркендеп, өрлей түсті мәдениет,

Жаңғырып,асқақтады әдебиет.


Қазақстан-асыл анам,алтын анам тірегім,

Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.

Туған жерім- тәуелсіз Қазақстан бесігім,

Өркендету- басты арман-тілегім.




Оқушы:Қазақ деген халықтың баласымын,

Алда талай алынар бар асуымын.

Арман жолы-жүрерім,бақыт жолы,

Мүмкін емес сол жолда адасуым.


Қайран елім, қара нарым өзіңсің,

Тарих жүгін арқалаған төзімсің.

Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде,

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.


Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,

Еркін жұртпын, байқалмайда кемдігім.

Шайқалмасын іргең мәңгі , Отаным,

Жаса,жаса, азаттығым, теңдігім!


2-ж:Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз,

Мерекенің қарсаңында текке қарап тұрмаймыз.

Бәріңізді, бәріңізді құттықтап,

«Егемен Қазақстан » деген әнін силаймыз.


Ән: «Егемен Қазақстан!»


1-ж:Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болған ана тіліміздің киелі болғанын, ата тарихымыздың жүйелі болғанын айтамыз.

Дәл бүгінгі тәуелсіздік үшін күрескен бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алмай отыра алмаймыз.

Ел болдық , егемендік алдық...

Тау шыңы,

Теңіз айдыны....

Қырларың, әнші құстарың-

Бақытым менің барлығы-

Барлығы-Қазақстаным!


2-ж:Өзіңдікі­­­­- Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік-төріңде!

Асқар тау да – сенікі,

Бақша-бау да-сенікі.

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі

Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа,суың да

Жаса, Қазақстаным

Белді бекем буын да!


1-ж:Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күні, мерейтой.


Ән----- «Қазақтай ел қайда?»


1-ж:Желтоқсанның құрбандарымәңгілік,

Жадымызжа сақтаймыз жандырып.

Ләззат,Қайрат есімдерін ән қылып,

Есімізді қалдырамыз мәңгі қып!


2-ж:Қазақстан-қасетті гүл бағым,

Бақытыңды,шаттығыңды жырладым.

Тәуелсіздік таңы болсын баянды.

Саған ғана кеудемдегі нұр жалын!


1-ж:Құрметті ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!


2-ж:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Елім деп е?іреген ерлер..." Ашы? тірбие са?аты

Автор: Сатыбалдиева Г?лзада Б?ркіт?ызы

Дата: 31.10.2015

Номер свидетельства: 246239


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства