Просмотр содержимого документа
«Досты?-?ымбат ?мірде»
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Достық-қымбат өмірде»
2-сынып
Тақырыбы: Достық-қымбат өмірде
Мақсаты: «Достық» деге ұғымды өз ойынан айта отырып өзінің ішкі жан дүниесімен бөлісе білуін қалыптастыру.Бастаған істерін аяғына дейін жеткізу, бір-біріне ақыл кеңес беріп, бірлесе шешімге келе білуге баулу.Мақал, өсиет сөздерді қолдана отырып, жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету.Адал дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, жағдаяттарды талдау, шығармашылық жұмыс, ертегіні сахналау.
Көрнекілігі: ақ қағаздар, интертақта, т.б
Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау
Жаңа сабақ.
Оқушылар, біз барлығымыз орындарымызға тұрып, шеңберіміз қандай тамаша!
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз.(қимылмен көрсету)
Дұрыс айтасыңдар.Адамдардың бір-бірімен ауызбіршілікті, тату болуы, ынтымақта өмір сүруі өз қолында.Бүгінгі тәрбие сағатымызда достықты сақтау мен нығайтуды, оның қадірін түсіне білуді, достарды қолдауды үйренеміз.Яғни, бір сөзбен айтқанда бүгін біз достықты жырлаймыз.Дос болу үшін қандай қасиеттер керек?Адам бойындағы жақсы қасиеттер: адалдық, қамқорлық, сыйластық т.б.
Жақсы, оқушылар ертеректе, ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
- Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
- Достықтың 2 түрі болады.Бірі-адал достық, екіншісі –алдамшы достық.-дейді.
Балалар достықтың екі түрі болады екен.Оны қалай ажырата аламыз?.Адал достық –өмірлік серігің, алдамшы достық-ол өте қысқы болады.Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз.
Көрініске назар аударайық.Мұқият қарап тыңдап отырыңдар.Қазір сұрақ қоямын.
Алғашқы жауын жауғанша.
Эленора мен Ұлжан тату дос болатын.Олар мектепке де бірге баратын.Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті.Эленораның үстінде сырткиімі бар еді, ал Ұлжанның сабақ киім ғана болатын.
-Сырт киіміңді шеш берші, екеуіміз бірге жамылайық!- деді Ұлжан.
-Шеше алмаймын, үстім су болады!-деді Эленора.Мектепке келгенде мұғалім «Эленораның үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың.Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.«Эленораның плащы болды, ал менде сабақ киімім ғана болды»- деді Ұлжан.Екеуің жамыла алатын едіңдер ғой.Сендердің достықтарың осы ма?
Оқушылар Екеуінің достығын қай достықтың түріне жатқызар едің?
Жағдаяттарды шешу.
1оқиға
Сыныптастарыңның біреуі ауырып, ауруханада жатып қалса, оған қалай көмектесер едің?
Сыныптасым ауырып қалса, мен ауруханаға барып, халін біліп, көңілін көтеріп кетер едім.
Ал, мен болсам, жеміс-жидек, шырын апарып, қызықты кітаптарды оқып беріп, сабағына көмектесер едім.
2оқиға
Егер жақын досың сатып кетсе, не істер едің?
Егер де менің жақын досым мені сатып кетсе, мен оған бәрін айтып тастап, араласпай кетер едім.
Жақы досым сатып кетсе, мен оған сырымды айтпай, жай сөйлесіп жүрер едім.
3оқиға
Саған досың өкпелі.Неге екені білмейсің?2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
-Жақсы, балалар сендер қалай ойлайсыңдар, достық қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана болады деп ойлайсыңдар ма?Жоқ, достық тек адамдар арасында ғана емес, жан жануарлардың, аңдардың да арасында болады екен.ормандағы жануарлардың достығын тамашалайық.
Үйшік Орыс ертегісі
Ерте- ерте ертеде бұл оқиға орманда болған еді.Ашық алаңқайда кіп кішкетай ескі үйшік тұрған.Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.Ол тоқтап:
--------------------------------------------------------------деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіре жүгіріп бақа келеді.
----------------------------- деп сұрайды.
-Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
-Мен бақылдауық бақамын.
- Кел бірге тұрайық.
Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді.Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.----------------------------- деп сұрайды.
-Мен тықырлауық тышқанмын!
-Мен бақылдауық бақамын.Ал сен кімсің?
- Мен қорқақ қоянмын! - Кел бірге тұрайық.
Қоянда үйшікке кіреді.Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.Ақырын басып келіп, терезесін қағады.--------------------------------- деп сұрайды.
-Мен тықырлауық тышқанмын!
-Мен бақылдауық бақамын.
- Мен қорқақ қоянмын! –Ал сен кімсің?
- Мен қу түлкімін.
-Кел бірге тұрайық.
.Бір күні жидек теріп жүреген аю үйшікке жақын келіп, бар даусымен, ақырып; .--------------------------------- деп сұрайды.
-Мен тықырлауық тышқанмын!
-Мен бақылдауық бақамын.
- Мен қорқақ қоянмын! –
- Мен қу түлкімін. Ал сен кімсің?
Мен қорбаңбай аюмын.
-Кел бірге тұрайық.
Аю ары бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады.Бірақ оның басы енгенімен,денесі сыймайды.Амалы таусылған аю:
Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, дейді.-Жоқ, қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды, қиратасың ғой.Деп іштегілер шырылдайды.Қорықпаңдар түк те болмайды. Деп аю олардың сөзіне құлақ аспайды.Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шыға бергені сол ақ екен, ескі үйшік сықырлап шашылып қалады.Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман есен үйшіктен шығып үлгереді.содан кейін барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.Осылайша достар өздеріне әп әдемі жап жаңа үйшік салып алыпты.Жақсы, оқушылар «Достық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?Осы сызбаларға сызып толықтырайық.
«Дос» деген кім?
«Достықты» неге теңейсің?
Мен досымды...................
Қорытынды.
Ендеше, оқушылар «Достық әлемін» гүлдендірейік.Достық әлеміне жетуіне әркімнің құқығы бар.Ол үшін алдымыздағы гүлге досыңның атын, жаз да тек қана бір тілек жазып, жабыстыр.